2.2. Зерттеу және оның нәтижесін талдау Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбие беруде ғана емес, олардың шығармашылық ойлауын дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Осы ретте, біз тәжірибелік жұмысты ересек тобындағы балалардың шығармашылық ойлауын халық ертегісінің көмегімен дамытуды ұйғардық.
Халық ертегілерін тереңірек қабылдау және бала қиялын ұштап, шығармашылық ойлауын дамыту үшін біз эксперименталды топтың мектеп жасына дейінгі ересек балаларында ертегі терапиясы арқылы шығармашылық ойлауындамытудың перспективалық жұмыс жоспарын жасадық.
Алға қойылған міндеттердің негізге ала отырып, әртүрлі әдістер жиынтығын қолдандық.
Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда ертегі терапиясы арқылы шығармашылық ойлауын дамытудың негізгі кезеңдері:
1.Ата-аналарды ертегі терапиясы әдісімен таныстыру. Оқушылармен Жіп- қуыршақтарын жасау. Ата-аналарды «Ертегі терапиясы» әдісімен таныстыру үшін ата-аналар жиналысы өткізу, онда ертегі терапиясы дегеніміз не, ол қандай мәселелерді шешетіні және баланың, ата-аналардың және тәрбиешілердің бірлескен іс-әрекеті туралы ақпарат беру. Осы бағытта ата-аналармен жүргізуге болатын жұмысты атап кетсем:
Ойын
- Құрметті ата-аналар кәзір біздер ертегі терапия жүргіземіз. Сіздер үш топқа бөлініп отырсыздар. Топ болып жұмыстанамыз.
Бірінші топқа тапсырма: - Сізге құм терапиясын ұсынып баланызбен бірге ертегіні ойнайсыз.
Екінші топқа тапсырма: - Қуыршақ терапиясын пайдаланып ертегіні ойнайсыз
Үшінші топқа тапсырма: - Үш аю ертегі сахыналық көрініс ретінде көрсету.
Нәтиже: Ертегі терапияның бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді және бұл балалардың жалпы дамуына пайдалы. Бұл балалардың қиялын, олардың образдық және шығармашыл ойлауын дамытады, сонымен қатар «Бала - Ата-ана - Тәрбиеші» одағын нығайтады.
2.Саусақ ойындары. Жұмыстың осы кезеңінде саусақтардың ұсақ моторикасына көп көңіл бөлінеді. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі». Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың шымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқсаусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын отырып өлең шумағын қазаға айтады.
Мысалы: «Моншақ»
Қызыл, сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды..
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
— Баланың тілі жетіледі;
— Қимыл — қозғалысы артады;
— Икемділігі артады;
— Қисынды ойлауы дамиды;
— Танымдық деңгейі артады.
3.Ертегіні сурет арқылы салу терапиясы. Ертегі мотиві бойынша сурет салу- естігенді бекітуге, кейіпкерлерді сызба түрінде елестетуге мүмкіндік береді. Сурет салу барысында бала өзін бос сезініп, еркін ассоциацияларға ерік береді. Өйткені, көбіне сөзбен жеткізе алмағанын қағаз бетіне еркін сала алады. Біз балалардан сүйікті ертегі кейіпкерін, ертегі елін және т.б. суреттерін салуды сұрасақ болады. Бұны ертегі терапиясына да қатысты етіп алуға болады , өйткені тапсырмада идеяны түрлендіру мен метафора қолданылады.
Ертегіні сурет арқылы салу терапиясында қолданамыз:
проективті диагностикалық сурет;
өздігінен сурет салу.
Проективті диагностикалық сурет салуды «Менің отбасым ертегі жануарларының бейнесінде», «Менің отбасым ертегі кейіпкерлерінің образында» салғызуды жоспарладық.
Ал өздігінен сурет салу процесінде «сиқырлы бояулар» қолдануды жоспарлады. Мұнда балалар өздері қалауына және ішкі күйіне сәйкес түстер таңдайды және бояулар жасайды.
Мысалы: Балалардан ертегілер жайлы сұрау.
– Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
– Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
– Ертегілер несімен ұнайды?
Одан кейін балаларды ертегі сюжетімен таныстыру
Суретті салмас бұрын алдымен ақ қағаз бетін дұрыс бағдарлап қойып аламыз. Бұл ертегі кейіпкерін қолайлы орналасуы, барлық бөліктерінің қағаз бетіне ретімен салынуы үшін қажет.Ертегі кейіпкеріннің басы, денесі, қолдары мен аяқтары салынады.Алдымен қарындашпен салып аламыз.Аяқтары мен қолдары біркелкі болып шығуын қадағалаймыз. Қылқаламмен бояп суретімізге көрік береміз, бірақ балалар, ұмытпандар біздегі басты мақсат екі қонжықтың көңіл- күйлерін дұрыс жеткізу.Балалар өздеріне ұнайтын ертегілердің кейіпкерлерін салуға кіріседі.Бейнелеу материалдарын таңдап, бояуға кіріседі.
Нәтижесі: Балаларды ертегілер мазмұны бойынша сурет салуға дағдыландыланады, түстерді дұрыс таңдауын үйренеді, эстетикалық талғамы мен шығармашылық ойлауы дамиды, сурет салу баланың ойлауын арттырады. Өзі бейнелеген бейнені ойынша суреттеген бала қағаз бетіне түсірегенде өз ойын ашық айтуға дағдыланады.
4.Ертегі тапсырмаларын шешу Ертегі тапсырмаларын шешу - бұл психо-диагностикалық материалдарды жинақтау, шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту.
Ертегі тапсырмаларын шешу бойынша тапсырмаларды ұйымдастыру:
1 тапсырма: Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Қыста ғана болады, ұстасан қолың тонады? Бұл не?
-Дұрыс балалар қар. Ал кім бізге қар қыс туралы тақпақ айтып береді?
2 тапсырма:
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Біздің елімізде көп ұлттар тұрады, барлығы тату тәтті тұрады. Кім маған «Бір шаңырақ астында» деген тақпақты айтып береді?
3 тапсырма:
-Балалар ал мына ертегінің кейіпкерлерің кім біледі? Ертегі қалай аталады?
-Енді сол құмырысқаның тапсырмасың орындап көрейік. Слайдпен сурет көрсетіледі. Балалар сурет бойынша есеп құрастырады.
4 тапсырма: -Балалар сендер өздерінің аналарынды жақсы көресіндер ме? Оларды қорғау үшін біз қандай болу керекпіз?
Дұрыс балалар, тапқыр, күшті болу керекпіз. Енді біз өткен «Тапқыр бала» деген әңгімені естеріне түсіріндерші. Сол тапқыр баланың тапсырмасы мынандай: «Кеңістікті бағдарлау» Слайд немесе суреттер бойынша көрсетіледі.Әр геометриялық пішін қай бағытта орналасқаның айтып өту керек.
5 тапсырма: -Балалар сендер достарымен бірге тату-тәтті боласындар ма? Ал достық туралы қандай шығарма білесіңдер? Енді сол екі достың тапсырмасың орындандар. «Ойыншықтарды сана». Ретімен және кері қарай ойыншық нешінші болып тұрғаның айтып өту керек.Ал осындай ойыншықтар біздің балабақшада бар ма?
6 тапсырма: Үлестірмелі материалмен,сандармен байланысты. Тәрбиеші (8) сан көрсетеді, балалар сонша үстінгі жолаққа жидек қояды. Астынғы жолаққа одан біреуге аз қоңыз қоямыз. Тепе-тең болу үшін не істейміз?
7 тапсырма: -Келесі ертегі кейіпкерлеріне жету үшін біз баспалдақ құрастыру керекпіз. Сондықтан ретімен ең қысқа баспалдақтан бастап құрастырамыз. Тәрбиеші ертегінің кітабын сөмкеден алып шығады.Балалар «Түлкі мен қоян» деген ертегі сендерге таныс па?
- Түлкіні біз орысша не деп айтамыз? Ал қоянды ше?
- Балалар, енді сендер бүгінгі өздерінің сабаққа қатысқан еңбектеріңді бағаландар. Кім өзіне қандай баға береді?
Нәтижесінде: Балалардың ой-өрісі дамыды, шығармашылық ойлауы, қиядары, есте сақтау қабілеттері дамиды. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттады, қызығушылықтары оянады.
5.Өздігінен ертегі мен оқиғаларды әңгімелеу Ертегі әңгімелеу кезінде балалар мазмұнды дербес ойлап табу, қисынды түрде баяндау, оны осы мазмұнға сәйкес ауызша айту қажет.
Мұндай жұмыс үлкен сөз қорын, композициялық шеберлікті, өз ойларын дәл жеткізе білуді қажет етеді. Осы дағдылардың барлығын мектеп жасына дейінгі ересек топ балалары жүйелі жұмыс барысында үнемі жаттығулар жасау арқылы меңгереді.
Балаларға әңгімелеуді үйрету үшін бірнеше тәсілдер қолданылды.
1) жаңа немесе белгілі ертегі айту 3-ші немесе 1-ші тараптан. Мысалы, балалар Сиқырлы алаңға тап болғанда, тәрбиеші: «Менің қымбатты ертегішілерім, бүгін сендер ертегілер алаңына келдіңдер. Мен (тәрбиеші қай ертегі кейіпкері екенің айтады) сіздерге бір таңғажайып оқиғаны айтып беремін. Оқиға осындай болды ... » Содан кейін тәрбиеші өзінің ертегісін айтады. Содан кейін балалардан өздерінде болған шытырман оқиғаны кім айтқысы келетінін сұрайды.
Балалар ертегілерді әртүрлі қалыпта тыңдай алады (өздері үшін ең ыңғайлы): жатып немесе көздерін жұмып. Тәрбиеленушілер тыныш музыканың сүйемелдеуімен ертегілер айтады.
2)Ертегілерді топпен әңгімелеу Балалар кезектесіп таныс ертегінің кішкене бөлігін айтады. Мысалы, тәрбиеші балаларға:
Балалар шеңберге отырып, өз қалауы бойынша ертегіні айтады. Балалардың әрқайсысы 2-3 сөзден айтады. Барлығы басқалардың не айтып жатқанын мұқият бақылап отырады. Егер ертегіні балалардың біреуі ұмытып не айта алмаған жағдайда байланысты тәрбиеші көмектеседі.
3)Белгілі ертегіні айтып, оның жалғасын ойлап табу Мұнда шеңберде отырған соңғы бала оқиғаны аяқтауы керек, әйтпесе ол одан әрі жалғасуы мүмкін.
4)Ертегіні топпен ойлап табу Бұл жерде ертегіні топпен ойлап табуда бірнеше нұсқа ұсынуға болады,Мысалы:
Әр бала ертегі елінің суретін салады, содан кейін осы елде не болғандығы, онда не болып жатқандығы және не болатындығы туралы жалпы ертегі ойлап табады.Тағы да балаларға кез-келген ойыншықты ұсынып, оған ертегі елінде не болғандығы туралы ертегі ойлап табуды да тапсыруға болады.
Осылайша, әңгімелеудің әр түрлі формалары мектеп жасына дейінгі балалардың кең ауқымды ойлауына мүмкіндік берді: олар қиялға беріледі бастады, өз ойларын жеңіл және еркін жеткізе бастайды, олардың есте сақтау қабілеттері жақсарады, зейіні тұрақтылыққа ие болады, балаларда басқаны тыңдау қабілеттері дамиды, оның ой-пікірін ұстанып, мазмұндау мазмұнына өз ойлары мен қиялдарын енгізе білуге үйренеді.
Біз ертегі терапиясы бойынша жұмыс жақсы нәтиже береді деп санаймыз. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалары ойлауды, құрдастарының пікірін құрметтеуді және оны тыңдауды үйренеді, басқалардың орнын басып, әлемді әр тараптан көруді үйренді. Балалар босаңсып, ересектермен және құрдастарымен еркін байланысқа түсе алады. Балалар қиялдауды үйренеді, өздері ертегі ойындарын ұйымдастырады, олардың сөйлеуі бейнелі, мәнерлі болады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз ертегі терапиясының әдісі мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық ойлауын дамытуда оң әсер етеді деген қорытынды жасауға болады. Осы техникамен жұмыс жасағаннан кейін балалардың өзін-өзі бағалауы жоғарылап, мазасыздық деңгейі төмендеді. Олардың әлеуметтік шеңберлері кеңейді және бұл мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру әр баланы мәдени қоғамға сай ойлы, сезімтал әрі әрекетшіл, жан-жақты дамыған тұлғаға айналдыруға оң әсер тигізді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, балабақшаның, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.
Білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың білім мазмұны мен тәрбиелеу әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу қажеттігі нақты көрсетілген.Осыған сәйкес мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің басты мақсаты – баланың өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру. Әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс.
Ертегі терапиясын қолдану арқылы баланың креативті ойлауын дамытудың маңызы зор.Креативтік ойлау балалардың ертегідегі проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, нұсқаларды зерделеп, ертегі мазмұнын сындарлы, әрі креативті етіп құрастыруына мүмкіндік береді. Креативтілік ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім.
Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік ойлауын дамыту үшін «Коммуникация» білім беру саласындағы «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту»оқу қызметтері негізінде, күннің екінші жартысында т.б. жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Ертегі терапиясы барысында балалар достықтың үлкен үлгісін көріп, оған көмек қолын созуға ұмтылады, достықты насихаттайды.
Ертегі терапиясының бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.
Біздің зерттеу жұмысымыз ертегі терапиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталды. Осы мақсатқа байланысты менің зерттеуімнің бірінші тарауы балалардың шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық -педагогикалық алғы шарттары қарастырылды, зерттеліп отырған проблеманың жай-күйін негізге ала отырып,ертегі терапиясы – мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамыту құралы ретінде зерттелді.
Екінші тарауда жұмыс әдіснамасы - ертегі терапиясы - қазақ халық ертегісін, әртүрлі жұмыс техникасы мен формаларын қолдана отырып қарастырылды. Мектеп жасына дейінгі балаларда ертегі терапиясы арқылы шығармашылық ойлауын дамыту бойынша:
1.Ата-аналарды ертегі терапиясы әдісімен таныстыру.
2.Саусақ ойындары;
3.Ертегіні сурет арқылы салу терапиясы;
4.Ертегі тапсырмаларын шешу;
5.Өздігінен ертегі мен оқиғаларды әңгімелеу – сияқты тәсілдер қолданылды және тиімдігі мен нәтижесі баяндалды.
Қорытындылай келе, ертегі терапиясын қолдану арқылы біз баланың шығармашылық ойлауын дамытудың маңызы аштық. Ертегі терапиясының әдісі мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық ойлауын дамытуда оң әсер етеді деген қорытынды жасауға болады.