Курстық жұмыс Пәні


Жер беті рельефінің маңызы және пішіні



бет3/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1.1 Жер беті рельефінің маңызы және пішіні

Жердің табиғи беті тегіс емес, онда терең, көтеріңкі жерлер және салыстырмалы түрде тегіс учаскелер болады. Табиғи түзілген тегіс емес жерлердің жиынтығы жер беті рельефін анықтайды, ол таулы, төбелі және жазықты болып бөлінеді.


Рельеф пішінінің барлық көп түрлілігі ішінен негізгілерін бөліп алады: тау (төбе), қазан шұңқыр, жота, қойнау және бел жер (1-сурет).
Тау (төбе) – жер бетіндегі дөңес күмбез тәріздес үстірт. Тау қоршаған жерден - 200 м астам, ал төбе 200 м кем көтеріледі. Таудың шыңы, еңісі және етегі болады. Тау (төбе) шыңы деп оның ең жоғары нүктесін атайды. Таудың бүйір бетін еңіс немесе құлама деп атайды. Тау еңістері жайпақ, құлама және тік болады. Өте тік қабырға тәріздес еңіс - тік жар, ал биік тік жар жартас деп аталады. Құламалардың қоршаған жерлерге ауысу сызығы тау табаны немесе етегі деп аталады.
Шұңқыр (ойпат) – тостаған тәріздес тереңдік, тауға (төбеге) қарама-қарсы рельеф пішіні. Шұңқырдың бүйір бетін - еңіс немесе құлама, ал ең төмен нүктесін түбі деп атайды. Шұңқырдың бүйір бетінің қоршаған жерге ауысу сызығын жиек деп атайды.
Жота – бір бағытта созылған және біртіндеп төмендейтін үстірт. Оның еңістерінің қиылысқан сызығы су айырығы деп аталады және ол жотаның ең жоғары нүктелері арқылы өтеді.
Қойнау – түбі бір жаққа жалпы көлбеу түскен жер бетінің бір бағытта созылған тереңдеуі. Қойнау – жотаға қарама-қарсы рельеф пішіні. Қойнау құламаларының қиылысуы су ағар сызығын немесе тальвег түзеді. Жайпақ құламалары бар кең қойнау алқап деп аталады. Тік баурайлы тар қойнау жазық жерлерде - сай немесе жыра, ал таулы жерлерде қапшағай немесе шатқал деп аталады.
Кезең − көрші шыңдар арасында жотада орналасқан жердің төмендеген учаскесі. Қарама-қарсы бағыттарда таралатын екі қойнау кезеңнен бастау алады.


1.2 Жер рельефін горизонтальдармен кескіндеу

Жоспарлар мен карталарда жер рельефін кескіндеу үшін горизонтальдар әдісі қолданылады. Осы тәсілдің маңызы мынамен шектеледі. Жер учаскесінің бетін биіктігі бойынша бірдей аралықтар h арқылы горизонталь жазықтықтармен ойша бөледі. Осы жазықтықтарды Жер бетімен қиыстыру іздері қисық сызықтар түзеді, олар горизонтальдар деп аталады. Горизон­таль — жер бетінің нүктелерін бірдей биіктіктермен жалғайтын бірыңғай қисық сызық.



Тау Шұңқыр

Қойнау

Бел жер

Жота

Жер рельефін горизонтальдармен кескіндеу:


а) горизонтальдар тәсілдерінің мәні;
б) рельефтің негізгі пішіндерін горизонтальдармен кескіндеу

Алынған горизонтальдарды PQ горизонталь жазықтығына жобалайды, сосын сәйкес масштабта жоспарға немесе картаға салады. Жоспарда көрші горизонтальдар арасындағы қашықтық ab = d жатыс деп аталады. Жатыс неғұрлым үлкен болса, құлама тіктігі соғұрлым аз және керісінше. Жоспарда тауды шұңқырдан айыру үшін кейбір горизонтальдарға құлама бағыты бойынша бергштрихтар деп аталатын сызықшалар қойылады. Сонымен қатар, 5 немесе 10 еселі горизонтальдарды цифрлардың үсті әрқашан рельефтің көтеріңкі жағына бағытталған болатындай етіп жазады.


Жердегі горизонтальды кескінделетін учаскеде су бетінің Жердің физикалық бетімен қиылысуынан пайда болған із деп қарауға болады. Жердегі горизонтальға тән мысал ретінде тұрған судың жағалау сызығы қызмет етеді.
Көрші қиюшы жазықтықтар арасындағы биіктігі бойынша h қашықтық рельефтің қима биіктігі деп аталады, ол жер рельефі сипатына және түсірім масштабына байланысты бекітіледі және 0,5 бастап 5 метрге дейін өзгере алады. Сонымен 1:1000 масштабты жоспарларда рельефтің қима биіктігі мынаған тең деп қабылданады: таулы аудандарда − 1 м, жазық жерлерде − 0,5 м. 1:2000 масштабты жоспарларда h шамасы 2 м және 0,5−1,0 м сәйкес қабылданады.
Жоспарлар мен карталарда жердің түрлі заттары мен контурларын белгілеу үшін шартты белгілер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет