курстың тақырыптық жоспары дәрістер №1. Дәріс



бет3/15
Дата11.05.2023
өлшемі41,66 Kb.
#91810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдары
2.Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдары
Дәріс тезисі:
Белгілі ғалым В.А.Сластенин мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлығын бірқатар қасиеттермен және сипаттамалармен анықтайды. Оның ішінде: психологиялық даярлық-бұл мектептегі жұмысты мақсат еткен педагогикалық іс-әрекетке әртүрлі деңгейде қалыптасқан мұғалімнің бағыттылығы; ғылыми – педагогикалық іс- әрекетке қажетті көлемдегі қоғамдық-саяси, психологиялық, педагогикалық және арнайы білімдері; тәжірибелік даярлық - бұл талап етілген деңгейдегі мұғалімнің қалыптастырылған кәсіби-педагогикалық ептіліктері мен дағдылары; психофизиологиялық даярлық-белгілі педагогикалық іс-әрекет үшін сәйкес алғышарттардың болуы, кәсіби құнды жеке тұлғалық сананың қалыптасқандығы. В.А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім моделі мыналарды қамтиды: қоғамдық-саяси сапаларды, әлеуметтік психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары; психологиялық және педагогикалық даярлық, пән бойынша даярлық. Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туындайды.
Жаңа технологияларды, әдістерді оқыту формаларын қолдану тек ғана нәтиженің құндылығын көтеру ғана емес, сонымен бірге білім берушілік іс-әрекет процесінде көтеруге мүмкіндік береді. Ол үшін қазіргі технологиялық құралдарды қолдануда ең алдымен мұғалім кәсіби компетенттілігін көтеруі қажет. Ол компетенцияның дамуына бағдарланған дараландырылған оқыту бағдарламасын басқара білуі тиіс. Егер білімгердің жоғары дәрежеде компетенциясы дамысын десе, онда оларды білімгер үшін неғұрлым қызықты іс-әрекеттерді жүзеге асыру процесінде қолдануын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан педагог өз білімгерінің бейімділігін, қызығушылығы мен компетенциясын айқындай білуі қажет және олардың тәжірибе жинақтау процесіндегі өзгерістерін байқап отыруы тиіс.
Бекіту сұрақтары:
1. Қай жағдайда балалардың жеке тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқу
үдерісінің тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мәнмәтін деп
қабылданады?
A) «Жағдаяттық (ситуациялық) тануда»
B) «Ормандар өсіруде»
C) Қалай оқу керектігін үйретуде
D)Диалогтік оқытуда
E) Өздігінен реттелетін оқытуда
2. Қайсысы өздігінен реттелетін оқудың элементі болып табылады?
A) Оқыту стратегияларын мұғалімнің ұсынуы
B) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы
C) «Бастама-жауап-кейінгі әрекет» формасы
D) Проблемалар мен оқыту мақсаттарын мұғалімнің анықтауы
E) Оқушылардың әрекеттерін бағалау
3. Бағалаудың мақсаты неде?
A) Оқушының тап сол кезде не оқығанын қорытындылау
B) Оқушының қай кезеңде тұрғанын анықтау
C) Жазбаша және ауызша жауаптарды бағалау
D) Болжау және іріктеу
E) Бағалар қою
Әдебиет:

  1. Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017

  2. Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015

  3. Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019



3 Дәріс: . Оқудағы кедергілер. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет