Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ирроционал сан. Орындаған: Сабитова Г. М. Мф-23/2 Тексерген: аға оқытушы: Маутеева С. М. Орал, 2022 жыл мазмұНЫ: кіріспе


НАҚТЫ САНДАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет5/10
Дата22.12.2022
өлшемі1,11 Mb.
#59131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
НАҚТЫ САНДАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бірдей таңбалы екі санның қосындысы дәл сондай таңбалы сан болады; бұндай қосындының модулін табу үшін қосылғыштардың модульдерін қосу керек.
Мысалы. (12) + (8) = 20; (-12) + (-8) = -20.
Әр түрлі таңбалы екі санның қосындысы модулі үлкен қосылғыштың таңбасы бар сан болады; бұл қосындының модулін табу үшін үлкен модульден кіші модульді азайту керек. Мысалы. (12) + (-8) = (12-8) = 4; (-12) + (8) = (12-8) = -4:
Бір саннан басқа санды азайту үшін азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек. Мысалы, 12 - (-8) = 12 + 8 = 20; 12 - (8) = 12 + (-8) = 4
Бірдей таңбалы екі санның көбейтіндісі оң сан, ал әр түрлі таңбалы екі санның көбейтіндісі теріс сан болады; көбейтіндінің модулін табу үшін берілген сандардың модульдерін көбейту керек. Мысалы. (-12) ∙(-8)=12∙8=96;
Нақты сандарға қолданылатын арифметикалық амалдардың қасиеттері.














  1. РАЦИОНАЛ ЖӘНЕ ИРРАЦИОНАЛ САНДАР

Рационал сандар жиыны. 1, 2, 3, 4, 5, . . . натурал сандарын оң бүтін сандар деп те атайды. Натурал сандарға қарама-қарсы -1, -2, -3, -4, -5, . . . сандарын теріс бүтін сандар деп атайды. 0 санын да бүтін сан деп есептейді. Сонымен, бүтін сандар – натурал сандар, натурал сандарға қарама-қарсы сандар және 0 саны.
Бүтін сандар мен бөлшектер (оң және теріс) бірігіп рационал сандар жиынын құрайды. Кез келген рационал сан қатынасы түрінде (мұндағы бүтін, натурал сан)өрнектеле алатынын, сонымен бірге, бір ғана санды қатынас түрінде көптеген тәсілдермен жазуға болатынын атап өтейік.
Мысалы:



Иррационал сандар.
Шаманы өлшеу үшін тек рационал сандар ғана емес, басқа табиғатта, яғни бүтін немесе бөлшек болмайтын сандар да пайдаланылады. Бұндай сандардың бәрі иррационал сандар деп аталады.
квадраты 5-ке, 7-ге, 10-ға тең болатындай рационал сандар жоқ. Сәйкес иррационал сандар √5, √7, √10 арқылы белгіленеді. Оларға қарама-қарсы сандар да иррационал сандар болады да -√5, -√7, -√10 арқылы белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет