Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру Пәні



бет3/6
Дата25.05.2023
өлшемі65,78 Kb.
#97154
1   2   3   4   5   6
Математикалық газет. Бұл газеттердің беттерінен математикалық терминдер мен таңбалардың шығу тарихы, әр түрлі халықтар ғалымдарының оны дамытудағы еңбегі көрініс беруі мүмкін. Бұл материалдар оқушылардың математика пәніне құштарлығын арттыра түседі.Газеттер математика ғылымының жетістіктерін насихаттап, оқушылардың таным көз қарасын кеңейтіп, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелейді.Газеттің тақырыбын белгілеуде мұғалім математикалық күнтізбені, үйірменің жұмыс жоспарын, ел өміріндегі айтулы оқиғаларды, шет елдердегі, достық қауымдастықтағы елдердегі жаңалықтарды басшылыққа алады
Математикалық үйірме – математика пәні бойынша ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың мейлінше кеңінен тараған және негізгі түрі.Математикалық үйірме оқушылардың білімін тереңдетуде, олардың математикалық таным мәдениетін және пәнге қызығушылығын арттыратын маңызды құрал болып саналады.
Математикалық викториналар – сыныптан тыс жұмыстың қызықты, еліктіргіш әрі жаппай сипаттағы түріне жатады. Оның оқу-тәрбие ісіндегі орны ерекше және оны әр түрлі кештерде дербес шара ретінде өткізуге болады.
Математикалық олимпиадалар – сыныптан тыс жұмыстардың және оқушылардың жаппай бәсекесін туғызатын тиімді тәсілдердің бірі. Әдетте олимпиадалар математикалық үйірме жұмысының өзіндік қорытындысы да болып табылады. Мұнда оқушылар әр түрлі математикалық мәселелерді еркін талдай білуге машықтанып, алғырлығын танытады, өзінің математикалық дайындық деңгейін байқап көреді.
Математикалық кештер. Тәжірибе математикалық кештердің сабақ барысында алған білімді елеулі түрде тереңдетуге және кеңейтуге, сол пәнге қызығушылық қасиетін қалыптастырып, дамытуға барынша ықпал ететінін көрсетті.Әрбір кештің ағартушылық және тәрбиелік құндылығы ең алдымен оған дайындық ісіне, оны дайындап өткізуге оқушылардың белсенділікпен қатысуына байланысты. Бұл кештер қызықты әрі оқушыларды қалжыратпауы үшін баяндамалар қысқа және мағынасы жағынан да, дикциясы жағынан да мұқият пысықталуы керек.
Cыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі - математикалық апталық. Математикалық апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын, сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге , шығармашылық белсенділігін, ізденпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды.
Ұйымдастырылған апталық және оны дұрыс өткізу маңызды оқу-тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, математиканыңпрактикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың дағдыларын дамыту және олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерінің пайда болуы сөзсіз. [1. 72-73б] .

II ТАРАУ. МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ




2.1 Математика пәнінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру

Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті оқушылармен жұмысты жандандырудың мүмкіндігі мол.Мектепте математканы оқыту тиімділігін арттыру мәселелері және олардың әдістемелік аспектілерін отандық ғалымдар А.Е. Әбілқасымова, Б. Баймұханов, М.Ж. Жадрина, Е.Ө. Медеуов, Ә. Тәжмағамбетов, А. Көбесов және т.б. жұмыстары танысуға болады.


Қазіргі кезде факультативті сабақтарды ұйымдастыру, шындығына келгенде, дәстүрлі сабаққа ұқсап кетіп жатады. Өйткені, педагог факультатив сабақтың күнтізбелік жоспарын жасақтамас бұрын, ол тақырыптың маңыздылығы және оның әрбір бөліміндегі тақырыпшаға аса мән бермейді. Факультатив күнделікті сабаққа ұқсамағаны жөн, оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін дамытатын сабақ болғаны дұрыс. Зерттеу тақырыбымның өзектілігі де осы қажеттіліктен туындап отыр [2. 32-33] .
Факультатив сабақтарының негізгі мақсаттары:

  1. Оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп дағдыларын қалыптастыру;

  2. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып қабілеттерін дамыту;

  3. Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;

  4. Оқушылардың келешектегі кәсіби бағдарлауын анықтау;

  5. Оқушыларды бітіру емтихандарымен ҰБТ-ге дайындау.

Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты – оқушылардың математикалық білімдерін одан әрі тереңдету, қабілетін дамыту, математиканың сан алуан қолданымдарын көрсету, олардың пәнге ынтасын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары енгізіліп, оқушылардың жалпы математикалық даярлығын арттыруда ерекше орын алады. Факультативтік сабақтарды оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдағанда, алдымен курстың мазмұнын, оқушылардың дайындық деңгейін, олардың бағдарламалық материалдарға ынта-ықыласын ескерту керек. Сонымен бірге олардың ой-өрісі мен дербестігіне де назар аударған дұрыс. Әдетте факультативтік курстардың дәріс, әңгімелеу, практикалық жұмыстар, қосымша әдебиет бойынша тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу, экскурсия ұйымдастыру сияқты формалары мен әдістері кең пайдаланылады. Факультатив курсының кейбір материалдары дәріс түрінде өтілуі мүмкін. Дәріс барысында оқушылармен жеке мәселелер бойынша, қайсыбір ұғымның пайда болуы, оны дамытуда белгілі бір ғалымның қосқан үлесін, проблеманың есептүрінде қойылуын қысқаша әңгімелеудің рөлі зор. Факултативтік курстың маңыздылығын арттыру жолдарының бірі – практикалық жұмыстар орындау. Сабақтың бұл түрі оқу процесін білімді іс жүзінде қолданумен ұштастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім ең алдымен оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен, жұмыс істеу тәртібімен таныстыруы, қажетті нұсқаулар берілуі тиіс. Берілетін практикалық тапсырмаларды жеке ерекшеліктеріне қарай берген дұрыс, ал жұмыс нәтижесін күллі топтың қызметі ретінде бағалау керек.Факультатив сабақтар арнайы болғанымен, оны әдеттегі сабақ сияқты өткізуге болады. Сабақтардың жеке сабақ кестесі жасалып, оған қатысатын оқушылар сабақтан қалмауын қадағалауы тиіс. Факультатив сабақтарда сұрақ- жауап болғанымен күнделікті бағалар қойылмайды, бірақ толық курсын біткен соң оқушылар сынақ тапсырулары тиіс.
Факультативті ұйымдастырудың негізгі формалары болып оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттерін дамыту болып табылады. Оны іске асыру үшін оқушылар курстың негізгі түйінді мәселелерін түсініп, оларға дәріс, семинар, әңгімелесу, пікір таластар жүргізіліп, есептерді шығаруды үйретіп, баяндамалар, математикалық шығармалар және сан түрлі тапсырмалар берілуі керек. Факультатив сабақтарында оқушыларға еркіндік беріп, олардың өзіндік жұмыстарын көп орындауын қадағалау керек. Ол үшін оқушыларға қосымша әдебиеттерді кеңінен пайдаланып, іздену жұмыстарына үлкен көңіл бөлу қажет. Оқушылардың қиындатылған есептерді талқылап түсіндіріп, шешімін табуды үйрету – факультативті сабақтың негізгі мақсаты.Факультативтік сабақтың тағы бір мақсаты оқушыларды оқыту емес оларды оқуға үйрету. Осыған байланысты факультативтік сабақтың құрылымын анықтап алу керек. Ол үшін факультатив сабақ жүйелі бірізді жеңілден қиынға біртіндеп көшу керек болады. Әрбір жеке тапсырма тек сол тапсырманы орындайтын оқушыға ғана пайдалы болып қалмай, басқа оқушыларға да пайдалы болуы тиіс.
Факультатив сабақтарды өткізуде келесі жағдайлай ескерілгені жөн:

  • факультативтік сабақтар әдеттегі сабаққа ұқсамауы тиіс;

  • үлгермеуші оқушылар үшін қосымша сабақ, түріне айналмауы тиіс;

  • жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді даярлайтын (репетиторлық) сабаққа немесе жоғары оқу орындары түріндегі лекция курсына айналмауы тиіс;

  • үйірме сабақтардың белгілі бір формаларын көшірмеуі тиіс.

Факультативтік сабақтар кейде пәндік үйірмеге ұқсап кетуі мүмкін. Себебі, үйірме жұмысы да, факультативтік курстар да оқушылардың қызығушылығы, ынта- ықыласы негізінде ұйымдастырылады. Осыған байланысты үйірме жұмысы мен факультатив сабақты ажыратудың кажеті шамалы деген кері пікір туындауы мүмкін.Қызығу танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті, дарыны ұшталады. Ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыруға итермелейді.  [2. 73-75б]
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.Төменде үйірме жұмысының жоспары көрсетілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет