Ауызша флуенттілік (oral fluency (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен, қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін табиғи түрде қолдана білу);
Интерактивті стратегияларды ( сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып, тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу.
Айтылымды сыныпта қолдану
Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту. Яғни айтылымның белгілі бір аспектісіне назар аударып, практикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы оқушыларымызға көмектесе аламыз. Мысалы: интонация, флуенттілік, сөздерді қолдана білу, т.б.
Бастапқы уақыттарда айтылым дағдыларының көп бөлігін жаттықтыру барысында бақылауға алынған практика әдісі қолданылады. Ол жаттығуларға сөздерді дауыстап айту (drill), қайталаулар және сөздерді жаттап айту (есте сақтау) сияқты әдістер жатады. Бұл оқушыларға сөздерді, олардың дыбысталуын, грамматиканы айтылым барысында сауатты қолдануға көмегін тигізеді. Сонымен қатар сөйлеп тұрған сөздерінің дұрыс екенін білу оларға сенім ұялатады. Бұл әдістен басқа жартылай бақылауға алынған практика және еркін практика сияқты әдістер бар. Оларды сызбалар арқылы салыстыра отырып түсініп көрелік.
15. Оқылым
Жоспары:
Оқылым төрт тілдік дағдылардың бірі.
Оқылым туралы түсінік.
Оқылымның ішкі дағдылары: мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
Мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу;
Детальді түрде оқу-сөз мағынасын контексттен ажырату .
Болжай білу. Мәтін түрлерін ажырата білу.
Экстенсивті оқылым. Интенсивті оқылым.
Оқылым төрт тілдік дағдылардың бірі: тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым. Ол да тыңдалым сияқты қабылдаушы (receptive skill) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді өндіруден (жазу, айту) гөрі, оған жауап қайтару немесе әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды әлем туралы білімімізбен байланыстыра білуіміз керек. Төменде берілген бір сөйлемді қарастырып көрелік:
Мысалы: Бұл бала қыздың өзіне қарағанда жылдам жүгіріп, басып озғанына таң қалды.
Бұл сөйлемді түсіну үшін біздер әуелі әріпті, әріптің бірігіп келіп сөз құрағаны, сөздердің мағынасы, граматикалық байланысы және сөйлем құрылысын түсінуіміз керек. Жалпы айтқанда қыздар ұлдарға қарағанда жылдам жүгіре алмайды деген пікір бар. Бұл жерде әлем туралы біліміміз баланың неге таң қалғанын түсінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |