курстың тақырыптық жоспары дәрістер №1. Дәріс



бет12/15
Дата11.05.2023
өлшемі41,66 Kb.
#91810
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ КАСИБИ МУГАЛИМ

Бекіту сұрақтары:
1. Оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгімелесуді қандай формада
қолдану қажет деп ойлайсыз:
A)Диалог
B)Жұптық жұмыс
C)Ұжымдық жұмыс
D)Монолог
E)Топтық жұмыс
2. Өзін-өзі реттеу моделін анықтаңыз:
A) Алға даму, нақты шешім шығару, бастамашыл, көшбасшылық
B) Эмоциялық, когнитивтік, ынталандырушылық, әлеуметтік
C) Әлеуметтік, білімділік, ынтымақшылдық, эмоциялық
D) Метатану, зияткерлік, толеранттылық, сенімділік
E) Бақылаушылық, шығармашылық, таным деңгейін арттыру, еңбекқор
3. Бағалау мен талдауда АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
A) Оқуда жаңалық жасауға ықпал ету
B) Оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі
C) Тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру
D) Ақпарат алмасу
E) Дерекқорды зерделеу
Әдебиет:

  1. Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017

  2. Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015

  3. Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019

10 Дәріс: Сыныптағы оқуды басқару. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сағат саны: 3
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
2.Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
3. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Дәріс тезисі
Аталған тақырып мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оны олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге болады деген сенімге негізделеді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі
бар немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты деп анықталуы мүмкін.
Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін
жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет