XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазакстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдык өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті:
— I кезең 1992-1995 жылдардымакроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін камтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру:
— II кезең (1996-2005 жылдар)экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
— III кезең (2006-2012 жылдар)экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазакстанның әлемдік индустриальды елдер қатарына кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығайуымен сипатталады.
1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазакстан халқына жоддауында өтпелі кезендегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асырауға көзделген жеті ұзак мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді (22 тарауды қараныз). Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет: — 1998-2000 жылдар; 2001-2010 жылдар; 2011-2030 жылдар. —Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан Республикасы Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. Кабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.
«Қазакстан-2030» бағдарламасынын бірінші кезеңінде (1998-2000 жылдар) кездеген мақсаттардың жүзеге асуын қорытындылағанда, Казақстан Республикасы Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді. Президент ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың бірінші кезеңі аяқталғанын атап көрсетті.