РАЦИОНАЛ ЖӘНЕ ИРРАЦИОНАЛ САНДАР
Рационал сандар жиыны. 1, 2, 3, 4, 5, . . . натурал сандарын оң бүтін сандар деп те атайды. Натурал сандарға қарама-қарсы -1, -2, -3, -4, -5, . . . сандарын теріс бүтін сандар деп атайды. 0 санын да бүтін сан деп есептейді. Сонымен, бүтін сандар –
натурал сандар, натурал сандарға қарама-қарсы сандар және 0 саны.
Бүтін сандар мен бөлшектер (оң және теріс) бірігіп рационал сандар жиынын құрайды. Кез келген рационал сан қатынасы түрінде (мұндағы бүтін, натурал сан)өрнектеле алатынын,
сонымен бірге, бір ғана санды қатынас түрінде көптеген тәсілдермен жазуға болатынын атап өтейік.
Мысалы:
Иррационал сандар.
Шаманы өлшеу үшін тек рационал сандар ғана емес,
басқа табиғатта, яғни бүтін немесе бөлшек болмайтын сандар да пайдаланылады. Бұндай сандардың бәрі иррационал сандар деп аталады.
квадраты 5-ке, 7-ге, 10-ға тең болатындай рационал сандар жоқ. Сәйкес иррационал сандар √5, √7, √10 арқылы белгіленеді. Оларға қарама-қарсы сандар да иррационал сандар болады да -√5, -√7, -√10 арқылы белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: