курстың тақырыптық жоспары дәрістер №1. Дәріс



бет4/15
Дата11.05.2023
өлшемі41,66 Kb.
#91810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ КАСИБИ МУГАЛИМ

Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1. Оқудағы кедергілерді анықтау.
2. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
3. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
Дәріс тезисі
Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі болады. Ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алу қажет. Яғни, баланың оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін, ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде екендігін анықтап, оның ары қарай дамуына ықпал ету керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың мінез – құлықтарында айырмашылықтар болады. Мінез – құлықты психология ғылымы зерттейді. Бірақ сол үлкен саланың бихевиористикалық бағыты адамдар мінез – құлығының қоғаммен өзара байланысын зерттеп зерделеу үшін пайдаланылады. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ұйымдастыруда балалардың танымдық танымдық қасиеті, зейіні, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі және ойлауы ескеріледі. Жан Пиаже, Джин Пиагет, Мария Монтессори және Лев Выготский секілді ғалымдар балалардың танымы ерте жастан дамитынын атап айтқан. Олардың айтуы бойынша кішкентай балалар өзін қоршаған орта мен адамдардан оқып, үйренеді. Осы арқылы балалардың танымын ерте жастан бастап-ақ дамытуға болады. Балалардың зейіні әр жаста әртүрлі болатындығын Хаген және Хейл (1973ж) зерттеп, анықтады. Олар зерттеуінде бірнеше ашықхат суреттерін пайдаланып, оларды 5-6 және 14-15 жастағы балаларға көрсетті. Онда екі сурет қолданылды, бірақ оның біреуін ғана есте сақтау қажет еді. 14-15 жастағы балалар қажетті суретті есте сақтаған, ал 5-6 жастағы балалар керісінше есте сақтауға қажет болмаған суретке көбірек зейінін аударған. Бұдан шығатын қорытынды, ересек балалар зейінін дұрыс әрі тиімдірек пайдаланады, ал кіші жастағы балалар оны толық түсіне алмағандықтан зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет