Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарап, өз біліміне сенуге тәрбиелеу.
Cабақтың түрі: жарыс
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ-жауап топтық жұмыс.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: АКТ-ны қолдану.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ұлағатты сөздер, презентация.
Сайыс кезеңдері: І кезең – «Who is faster?»
ІІ кезең – «True or False»
ІІІ кезең – «Calculation»
ІV кезең – «Logic»
V кезең – «Choose me!»
VІ кезең – «Conclusion»
Жарыс жалпы 6 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп,тапсырмаларды орындап, өздерінің білімді екендігін көрсетті. Сол жарыста қазіргі таңдағы түрлі бағдарламаларды қолданып, логикалық сұрақтар, есептерді оқушыларға қойдым. Олар өздерінің ұшқыр ойлы екенін көрсете білді. Жарыс барысында «Wordwall» бағдарламасы арқылы математикалық ойындар дайындадым. Ол арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. «Тарсия» әдісі арқылы фигура құрастыру, True және False әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылар тосылып қалмады,керісінше бұрын өткен тақырыптарды жақсы меңгергенін көрсетті.Жарыс соңында әділқазы алқасы жеңімпазды анықтап. марапаттады. Оқушылардың білімге деген құштарлығын, пәнге қызығушылықтары артты.
Өткізілген іс-шараның фотоларын қосу керек
Қорытынды
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Математика сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады. Жұмысты осылайша ұйымдастыру оқушылардың математика пәніне ден қойып, оған ерекше ықылас қоюына жол ашады.
Жоғарыда баяндалған жайлардан сыныптан тыс жұмыстар, оның мазмұны мен құрылымының байлығы, әрқилылығы оқушылардың математика пәніне қызығушылығын күшейтуге үлкен мүмкіндік жасайды деп қорытындылауға болады.
Әдебиеттер тізімі.
Бидосов Э. Математиканы оқыту методикасы. Алматы. Мектеп, 1989ж.
А.Т.Умаров, М.И.Ақылбаев,Э.Б.Мүсірепова. «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» оқу құралы. Альманах,2017ж
Әбілқасымова А.Е. және басқалар. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы-1998ж.
Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері. Алматы «Санат»-1998ж.
«Математика в школе» журналы. 2004ж.
«Математика және физика» журналы. 2002-2006ж.
«Қазақстан мектебі» журналы, 2003-2006ж
Қосу керек!!!!!!!
Достарыңызбен бөлісу: |