мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамытуда ертегі терапиясын қолданудың тиімді әдістеріне талдау жүргізу.
Зерттеу нысаны: Ертегі терапиясы
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану шығармашылық ойлауын дамытудың компоненттері.
Зерттеу болжамы:Егер, Мектепке дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану арқылы шығармашылық ойлауын дамытудың тиімді жолдары анықталса, онда балалардың интеллектісі мен жоғары сезімдерін дамытуға үлес қосады, өйткені бұл тиімділік деңгейі балалардың жеке мәдениетінің негізі болып табылатын танымдық және әлеуметтік мотивтерінің, қажеттіліктері мен қызығушылықтарының, білім, білік және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды.
Зерттеу әдістері: педагогикалық – психологиялық, әлеуметтік әдебиеттерге ғылыми – теориялық талдау, мәліметтерді талдау, жалпылау және интерпретациялау, әдістер.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Л.С.Выготский, К.Д.Ушинский, Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, A.Н.Толстой және т.б ғалымдардың зерттеулері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін анықтап,оны дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын дамытудың тиімді жолы ретінде ертегі терапиясын қолдану,тиімді әдістерін ұсыну,эксперимент жүргізу және нәтижесін шығару.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Мектепке дейінгі балаларға ертегі терапиясын қолдану арқылы шығармашылық ойлауын дамытудың тиімді жолдары анықталып, оқушылардың ой-өрісінің даму ерекшеліктерінің айқындау жолдары ашылды. Зерттеу жұмысын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының студенттері және жас мамандардың педагогикалық іс – әрекеттерінде, тәрбиешілер оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана алады.