Сөйлеуші сөзін аяқтаған кезде, кезек алып сөз бастау
Оқиғаларды баяндап беру
Тілді сауатты қолдану
Сөйлемді қайта құрастыру (paraphrasing), яғни бірнәрсені айтып берудің басқа жолын қарастыру.
Өзге сөйлеушілердің сөзін бөлу
Сөйлеу барысында кідіріс жасап отыру
Жоғарыда айтылған тізімнен шығатын айтылымның ішкі дағдылары мынадай:
Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (function) (қарым-қатынасқа түсу себебі мен мақсаты, мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау, т.б.) қолдана білу;
Тілдесім барысында қажетті стильді қолдана білу;
Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу;
Вербальді емес тілді қолдана білу ( сөйлеу барысында дене мүшелерін пайдалану);
Мәтін түрлерін (жаранама, хат, мақала) өндіре білу;