Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру Пәні



бет4/6
Дата25.05.2023
өлшемі65,78 Kb.
#97154
1   2   3   4   5   6
АЛГЕБРА
7-сынып
(барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)



Тақырыптың атауы

Сағат саны

6-7-сыныптардағы математика курсын қайталау

сағ

1

Қағаз қаламсыз

1

2

Бөлшектер

1

3

Логикалық есептер

1

4

Ондық бөлшектерге амалдар қолдануғаесептер шығару

1

5

Математикалық сандық

1

6

Процентке берілген есептерді шығару

1

7

Арифметикалық викториналар шешу

1

8

Сандар әлеміне саяхат

1

9

Салу есептерін шығару

1

10

Геометриялық басқатырғыштар

1

11

Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түр.

1

12

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу.

1

13

Функция әлеміне саяхат

1

14

Қызықты сағат

1

15

Математикалық кеш

1

16

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту.

1

17

Рационал бөлшектерді қосу және азайту.

1

18

Ертегі есептерін шығару

1

19

Аудандар

1

20

Шеңберге саяхат

1

21

Математикалық софизмдер

1

22

Қабырға газетін шығару

1

23

Жуық сандардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік.

1

24

Жуық шаманың салыстырмалы қателігі.

1

25

Сиқырлы қап

1

26

Сынып математигі

1

27

Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары

1

28

Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадратының формулалары.

1

29

Логикалық есептер

1

30

Көңілді тапқырлар сайысы

1

31

Керемет сызықтар сызып үйрену

1

32

Сандық ребустар шешу

1

33

Кроссвордтар шешу

1

34

Қабырға газетін шығару

1




Барлығы:

34 сағ

2.2 Математикалық үйірме жұмыстарын ұйымдастыру

Нақты ғылымдардың бірі математика болса, бұл пәнді жете ұғындыру қажет-ақ. Математикалық үйірменің оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау қабілеттілігін жоғарылатуға математикалық білімінің сапалылығына ықпалы зор.Төменде үйірме жұмысының жоспары:




«Жас математик» үйірмесінің жоспары:
Үйірменің мақсаты: Оқушыларды математика ғылымына негіз болатын білімдер жүйесімен қаруландыру және алған білімдерін практикада қолдана білудің іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру.Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау. Оқушылардың сауаттылығын есептер шығару барысында қалыптастыру, оқушылардың математикаға деген ынта-ықыласының тұрақты болуын қамтамасыз ету.

Р/с

Мазмұны

Сағат саны

1

Ертедегі математикалық әңгімелер/баяндама/

1

2

Математикалық ребустар шешу

2

3

Эйлер дөңгелектері. Жиындар

2

4

"Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу

2

5

Шырпымен шығарылатын есептер

1

6

Халық есептерін шешу

2

7

Математикалық ойындар "Теңіз шайқасы"

2

8

Судоку әзірлеу. Судоку шешу.

2

9

Қызықты жаттығулар әлемінде

2

10

Қорытынды сабақ "Математика - қызық әлемі"

1

Үйірме сабақтары негізінен үш бөлімнен тұрады: баяндама, қысқа хабарлар, логикалық және ойын есептері. Баяндама қысқа әрі нұсқа болуы керек. Оқушы үйірмеде баяндама конспектісіне қарамай, мазмұны жайлы тыңдарманға толық түсінік беру керек.


Қысқа хабарлар негізінен математиканың әр түрлі қызықты тарауларынан алынады. Ол ұлы математиктердің өмірі, әйгілі теоремалардың шығу тарихы тағы да басқа қызықты оқиғалар болуы мүмкін. Кейде шығарылатын логикалық қызықты есептер тарихынан да қысқа хабарлар дайындауға болады.
Үйірме сабақтарында оқушыларды қызықтыратын логикалық есептер шығарудың білімдік те, тәрбиелік те маңызы зор екені баршаға мәлім. Өйткені есеп шығару барысында оқушылар математикалық ұғымдарды меңгереді, ойлау қабілеті дамиды. Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге, алған білімдері бойынша тиісті қорытындылар жасауға, өздері игерген есеп шығару дағдыларын іс жүзінде қолдана білуге жаттығады. . [2.87-88б]

Үйірменің алғашқы сабағы. Әдетте үйірме мүшелерінің саны 10-15 адамнан аспайды. Талапкерлер көбейген жағдайда оқушылар жас ерекшелігіне не дайындық дәрежесіне қарай секцияға бөлінгені дұрыс. Үйірме жұмысына үлгерімі төмен оқушыларды тартудың да пайдасы мол. Тек олардың дайындық дәрежесіне қарай тапсырма беріп, қолдап отыру керек. Алғашқы күні оқушыларға математикалық үйірме, оның маңызы жайлы айтып өтуге болады. Сонымен бірге осы күні үйірме мүшелерімен, жылдық жоспары таныстырылады. Алдағы атқарар жұмыстарға байланысты редколлегия мүшелері сайланады.
Математикалық ребустар: Цифрлары әріптермен, әр түрлі цифрлары әр түрлі әріптермен, бірдейлері бірдей әріптермен ауыстырылған арифметикалық теңдіктің жазылуының мағынасын ашу керек болатын есептер. Алғашқы теңдік дұрыс және әдеттегі арифметикалық ережелер бойынша жазылған деп есептеледі. Дербес жағдайда, сан жазылуындағы сол жақтағы бірінші цифр 0 болмайды; ондық санақ жүйесі пайдаланылады.
Үйірме сабағында төмендегідей математикалық ребус ұсынуға болады:
1) ТОН:ОН=5, мұндағы ОН - кез келген өзара тең емес екі цифр. Шешуі: Шарттан шығатыны ТОН=ОН*5 (*-көбейту), яғни Т*100+ОН=ОН*5, бұдан Т*100=ОН*4 және Т*25=ОН. ОН екі таңбалы сан болғандықтан, Т тек 1,2 немесе 3-ке тең болуы мүмкін. Т-ның әрбір мәніне белгілі бір шешім сәйкес келеді: Егер Т=1 болса, онда ОН=25, түрлі әріптерге түрлі цифрлар сәкес келеді, О=2, Н=5, егер Т=2 болса, онда Н=50, егер Т=3 болса, онда ОН=75. Яғни ТОН сөзіне үш тәсіл сәйкес келеді, олар 125, 250,375.
2) ХАХАХ*ХИ=ХИХИХИ
3) ТАЛ*ТАЛ=КӨКТАЛ
Қызықты жаттығулар әлемінде: Үйірме сабақтарында қызықты баяндамалар, хабарламалар оқумен қатар әр түрлі мазмұндағы логикалық әрі қызықты есептерді ұсынудың маңызы зор. Ондай қызықты есептер төменгі сынып оқушыларының математикаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ойлау қабілетін, математикалық тілін дамытады. Нақтылыққа, жауапкершілікке, тез шешім қабылдауға тәрбиелейді.

  1. Жасы жүзге келген бір қария өмір бойы өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өткен екен. Себебін анықтаңыздар.

Жауабы: Қарт 29-ақпанда туған.

  1. Бір қорада тауықтар мен қояндар бар, олардың бастарының саны 19, ал аяқтарының саны 40. Сонда қорада неше тауық, неше қоян болған?

Жауабы: 1 қоян, 18 тауық.

  1. Өзенге 3 турист келді. Жағада екі кісілік бір қайық тұр. Одан басқа арғы жағаға өтетін еш нәрсе жоқ. Туристер осы қайықпен жүр рейс жасап өзеннен өтті. Олар неше рейс жасады?

Жауабы: Егер туристер бір жағаға келсе, онда қарсы жағаға жұп рейс жасап өту мүмкін емес. Онда туристер өзеннің қарамақарсы жағына келген, екеуі бір бетіне, ал үшіншісі келесі бетіне. Бұл жағдайда өзеннен екі рейс жасап өтуге болады.

  1. Қатарынан 25 бес цифрларын жазып: 55555....5. Кейбір цифрлардың арасына арифметикалық амалдарды қойып, нәтижесінде 2006 санын шығар.

Жауабы: 555+555+555+55 +55 +55 +55 +55 +55+5+5+5:5
Есептер.1) Қап-қап бидай
Егін бітік болып, қырманы қызылға толған диқан барлық бидайын есік алдындағы тақырға түсіріп алады да, оның біразын екі ұраға тең көмуді ойлайды. Диқан бірінен-бірі бір пұт артық сиятын үш қап дайындайды, оның ең кішісін қызына, ортаншы қапты ұлына береді. Өзі үлкен қапты алады. Сөйтіп үшеуі бидайды ұраға құюға кіріседі. Өзара бәсекеге түскен үшеуі бірінен–бірі қалыспай, өз ұрасына қапшығымен он реттен астық тасығанда ұра да толады. Бұлардың әрқайсысының қабы неше пұттық? Қай ұраға қанша астық құйылған және әркім қанша пұт астықты тасып төккен?
Шешуі: Пұт у+1-қыздың тасыған қабының саны, у+2-ұлдың тасыған қабының саны, у+3-әкесінің тасыған қабының саны.
Теңдеу құрсақ: 10(y+1)+10(y+2)=10(y+3)
y+1+y+2=y+3
2y-y=0
y=0.
Жауабы: ұлдың қабы екі пұттық, қыздыкі бір пұттық, бірінші ұраға 30 пұт, екінші ұраға да 30 пұт астық төгілген.
Үйірменің қорытынды сабағы: Егер жүйелі қорытындылау жасалмаса, оқушылардың саналарында үйірмелік сабақтардан бір нәрсе қалатыны шамалы. Бірақ оны қалай жасауға болады? Кейбір мүмкіндіктерді көрсетейік.
1) Оқушыларға үйірме отырыстарында ұқыпты жазбалар жүргізу ұсынылады.
2) Үйірмеде қарастырылған материалдар үйірменің журналында белгіленіп сақталады. Үйірменің мүшелеріне әрқашанда журналды алуға болады.
3) Үйірмеде бұрын қарастырылған (соның ішінде өткен жылдағы) тақырыптар бойынша, тапсырмалар (сондай-ақ, ойындар) ұсынылады.
4) Мұғалім сабақта, сонымен қатар үйірмеде алынған білімдерін үй және бақылау жұмыстарын орындағанда пайдаланғаны үшін үйірменің мүшелерін көтермелейді.
5) Бір жылда қарастырылған материалды бекітуге үйірменің соңғы отырысы арналады. Бұл отырыс қорытынды отырыс ретінде өтуі керек. Мұндай отырыс үшін маңыздысы, жетекшінің өткен жылға байланысты үйірме жұмысы туралы әңгіме жүргізу. Оқу жылында қандай аса маңызды сұрақтар қарастырылды? Жыл ішінде үйірменің мүшелері неге үйренді? Қандай пайдалы әдеттерге үйренді? Қандай жаңалықтарды білді? Осы отырыста үйірме мүшелері жыл бойы қарастырған материал бойынша есептер шешеді. Қорытынды отырыстың маңызды бөлігі «көңілді» математикаға (софизмдер, фокустар, логикалық есептер, математикалық иллюзиялар және т.б.) арналуы мүмкін. . [3. 87-88б]

2.3 Математикалық жарыстарды ұйымдастыру




«Математикалық жарыс» – екі команданың немесе оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы түрінде өтеді. Математикалық жарыс – сыныптан тыс жұмыстың қызықты, еліктіргіш әрі жаппай сипаттағы түріне жатады. Оның оқу-тәрбие ісіндегі орны ерекше және оны әр түрлі кештерде дербес шара ретінде өткізуге болады. Жарыстың табысты өтуі оқушылардың оны ұйымдастыруы мен жабдықтауға белсене қатысуымен бірге сол викторинаның сұрақтарын құрастыруға тікелей қатысуына байланысты. Викторина сұрақтарын іріктеуде тарихи-математикалық, көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, сонымен қатар математика пәнінің сыныптан тыс жұмыстарға арналған кітаптарды пайдаланған жөн. . Математикалық жарысты өткізу барысында төмендегідей сан алуан сұрақтар қойылуы мүмкін:
- ауызша сұрақ, викторина жүргізуші сұрақтарды оқиды да, оған жауап күтеді;
- есеп-сұрақтар немесе жаттығулар (көп түрлендіру қажет етпейтін);
- сұрақтар плакат немесе сурет түрінде берілуі мүмкін және т.б.;
- викторина сұрақтары, әдетте математикалық газеттерде жарияланып кроссворд, бас қатырғыш түрінде де берілуі мүмкін. . [4.21б].[5.7б]
Математикалық жарыстарды мектепаралық олимпиадалар өткізуге де пайдалануға болады. Математиканың тарихы жөнінде викторина өткізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқушылардың бойында ілімнің жұмбақ қырларын білуге құштарлық, пәнге қызығушылық қасиеті пайда болып, олар зерттеу жұмыстарының алғашқы негіздерімен танысып, математикаға арналған ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз бетінше оқуға дағдыланады. . [6.55б]

Математикалық жарысқа арнайы жоспар құрылады.Жоспарда математикалық жарыстың жалпы мақсаты,қолданылатын әдіс – тәсілдер,көрнекіліктер,жарыс кезеңдері туралы мағұлматтар баяндалады.Мысалы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет