Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру Пәні



бет2/6
Дата25.05.2023
өлшемі65,78 Kb.
#97154
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гулжазга

Зерттеу базасы:Арал ауданы,Шөмішкөл ауылы №66 орта мектеп
Зерттеу нысаны: 7 сынып оқушылары
Зерттеу пәні: Педагогика (дидактика)
Зерттеу мақсаты: Математика пәні бойынша ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесін теориялық тұрғыдан анықтау
Зерттеу болжамы: Егер математиканы оқыту барысында мектепте сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылатын болса, онда оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
- Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мәселесінің теориялық негіздерін анықтау.
-Математика пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын негіздеу.
-Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырылуын айқындау.
Зерттеу әдісі: Бақылау, эксперимент, теориялық әдебиетті талдау, оқушылардың шығармашылық жұмысы, математикалық әдістер.
Күтілетін нәтиже: Мектеп математикасын оқыту барысында білім сапасын арттыру үшін сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады деген нәтижеге негізделеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тарау, тәжірибелік бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.

I ТАРАУ. МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1. Сыныптан тыс жұмыс туралы жалпы түсінік


Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.


Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Білім мазмұнын әлемдік оқыту жүйесіне теңестіру, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере оқытудың маңызы артуда.Оқушылардың білімін дамыту жолдарының бірі ретінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін Р.Ж.Қоянбаев.,З.Абилова,К.Б.,Бозжанова,Е.Омар, С.Нұрмағанбетов т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырады.Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. [1. 25-26б ]


1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, мақсаты-міндеттері,бағыттары

Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмысын айтамыз.


Кез келген пәнге ынталық тәрбиесін қалыптастыру оңай шаруа емес, сондықтан оны кездейсоқ жағдайларға телу әсте дұрыс емес. Сабақ теориялық және методикалық тұрғыдан қаншалықты жоғары деңгейде өткізілгенімен, бұл бағыттағы сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі де ойлы ұйымдастыра білмеген жағдайда күткендегідей нәтижеге жету қиын.
Сонымен, математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мақсат-міндеттері :
-оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу;
-логикалық ойлауды.тапқырлықты дамыту;
-қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу;
-математикаға қызығушылығын арттыру;
-табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп – мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу жасай отырып оларды мынадай бағыттарға топтастыруға болады:
а) бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар;
ә) математикалық қабілеттері жоғары, математика пәніне қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт: әртүрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып, сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі.
Қалыс қалған оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, яғни аптасына бір немесе екі рет, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушылардың білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіп, әр тақырып бойынша баға қойылуы қажет. Пән мұғалімі әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасау керек.
Екінші бағыт:
а) оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;
ә) бағдарламада қамтылған сұрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту;
б) оқушылардың математикалық қабілеттерін, іздену дағдыларын арттыру;
в) математикалық ойлауын тереңдету;
г) ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалан білуге үйрету;
д) математиканы ғылым мен техникада, өмірде пайдалана білу т.б. мақсаттарға жетуін көздейді. [2. 72б]

1.3 Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстырдың түрлері


Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар– жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбиепроцесінің маңызды құрамдас бөлігі. Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстырдың түрлері:



  • Математикалық газет;

  • Математикалық үйірме;

  • Математикалық викториналар;

  • Математикалық олимпиадалар;

  • Математикалық кештер;

  • Математикалық экскурия;

  • Математикалық әдебиеттер оқу;

  • Математикалық апталық және т.б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет