Курстың мақсаты



бет44/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

3. Ес жайындағы теориялар
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты "топталған не тізбектелген" (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі - олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі - қарама-қарсылыққа негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі - себеп-салдарлы қатынастардан туындайды (кау­зальдық ассоциация).
Естің нейрондық теориясы - адам мида жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістер заңдылыќтарынан туындаған. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидің электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолай ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі - қоздырушы, екіншісі - тежеуші. Қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұ­рақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда бол-ды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклейн қышқылының молекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Мысалы: планари құрттары бір бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқал­ған (Д.Мак-Коннел).

11 дәріс. Ойлау


1. Ойлау туралы түсінік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет