Курстың мақсаты


Түйсік пен қабылдау түрлері, ерекшеліктері



бет36/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

2. Түйсік пен қабылдау түрлері, ерекшеліктері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратылады.
Түйсіктердің ең ірі және маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған: интероцептік, проприоцептік, экстероцептік.
Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзалар­да пайда болу жағынан ең ежелгілерден әрі өте қарапай­ым түрі.
Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қатамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік (афференттік) негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі (перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген. Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұл­шық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туын­дайтын түйсіктерді бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге, ерекше қасиеттерге ие теңдестік және тұрақтылық түйсіктері де кіреді.
Экстероцептік түйсіктер қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсік-тер тобы шартты түрде аралық (дистантные) және түйісу (контактные) түйсіктері деп аталған екі бөлікке жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мү­шелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту және көру түйсік­тері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы (аффектті), толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б.); 2) эпи­критикалық - жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшелік-терімен ғана ажыралып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қар-қыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.
Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.
Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі (пространственная локализация) де тән қасиет. Әрқандай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу (контактные) түйсіктері тітіркендіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді.
Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне бай-ланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды.
Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады.
Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді. Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты өзге-ріп отырады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және т.б.).
Икемделу даптация) құбылысы. Ескеретін жәйт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады. Біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Осыдан, сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атай­мыз.
Түйсіктердің өзара ықпал жасау қасиеті Түйсіктердің қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу деңгейіне тәуелді болып қалмастан, бір уақытта сезім мүшелдігіне әсер етіп жатқан басқа да тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі - түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады. Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер талдағыштар сезімін жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді.
Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы - сенсибилизация деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді (А.Р.Лурия): 1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъект кейіпіне, фи-зиологиялық не психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады. Синестезия құбылысы - ағза талдағыштарының өзара тұрақты байланыстылығы мен объектив дүниені бей­нелеудегі сезімдер тұтастығының және бір дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет