Курстық ЖҰмыс пико docx



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата07.06.2023
өлшемі1,38 Mb.
#99498
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Пико.docx

Сызбалы көрнекілік. Сызбалы көрнекіліктің шартты түрде 3 бөлікке
бөлінуіне байланысты, соның ішіненсхема түріндегі көрнекілікті
алдым.Айта кету керек, мұнда тек адамдар, кейіпкерлер тізбегі беріледіде,
олардың өзара байланысы, қатысы көрсетіледі. Жетінші сыныптаға қазақ
əдебиеті пəнінен «Зар заман ақындары» деген схема əкелдім. Бұл жерде
зар заман ақындарыныың есімі жазылған, оқушылар олардың
байланыстарын өздері қарап анықтауы керек болды. Осындай схеманың
да пайдасы мол, себебі бұл схема жаттығу ретінде орны бос схема болып
тжб кезінде (тоқсандық жиынтық бақылау) кезінде келеді. Оқушылар
осыны естерінде сақтап, сол кезде жоғарғы көрсеткіштерді көрсете алады
деп ойлаймын.
7. 
Сурет-түсіндірмелі көрнекілік. Алтыншы сыныптың қазақ əдебиеті
пəнінен, төрт-бес сағатына Абай Құнанбайұлы тақырыбы берілген
болатын. Сол кезде бірден ақынның бейнесін тірілте баяндап, суретін,
портретін іліп талдаулар жасап, сипаттамалар бердік. Бұл көрнекіліктің
пайдасы мол деп санаймын, себебі ақындардың түрін естерінде сақтап
қала алады, сонымен қатар сөзбен сипатталған қасиеттерді адам
бейнесімен салыстырып, қарап, елестете алады деп санаймын.
8. 
Оқушылар қолынан жасаған көрнекіліктер. Ең ұтымды да нəтижелі
көрнекіліктерімнің бірі болды десек те болады. Бізге бекітілген ашық
сабақтар өткізу барысында жиі қолдандым. Жетінші сыныптар
белсенділік таныта былді. Топтық жұмыс беріліп, əр топтың алдарына
критерийлерін таратып бердім, сол критерйдің барлығын орындап,
жоғарғы баға алу мақсатында олар класстер құрады. Жай класстер емес,
талаптардың бəрі қамтылған, əсемделіп жасалған класстер құрды.
Эстетикалық жағынан да баланы жақсы тəрбиелеуге септігін тигізді деп
санаймын. Оқушылар өз қолдарымен жасау барысында ақпараттарды
естерінде сақтап қалады, өздерінің топтарына деген қарым-қатынасы арта
түседі, эстетикалық тəрбие қалыптасады. Алдағы уақытта да осы
көрнекілікті қолдануға тырысатын боламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет