Курстық жұмыс Пәні



бет21/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
5.1Нивелирлерді жіктеу

Нивелиргоризонталь көздеуіш сәуленің көмегімен бір нүктенің екінші нүктеден жоғарылауын анықтауға арналған геодезиялық аспап.


Нивелирлерді екі негізгі белгілері – дәлдігі бойынша және конструкциясы бойынша бөледі.
Дәлдігі бойынша нивелирлер дәлдігі жоғары, дәл және 1 км жүріске +(0.5 -1.0) мм, +(4-8) мм және +15 мм сәйкес аспайтын қате жасайтын техникалық болып бөлінеді.
Нивелирлер конструкциялары бойынша үш типке бөлінеді:

  1. көздеу осі цилиндр деңгейлеуіштердің көмегімен горизонталь күйге келтірілетін (Н 1, Н 2, Н 3, НВ-1, НТ) нивелирлер;

  2. өзі орнатылатын горизонталь көздеу сызығы болатын нивелирлер (НС 2, НС 3, НС 4, НТС);

  3. көлбеу көздеу сәулесі бар нивелирлер (НЛС, НЛ-3).

Геодезиялық жұмыстар практикасында цилиндр деңгейлеуіштері бар (Н 3, НВ-1 и НТ) нивелирлер анағұрлым кең таралған.


5.2 Цилиндр деңгейлеуіштері бар нивелирлердің құрылысы

Цилиндр деңгейлеуіштері бар нивелирлердің негізгі бөліктері: дүрбі, цилиндр деңгейлеуіш және үш көтергіш бұрамалары бар тіреуіш (трегер) болып табылады. Егер осындай нивелирлерде көздеу осі және цилиндр деңгейлеуіш осі параллель болса, онда деңгейлеуіш үлбіреуігін ноль-пунктке келтіргеннен кейін көздеу осі горизонталь күйге келеді.


Нивелир НЗ. Жоғары айналатын бөлігі (27-сурет) өзіне дүрбі корпусын тасиды. Корпуста түтіктің көру шегіне деңгейлеуіш үлбіреуігі шеттерінің кескінін беретін цилиндр деңгейлеуіш пен призмалы құрылғы орналасқан лықсу болады.
Нивелирді жұмыс күйіне алдын ала келтіру үшін аспап орнату (дөңгелек) деңгейлеуішімен жабдықталған.
Дүрбіні рейкаға келтіру үшін қысқыш және келтіргіш (микрометрлік) бұрамалар болады. Іштей фокусталған нивелирдің дүрбісі кері кескін береді. Көздеудің ең аз қашықтығы – 2 м.
Цилиндр деңгейлеуіш көпіршігін ноль-пунктке дәл орнату үшін нивелир дүрбі мен аспап табаны арасында орналасқан элевациялық бұрамамен жабдықталған.
Цилиндр деңгейлеуіш үлбіреуігі шеттерінің кескіні арнайы құрылғының көмегімен түтіктің көру шегіне беріледі. Бұл рейка бойынша өлшеммен бір мезгілде деңгейлеуіш үлбіреуігі орнын қадағалуға мүмкіндік береді (27-сурет).
НВ-1 нивелирі Н3 нивелирінің түп тұлғасы болып табылады және оған құрылысы бойынша ұқсас (1962 ж. дейін Н3 нивелирі НВ-1шифрімен шығарылды). Ең аз көздеу қашықтығы – 3 м.
НТ нивелирі. Нивелирдің айрықша ерекшелігі, бұрын сипатталған нивелирдегідей, трегер орнына шар табанының болуы болып табылады. Горизонталь бұрыштарды өлшеу үшін нивелир бөлік бағасы 1° горизонталь дөңгелекпен жабдықталған. Нивелирде қысқыш және микрометрлік бұрамалар болмайды. Түтіктің ең аз көздеу қашықтығы - 1,5 м.
Нивелирді жұмыс күйіне келтіру үшін аспапты штативтің шар басына қояды және орнақ бұрамасымен жалғайды. Штативті орнақ бұрамасымен түкпілікті бекіткен кезде нивелирді шар басына, дөңгелек деңгейлеуіш үлдіреуігі ортасында болатындай етіп орнатады.


а) б)

28-сурет Н3 нивелирі: а) фокустаушы линза түтігі жағынан көрінісі;
б) Н3 нивелирі түтігінің көру шегі

Н3 нивелирінде көздеу осін горизонталь күйге келтіру үшін түтікте дөңгелек деңгейлеуіш және цилиндр деңгейлеуіш болады. Цилиндр деңгейлеуіш үлбіреуігі шеттерінің кескіні түтіктің көру шегіне беріледі, олар рейка бойынша өлшемдер алу моментінде элевациялық бұрамамен бірігеді (27, б-сурет).




Н3, НВ-1, НТ нивелирлерін тексеру

Нивелирлердің негізгі геометриялық элементтері – түтіктің көздеу осі, цилиндр деңгейлеуіш осі және аспаптың айналу осі - белгілі бір тоғысуларда болуы тиіс (28-сурет).


Нивелирлер осьтерінің дұрыс өзара орналасуының бұзылуынан туатын мінсіз геометриялық сұлбасынан ауытқуды анықтау мақсатында орындалатын әрекеттер тексеру деп аталады.
Деңгейлеуіштері мен элевациялық бұрамалары бар нивелирлерде төмендегілер болуы қажет:
а) Дөңгелек деңгейлеуішті тексеру. Дөңгелек (бекіткіш) деңгейлеуіш осі аспаптың айналу осіне параллель болуы керек.
Тексеру үшін дөңгелек деңгейлеуіш үлбіреуігін көтергіш бұрамалармен ноль-пунктке келтіреді және нивелирдің жоғарғы бөлігін аспаптың айналу осінің айналасында 180° бұрады. Егер тексерілетін деңгейлеуіш үлбіреуігі ноль-пунктте қалатын болса, онда шарт орындалады.
Қарсы жағдайда деңгейлеуіштің түзеткіш бұрамаларымен үлбіреуікті деңгейлеуіш центріне қарай оның ауытқу жартысына ығыстырады, ал екінші жартысына көтергіш бұрамалармен ығыстырады. Осы әрекеттерді тексеру шарты орындалғанға дейін қайталайды.
б) Жіптер торын орнату дұрыстығын тексеру.
Жіптер торының горизонталь жібі аспаптың айналу осіне перпендикуляр болуы керек. Нивелирдің айналу осін дөңгелек деңгейлеуіштің көмегімен аспалы күйге келтіре отырып, тордың горизонталь жібін қандай да бір жақсы көрінетін нүктеге келтіреді (қабырғада немесе рейкада) және келтіргіш бұрамамен әрекет етіп, горизонталь жазықтықта дүрбіні жылжытады. Егер осыған орай тор жібі нүктеден шығып кетпейтін болса, онда тексерілетін шарт орындалады. Нүктені горизонталь сызықтан ығыстырған кезде жіптер торы диафрагмасын бұру арқылы түзету жүргізіледі.
в) Басты геометриялық жағдайды тексеру. Цилиндр деңгейлеуіш осі дүрбінің көздеу осіне параллель болуы тиіс (28-сурет).

29-сурет Нивелирдің принциптік сұлбасы:

Тексеру сол бір сызықты, оның әр шетінен екі қайтара нивелирлеу арқылы жүргізіледі (29-сурет). Бұл үшін ұзындығы 50-70 м сызық ағаш қазықтармен немесе металл істіктермен бекітіледі.
Нивелирді окулярын нүктенің 1 үстіне келтіріп орнатады және оны жұмыс күйіне келтіреді. Нүктеге 2 вертикаль нивелир рейка орнатады. Цилиндр деңгейлеуіш үлбіреуігі кескінінің шеттерін біріктіріп, жіптер торының ортаншы горизонталь штрихы бойынша a1 өлшем жасайды және 1 мм дейін дәлдікпен аспаптың i1 биіктігін өлшейді. Сосын нивелир мен рейканың орындарын ауыстырады, жоғарыда сипатталғанға ұқсас әрекеттер жасап, a2 және i2.алады.
Егер көздеу осі цилиндр деңгейлеуіш осімен кейбір d, бұрышын құрайтын болса, онда рейка бойынша екі өлшем де (a1 және a2) Х кесіндісіне ұлғайтылады (немесе азайтылады). 29-суреттен:
h1 = i1 + X - a1 ;
h2 = a2 -X - i2 .
шығады. Рейка мен аспаптың орнын ауыстырғаннан биікайырым өзгермегендіктен, яғни h1 = h2, онда (57) және (58) теңдеулерінің оң бөліктерін теңестіруге және теңдеуді шешіп, Х шамасын табуға болады:

Екі қайтара нивелирлеу сұлбасы





Нивелирлеуді тексеру сұлбасы: а) ортасынан; б) алға


i1 + X - a1 = a2 -X - i2,
бұдан 2Х = a1 - i1 - i2,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет