Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы эстетикалық тәрбие беру» Топ студенті: Оқытушы: (қолы) Қорғау күні: 2022 ж Бағасы: мазмұны кіріспе І эстетикалық ТӘрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері


ІІ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ



бет4/6
Дата03.04.2023
өлшемі229,01 Kb.
#78851
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
эстетикалық тәрбие негіздеме СОҢЫ (1)

ІІ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бейнелеу өнері пәні бойынша балаларға эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі.
Эстетикалық тәрбие мәселелерін шешудің тиімділігі көп жағдайда бірқатар шарттарға байланысты. Соның бірі - мектеп оқушыларында қарапайым эстетикалық идеялар мен түсініктерді қалыптастыру. Бұл жұмыстың негізгі бағыты - оқушыларды әр түрлі өнер түрлерімен практикалық таныстыру, олардың эстетикалық қабылдауын дамыту, қарапайым эстетикалық пайымдаулар жасай білу. Балаларға бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру процесі әр түрлі көркемдік іс-әрекет түрлерінің бірлігінде жүзеге асырылуы керек: драматизациялық ойындар, ертегілер, белгілі тақырып бойынша әр түрлі әңгімелер құрастыру, өлең шығару немесе оқу; көркем образдың ішкі тіршілігі үшін шығарманың табиғатын және оны көрсету тәсілдерін түсіну үшін музыканы органикалық қосу. Жұмыста ойын әдістерін жүзеге асыру да маңызды.
Эстетикалық тәрбие мен білім, мәдениеттің даму құралдары арқылы жеке тұлғаның жоғары психикалық функцияларының дамуын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылар педагогикасынан даму педагогикасына өтуде ерекше маңызды рөл атқара бастайды. Жалпы білім беретін мектепте қолданылатын оқытудың әр түрлі ұйымдастырушылық формаларының ішінде сабақ өзінің жетекші мәнін сақтап келеді. Тәрбие процесінің тиімділігінің маңызды шарттарының бірі - оқу үдерісін ұйымдастырудың сыныптан тыс жұмыстарында жүзеге асыру. И. Я. Лернер атап өткендей, толыққанды оқытудың маңызды шарты - ұйымдастырушылық формалардың әртүрлілігі.
Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселелерін шешуде дәстүрлі сабақтармен қатар (кіріспе, жаттықтыруды бақылау, аралас, қайталанатын-жалпылау, білім, білік, дағдыларды бекіту сабағы, практикалық жұмыс сабағы және т.б.) сыныптан тыс жұмыстарында қолданылады.
Педагогикалық ғылым мен практика балалардың эстетикалық сезімдердің, қарым-қатынастардың , ой қорытындылаудың, бағалаудың практикалық іс-әрекеттердің қалыптасуына көмектесетін неғұрлым тиімді әдістерді анықтайды:

  • эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;

  • қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдісі;

  • творчестволық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;

  • әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық жағымды ықылас тудыруға және қоршаған дүниедегі сұрықсыздыққа жеке көре қарауға ояту әдісі.

Эстетикалық тәрбиеде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Балада эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда, оның қоғамдық мерекелерге қатысқан т.б. кездерінде пайда болады.
Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ сөйлесу әдісі деп санауға болады, өйткені балалардың бақылауларының кез-келгені баланың сезімі мен ойын оятарлық мұғалімнің сол сәттегі немесе кейініректегі түсініктемесімен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлі көркем шығармаларды таңдап, тиісті ситуация мен жан толқынысын тудыра білу маңызды.
Педагог балаларға ұсынылатын материалды жақсы меңгеруі қажет. Оның сөзі нақты, мәнерлі болуы тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың назарын түрлі формадағы әсемдік көріністеріне аударып, тәрбиеші нақты мысалдар арқылы оны "ненің жақсы, ненің жаман" екенідігіне сендіреді.
Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні – баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекететуге үйрету. Жүйелі түрде көркем іс-әрекетке жаттығу, шамасы келгенше таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді.
Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі жағдайларда қолданылады. Ситуацияны өзгерту балаға меңгергендағдыны пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі.
Қазіргі кезедегі педагогика ғылымында сабақтарда "проблемалық" ізденіс ситуацияларын тудыру, әр балаға әр түрлі және жеке-жеке қатынас жасау жолымен қарау қажеттігін қарастыратын көркем білім беру шығармашылығына ерекше мән беріледі.
Белгілі дидактиктер М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер бұл жайында: "… кез келген әдіс қойылған мақсатты, соған сәйкес іс-әрекетті, қажетті құралдарды, объектінің өзгерту процесін, қол жеткен мақсатты (әдісті қолдану нәтижесі) бағдар тұтады" – деп жазады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты және оның міндеттері бағдарламада тұжырымдалған. Көркем іс-әрекет өнердің, әдебиеттің түрлі түрлеріне сәйкестендіріледі және балаларды сурет салуға, билеуге, театр ойындарына т.б. тартуға бағытталған. Мұнда пайдаланылатын құралдарға әдеби, музыкалық шығармаларды, иллюстрацияларды, шағын мүсіндерді, қуыршақ, көлеңке театрларының заттарын, құраққа арналған көркем амтериалдарды және басқаларды жатқызуға болады. Олар іс-әрекеттің әр түрлі тәсілдерін игеруге көмектеседі.
Қазіргі жағдайда мектепте эстетикалық тәрбие беруде мына міндеттер алға қойылып отыр:

  1. Балалардың әсемдікті қабылдаудын, эстетикалық сезімін, елес-қиялын жүйелі дамыту. Өнердің барлық түрлері, табиғат пен тұрмыс бұған көмектеседі, тікелей эмоциялық ықыластылық, қуаныш, толқу, таңдану қызығу тудырады.

  2. Балалардың тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым-қатынасқа әлі келгенше әсемдік элементтерін енгізу қажеттігі мен әдетін баули отырып, оларды өнер саласындағы іс-әрекетке тарту.

  3. Балалардың эстетикалық талғамының негізін және өнер туындылары мен өмір құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру.

  4. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнермен байланыстағы іс-әрекеттері әрқашанда ешқандай зорлықсыз, қуанышты талпыныспен, шығармашылық қиялмен, ынтамен суарылған болуы керек. Бала эстетикалық жағынан неғұрлым дамыған болса, оның көркемдік іскерлігі соғұрлым кеңірек болады.

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмыс тәрбие процесінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру формалары тым сан алуан және оның нәтижелері іс-әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыс мыналарды қарастырады:

  • тұрмыста, еңбек, ойын процесінде қоғамдық және табиғи құбылыстармен таныстыру арқылы қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;

  • өнер құралдарымен эстетикалық тәрбие беру (көркем тәрбие, шығармашылық қабілеттерді дамыту).

Айналадағыларға деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу баланың жеке басының көптеген қасиеттері қалыптасуына көмектеседі. Бұл – жас кезеңдерңн айқын ажырату қиын соғатын күрделі де ұзақ процесс.
Бастауыш мектеп тәрбиенің ең маңызды міндеттерінің бірі – баланы мектепте өнерге даярлау. Сондықтан мектептеге жұмыс мазмұны, онда қазіргі мектеп талаптары және оның даму перспективалары ескерілетіндей болып құрылады.
Баланың мектепке даярлығы оның қажетті білім және дағдылары бойынша жинақтауымен ғана емес, жаңа жағдайда еркін бағдарлау және әркекет ете білунен де көрінеді. Егер педагог оқыту мен тәрбиелеудің әр кезеңінде балалардың бұрын игергендеріне сүйенсе және балаларды бұдан әлдеқайда жоғарырақ сатыларда күтіп тұрған жаңалықтарды бағдар тұтса, бұл жағдайда оның жақсы нәтижелерге қолы жетеді.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оның әр түрлі жас топтарындағы балалар тәрбиесінің жалпы міндеттеріне сәйкес үлгі тұтарлықтай мазмұнын белгілеу, нақтылы таланттарын анықтаған жөн.
Бұл эстетикалық тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездейсоқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа, ұшырамауға мүмкіндік береді, практик-педагогтарға жұмыс жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге қоюға, оның түп мақсатын көруге көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие баланың өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетін қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған. Бұл қасиеттердің көрініс беруін және олардың дамуын қадағалау білім және дағдыны үйретудің нақты нәтижелерінен қиындау.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой, дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұымдастырудың негізгі формаларында: ойын, сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады.
Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Эстетикалық тәрбиесіз – адам болашағы жоқ. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды. Күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасымен әсемдігінен тәрбиелейді. Оқушылардың эстетикалық тәрбие оқу және сыныптан тыс тәрбие іске асырылады.
Эстетикалық білімнің негізі оқу пәндері. Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізінде пайдаланады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген факторлары бар. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектің кезеңінен бастап әдемілікке ұмтылу тән нәрсе. Адамның әсемдікті – жексұрындықты саралай білуіне эстетикалық тәрбие әсер етеді.
Қазақстан Республикасында мектепте оқушыларға тәрбие беруге көп назар аударуда. Соның ішінде мектеп жасында балаларға эстетикалық тәрбие берудің алатын орны зор. Алғаш оқушы мектепке келісімен бала өмірінде, психикасында жаңа өзгерістер болады. Оған алғаш әсер ететін яғни сезімін оятатын, ой-өрісін кеңейтетін сонымен қатар эстетикалық тәрбие беретін біз болашақ мұғалімдер.
Эстетикалық тәрбиенің барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады. Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады. Эстетикалық тәрбиесіз өскен бала болашағын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Эстетика оқушыға қоғамда, үйде, сыныпта яғни адам өмір сүрген ортада қажет.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізгі – оқу пәндері. Бастауыш сыныптан тыс оқушыларды әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулылығын және адам іс-әрекетімен әдемілігін бағалай білуді түсінеді.
Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемділігін танытып, қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді. Мектепте бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.
Сыныптан тыс сабақтарда өте әсерлі сезініп, сезімдерді оятып, музыкада тәрбиелік ынта қалыптастырып, бала тәрбиесіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алып, оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтың тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Бейнелеу өнері сабақтарында да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдары мен өнер, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықты сурет салу сыныптан тыс меңгеру. Жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелу өнері сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді. Бейнелеу өнері пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе бейнелеу өнері сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды.
Кейбір оқушылар жас кезінен-ақ сурет салуға талпынады. Олардың мұндай әдебиеттердің дамуына бейнелеу өнері жасайды. Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры бейнелеу өнері сабағында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыатардың бай эстетикалық сымбатты жөнінде мәліметтер алады.
Бейнелеу өнері сабағында пейзаждың кесіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.
Сонымен, бейнелну өнері пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді. Мектепгегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сабақтағы жұмыс жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық өмір елегінен өткен көптеген формалары бар.
Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореогарфия, бейнелеу өнері т.б. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар.
Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімлер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.
Мектепте бейнелеу өнері пәні негізінде музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармаларымен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады. Шығармашылық конференциялырда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалар, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары туралы құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.
Мектепте бейнелеу өнері сабағында алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өтікізіледі Саяхаттын негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге, ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар қабылданады.
Эстетикалық тәрбие жұмысында көмектесуде мектеп кітапханасының көп мүмкіншіліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері кескіндеме, музыка және өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көремсін ұйымдастырады, әдебиет тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.
Эстетикалық тәрбиенің түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады. Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемілік мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орында оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді. Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастырумен оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады. Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктен адам мен табиғаттың бірлескен әрекетінің күресі, күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын көре білетін, осыдан өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең пайдалануға болады.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарын жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгеруін алдын ала болжау, өсімдіктердің өте дәл тауып қою жатады.
Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік тұрмыстың, әдет-ғұрыптың, еңбектің, әндері мен өлеңдері ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылады.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай. Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісінде қызмет етті. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеу өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін білдіреді. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл аудару мұраттары мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады.
Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің мақсаты, жақтары, ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жай эстетикасы, өзін ұстай білу үлгісі, дене қимылы. С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берген.
Үйелменде ата-аналармен, мектептен тыс оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас баланың күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. С. Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы, шынай қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу – осының бәрі моральдық эстетиканың басты салалары. Әр үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын түс қағаздарын, терезе перделеріне қалай таңдап алуын, бөлмелерде мебельді қалай әдемі етіп орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияқты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыландыру балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымын қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды әдісі эстетикалық сипаттағы әркет іспетті ойын болып табылады. Фребель баланы эстетикалық тәрбиелеуде өнер түрлерінің барлығының да маңызды екендігін атап көрсетті. Оның көзқарасы өзі ашқан бала бақашаларда көрініс тапты.
Көркем эстетикалық жағынан дамыған оқушы бейнелеу шығармашылығында сабақтан сабаққа өткен сайын нақты, айқын, мәнерлі жұмыстар жасаса, керісінше, дамымаған балалар теледидардан көрген кейіпкерлерді: ұлдар "машина", қыздар ертегі мазмұна баяндалатын "ханшаларды" салып, салған суреттері кішкене сәбидің деңгейінде қалып отырады.
Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кезедестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешілігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.
Бейнелеу әрекеті - жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет теді. Бала қолына қарындаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады. Бейнелеу әрекетінің нәтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мәселелерімен айналысып зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді және әлі де толғандыру үстінде.
Бейнелеу әрекетінде қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген бала сурет салу үшін мазмұн таңдауда кең еркіндік алып, оның бастыпқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.
Төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жасауда теориялық талдау қортындылары мен өзіндік бақылауларды пайдалана отырып, оқушының білім, білік, дағдыларын арттыратын бейнелеу әрекетіндегі, яғни сурет салудағы әдіс-тәсілдерді ұсынуды жөн көрдік.
Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Алғашқы жұмыстардың арасынан – ақ сурет салумен жүйелі түрде айналысатын оқушының биік деңгейі мен енді ғана сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соқпайды.
Сол себепті, оқушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірдей ұстау, яғни сурет салу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сбақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатын мәлім.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы сурет салатын оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырыпөткізу тиімді болмақ. Себебі, жақсы сурет салатын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сурет салудың қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.
Бұл жерде сурет салмас бұрын салынатын суреттің ой-түйінін, құрылыстық шешімін айтып, талқылып алған жөн, сонда дайындығы нашар оқушы, жақсы сурет салатын оқушының суретіне қарап көшірсе де өзінің жеке ой-түйінін сақтап қала алады. Ал, суретті жақсы салатын оқушыға көркем бейнені айқындау, анығырақ етіп көрсетуге мүмкіндік беретін бір емес, бірнеше амалдарды қолданыумен байланысты күрделенген тапсырмалар беру қарастырылады. Мысалы, салынған суреттегі бұйымға сәндік өнердегі өрнек түзгіштерін ендіру арқылы безендіріп, суреттегі объектілерге қозғалыс беретіндей етіп, олардың бір-бірімен байланысын көрсетуді ұсынған жөн. Осылайша жұмыс жасағанда мұғалімнің де әрбір балаға жеке тәппіштеп, айтып жптпай-ақ уақытын үнемдеуге мүмкіндігі артады.
Осындай іс-жүзіндегі жұмыстар кезінде сыныпта сурет салу барысында төменгі сынып оқушыларының ойын дамытудың жолы болып табылатын бір-бірімен сөйлесіп, ой бөлісіп қарым-қатынас жасауы да пайдалы. Сол себепті өзімен парталас достарының дер кезінде айтқан кеңесі бейнелеудің кейбір өзіне тән бөлшектермен толықтырылып, байытылып отыруына септігін тиігізеді.
Ойын төменгі сынып оқушыларының назарын белсендіруге, бейнелерді дұрыс салуға деген қызығушылығын арттыруға, эмоциялық көңіл-күйін келтіріп көркемдік шығармашлығын дамытуға өз кезегінде жақсы нәтижелер береді. Кескіндеме түрін зерделеуде, оқушыны шеберлік орындау тәсілдерінің атауларымен таныстыруда ойын түрлерін пайдалануға болады.
Мысалы, суретші сурет салу барысында қандай көркемдік нәрсе-құралдарды пайдаланатындығын көрнекі түрде көрсету үшін, бір оқушыны суретші ролінде ойнатып, қалған оқушылар көрермен ретінде қатысады. Оның шеберханасында сурет салған әртүрлі жанрдағы шығармалар, мольберт, кенеп, түрлі-түсті, әртүрлі химиялық құрамдағы бояулар (акварель, майлы бояу, гуашь, сангина, тушь, пастель, көмір және т.б.) қылқаламның бірнеше түрі, қағаз, қатты қағаз. Көрермен суретшімен сұрақ-жауап арқылы қатынаста шығармамен және ол пайдаланған әр түрлі көрнекі нәрселермен таныс бола алады.
Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану, оқушының сурет салудағы шығармашылық үрдіске енуін белсендіріп, әртүрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет