Курстың мақсаты


Түйсік пен қабылдау туралы ұғым



бет35/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

1. Түйсік пен қабылдау туралы ұғым
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш (анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітір­кендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе бере­тін мүше,мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құ­ры­лымында қозғаушы тетіктерге де ие: тері қа­ба­тының дірілі, тамыр тартылуы, те­­рі жиырылуы, ал кей кездері көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күр­делі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бей­нелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.
Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Психикалық қабылдау процесі - субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті.
Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады.
Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады.
Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдау рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.
Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.
Қүрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.
Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет