2 МЕХАНИЗМНІҢ КИНЕМАТИКАЛЫҚ ЗЕРТЕУІ 2.1 Механизмнің жағдайларын салу Механизмнің жағдайлар жоспары тиектің сызықтық орын ауыстыру немесе жетектемелі мүшенің бұрыштық орын ауыстыру кинематикалық диаграммаларын құруға негіз болып табылады.
Механизмнің жағдайлар жоспарын құру ұзындық масштабымен lорындалады, ол lОА = lОВ нақты ұзындығының (ОА)=(ОВ) кесіндісінің ұзындығына қатынасымен анықталған.
Сонымен, ұзындық масштабың анықтаймыз:
Ұзыңдық масштабті және қалған мүшелердің нақты ұзындығының мәндерін біле отырып, сызбаның кинематикалық схемасындағы мүшелердің ұзындығын анықтаймыз:
3 және 5 тиектердің қозғалатын бағыттаушылардың сызықтарын жүргіземіз. Олардың арасындағы бұрыш 90° болғандықтан, горизонталға 45° бұрышты сызықтар сызамыз.
Әрі қарай, механизмнің кинематикалық схемасын саламыз. 3-ші тиектің С нүктенің траекториясында оның шеткі жағдайларын табамыз. Ол үшін О нүктеден радиуспен Ох сызығында бір сериф (засечка) жасаймыз, ол оң жақтын шеткі жағдайын анықтайды, ал радиус – басқа серифті (засечка) (сол жақтағы шеткі жағдайды) анықтаймыз:
С0және С6нүктелері 3-ші тиектің шеткі жағдайлары болады. Механизмнің нөлдік жағдайын оң жақтағы шеткі жағдайды қабылдаймыз. Осы жағдайдан 3-ші тиек жұмыс жүрісің бастайды. Айналшақтың нөлдік жағдайынан бастап А нүктесінің және В нүктесінің (шеңбердің) траекториясын 12 тең бөлікке бөлеміз және айналу бағытына қарай олардың жағдайларын белгілейміз: A0, A1, A2...A11және B0, B1, B2...B11. Серифті (засечек) әдісімен механизмнің қалған нүктелері мен мүшелерді байланыстарының тиісті жағдайларын табамыз.
Механизмнің әр жағдайдағы S2 және S4 массаларының орталықтарының орнын табамыз:
Тегіс қисықпен барлық мүшелердің жағдайларында S нүктелерін қосып, 2 және 4 мүшелердің массалық орталықтарының траекториясын саламыз.
Қүштік талдау өткізуғе берілген механизмнің жағдайын негізгі сызықпен сызамыз және оны есепке деғен деп санаймыз (біздің себепте – 1-ші жағдай).