Курстың мақсаты



бет49/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Ой сындарлылығы – адамның өзінің де, өзгенің де ой, пікірін шынайы бағалай білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен қорытындыларды тиянақты әрі жан-жақты тексерістен өткізе алу қабілеті. Ойлаудың жеке-даралықты ерекшелігі әр адамның өзіне тән, өз қызметімен байланысты ойлау түрлерін таңдай білуіне байланысты. Мысалы, бір адам – көрнекі - әрекеттік ой түрін таңдаса, екіншісі – көрнекі – бейнелі ой толғастыруды қалайды, ал үшіншісі, тұлғалық деңгейі жоғары адам – абстракт-логикалық ойлауды қару етеді.
Зерде және оның құрылымы
Тұлғаның ойлау сапасы қабілеті оның зердесінен көрінеді.
Зерде (тнтеллект-лат. Inteellecmus – ақыл-ес) тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы, оның танымдық мүмкіндіктерінің денгейі, адамның өмір жағдайларына бейімделуіне арқау болар психикалық тетіктері, болмыстың мәнді өзара байланыстарын түсіне білуі, сонымен бірге тұлғаға тән қауымдық мәдениет тәжірибесіне араласа жүру қасиеті.
Қазіргі күнде «зерде» мәнін түсіндірудің үш жолы бар :

  1. биологиялық тұрғыдан зерде – бұл «жаңа жағдайға саналы икемдесуге қабілеттілік»

  2. педагогикалық тұрғыдан зерде – бұл «оқу, оқытуға қабілеттілік».

  3. Құрылымдық тұрғыдан интеллект – бұл барша ойлау құралдарын мақсатқа бейімдестіре жұмылдыруға «қабілеттілік» және «әрқилы қабілеттер бірігімі».

Адам бойындағы танымдық үдерістердің жиынтығы сол адамның ақыл, парасатын, яғни зердесін анықтайды.
Векслер анықтауында «Зерде – ақылды, саналы ойлай білу мен тіршілік жағдайларында ұтымды табысқа жеткізетін ауқымды қабілеттілік», яғни интеллект адамның қоршаған ортада бейімделе білу қабілеті ретінде қарастырылады.
Зерде құрылымы. Ч.Спирмен көзқарасында, әрбір адам өзінің жалпы зердесінің белгілі деңгейімен сипатталады. Осыған орай тек өкілі қоршаған ортаға өзінше бейімдеседі. Сонымен бірге, адамдардың бәрінде әрқилы дәрежеде дамыған, нақты қызметтерде ғана көрінетін арнайы зерделілік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет