Курстың мақсаты мен міндеті



бет16/23
Дата01.04.2022
өлшемі71,83 Kb.
#29585
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Дәріс

Тыңдалым түрлері:

Әңгімелесу(диалог), әңгімелер(оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау(инструкция), лекция және жарнама және т.б.



Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады:

Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау.

Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз.

Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс түсіну үшін әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз.

Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.

Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Мысалы, белгілі бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды пайдалану, бірақ бұл жерде басқа дағдыларды араластырмайсыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет