Курстың мақсаты



бет43/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі,бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен. Сүрақтар тыңдаушыны негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтіндері арасындағы уақытша байланыстарды (ассоциация) қоздырып отырады. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру - бұл әр-қашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыбайластық немесе қарама-қарсылық байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішіне жаңғыртылуы тиіс материалға (нысанға) қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді.
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі - уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақтылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту аралығында психологияда "ес деңгейлері" деп аталған тану кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) та-ну есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Егер уақыт өтуімен шәкірт жаттағанын түгелдей жаңғырта, айтып берсе, ең жоғарғы естің болғаны; егер жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқушы жаттағанын өз бетінше кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап, айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.
Ұмыту материал құрылымын түзуде, яғни жоспарлауда, оның кейбір мәнді бөлшектерін назардан тыс қалдыруда, жаңа жаттағандарын ескілерімен шатастыруда көрініс береді.
Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін әртүрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кез­деспеді ме - бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіре, жад­қа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.
Ес бұзылысы кейде өткендегі оқиғаларды да қайта тіктей алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен ке-ңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі.
Кейбір жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұ-зылуынан да көрінеді: адам белгілі бір уақыт аралығында тәп тәуір жаттап, материалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айырыла қалады. Мұндай сырқатқа шалдыққандар кейде оқыған, білгендерін түбелегін түсіре, тәптіштеп айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені есіне түсіре алмай, қиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет