Курстың мақсаты



бет38/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Қабылдау формалары. Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнеленгенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.
Кеңістік нысандарын қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық - көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі .
Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілет аккомодация (көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды.
Уақыт та - материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын - уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет