Конформизм (еліктегіштік) – адамның басқаға ұқсап бағу ниеті.
Адамдар өзгелер ортасында бөлектеніп көріну қаупінен өздерінің жаңалықты идеяларын айтудан тартынады. Олардың мұндай қатерленуі көбіне балалық шақтағы ересектер мен құрбыларының түсініспестігі мен мінеуіне ұшырап, опық жегенінің салдарынан.
Цензура (тайым салу) -өз идеясына болған ішкі сын. Қатаң ішкі цензуралы адам проблеманың өз бетінше шешілуін күткенді абзал көреді, немесе шешім жауапкершілігін басқаға аудара салғанды мақұл тұтады. Мұндай ынтасыздық, әдетте, әміршіл-әкімшіл тәрбиені ұстанған және көрінген нәрсені сылтау етіп сынағанды, кейіп жекігенді әдетке айналдырған ата-ана балаларында қалыптасады.
Ригидтік (кертартпалық)– бір үйреншік көзқарастан, пікірден басқасына ауысу қиыншылығы. Ригидтік дайын шешімдерді жетілдіруге, таныс, қалыптағы заттар мен құбылыстарда тосын жаңалықтарды сезінуге мүмкіндік бермейді.
Шұғыл жауап табу ниеті. Шұғыл жауап табу - әркімде бола бермейтін қасиет. Әдетте, ең «әдемі» шешім «шығармашылық үзілісі» кезінде, адамның шешілуі тиіс проблема үстінде қадалып отыра бермей, зейінін одан ауыстырып, босаңсыған дем алыс шағында ойға түседі.
Шығармашыл тұлғалар психологияда нонконформистер деп аталған. Мұндай адамдар қоршаған орта талаптарын өз ұстанымдарына сәйкес келсе ғана, қабылдайды. Олардың өмір, қоғам, төңіректегі дүние жөніндегі дүниетанымы қалыптан тыс, жұрт ойындағыдай емес. Бұл адамдар идеологиялық құрсаудан азат. Шығармашыл тұлғалардың интеллекті бірігімді (синтетичен): олар әрқилы құбылыстар арасында байланыстар түзуге құштар. Сонымен бірге мұндай тұлғалардың ойлау әрекеті дивергентті, яғни бір зат не құбылыстың өзінде әрқилы байланыстар табуға шебер. Олардың бойында балалық шақтан қалған таңдану мен қайран қалу әдеті өмір бойы сақталады. Олар сезімтал, тосындықтан қашпай, қабылдайды, яғни сензитивті. Шығармашыл тұлға өзінің жан дүниелік мүмкіндіктерін ұдайы сезіп барады, оның таным, білімдері бір күйде тұрақтанып қалмай жаңа ізденістерге, жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасауға демеуші үздіксіз қайта құрылым өзгерістеріне түсіп, жаңа нәтижелерге қол жеткізіп жатады. Мұндай тұлғаның психикалық белсенділігі қалыпты санадан жоғары, көрегенді.
Типологиялық ерекшеліктеріне байланысты шығармашыл тұлғалар өнерде, ғылымда және техникада бойына біткен жасампаздық қасиеттерін өзінше іске асыруға қабілетті.
Тұлғаның көркем өнерлі типі дүниені көркем бейнелер түрінде меңгереді, оларды жасаудың тетіктерін игереді, эстетикалық бағыты мен дүниетанымын жариялау үшін сөз саптау, бой көрсету, мәнерлі дыбыстау жүйелерін қарастырады. ¤нермент пен оның талантына тәнті адамдар арасында рухани үндестік, психикалық бірлестік, бейнелі - көңіл туыстығы, құндылыққа болған ортақ баға орнығады.
№12 дәріс. Қиял 1. Қиял жайындағы түсінік
2. Қиялдың дара қасиеттері
3. Қиялдың физиологиялық негізі