Ойлау қызметінің ригидтігі – бұл икемсіз құбылыс мәнін жіті зерттемей, бұрыннан не өзімшілдікпен «пішілген» көзқарас тезіне салу, сезімдік ықпалды әсірелеу, үлгіден шыға алмай, «көзсіз» бағалауға дағдылану.
Сәби не ересек өзінің қаһарман, өнертапқыш не әйгілі адам болғанын армандайды. Біздің психикамыздың тұңғиық үдерістерін бейнелеуші ішкі қияли дүние кей адамдардың ойлау жүйесінде жетекші жағдаятқа айналады. Бұл «аутистикалық ойлау» деп аталады.
Аутистикалық ойлау негізі – адамның жеке басы толғаныстары дүниесіне тереңдей шомып, шындықтан ажырау; болмыс байланыстарынан айрылып, төңірегіндегілермен қарым-қатынастан қалуы.
Ой бұзылысының асқынған түрі – сандырақ немесе ақыл-есмономаниясы. Сандырақ – бұл болмыс шындығына жанаспайтын, тіпті оған қайшы келетін ойлар, идеялар, пікірлер.
Сырттай қарағанға, кәдімгідей –ақ адам, ал сөйлеп бастаса, айтқандарының бәрі тыңдағанның миына қонбайды. Мұндай ойлау қызметінің бұзылысына ұшыраған адамдар тобының келесідей түрлері бар: «ойлап тапқыш сандырақты», «реформатор сандырақты», «қызғаныш сандырақты», «эротикалық сандырақты», «күмәншіл сандырақты». Сандырақты идеялардың «шынайылылық» дәрежесі мен интеллектуалды сапасы олардың «илеуіне түскен» тыңдармандардың ойлау мүмкіндіктеріне тәуелді. Көп алдында құлпырта төгіп, баяндалып жатқан идеялардың «сандырақтық» сипатын сезу оңай емес, кейде тіпті мүмкін болмайды да. Сондықтан мұндай сандырақты түсіндірмелер мен тұжырымдар кей адамдар тобын жеңіл еліктіреді, ал фанатик не паранойдты тұлғалардың қолында бұл «сырқатты» ойлар аса қауіпті әлеуметтік қаруға айналуы мүмкін (кешегі дағдарыс жылдары қаптап кеткен «ақ әулие» - «сары әулиелер», т.с.с. есіңізде болар).
Шығармашылықіс-әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа, қалыптан тыс ізденістерге дем беріп, қоғамдық дамудың ілгерілеуін қамтамасыз етеді. Шығармашыл ойлау – жаңа идеяларға, қоғам жаңалықтарын ашу мен жаңа шешімдерге қол жеткізіп, проблемалардың түбегейлі, бұрын-соңды болмаған жолдарымен анықталып, өріс алуына мүмкіндік беретін ойлау әдіс-әрекеті. Әдетте, психологтар шығармашылдыққа кедергі болар төрт психикалық жәйтті атайды: