Кїнделікгі экономикалыќ ґмірде адамдар арасындаєы ќатынастар јр


б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементгер, гүрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы



бет5/12
Дата21.05.2022
өлшемі108,5 Kb.
#35222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диас курсовой

б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементгер, гүрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде кетіп бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке меншікпен араласқан түрде және т.б.;
в) өтпелі экономиканың тарихилығы:
— өту белгілі тарихи мерзім кезінде жүзеге асады;
— өтудің өзі белгілі мемлекетте болады. Нақтыласақ, Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңнің аяқталуы шамамен ХХІ-ші ғасырдың басына белгіленуде.
г) етпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде барлық өлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.
Егер нарықтық жүйеге енетін елдерді алатын болсақ, оларды бір-бірімен былай: нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі бойынша, мемлекеттік меншіктің жалпы құрылымдағы әртүрлі меншік түрлеріндегі үлесі бойынша, монополиялық және олигополиялық нарықтардың бар болуы бойынша, еркін нарықтық сектордың үлесі бойынша айыруға болады. Нарықтық экономикадағы елдер дәстүрлі экономикадан нарықтық экономиканың қазіргі жаңа түріне — әлеуметтік бағытталған әрі басқарудың аралас түріне кешуде.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сыпатталады.
Жоспарлы экономикадағы аздаған еддердің өзінде өту мерзіміне әсер ететін кәдімгідей айырмашылықтар болады. Нақтыласақ, ТМД елдерінде жеке меншік болған емес, ал 90% жуығы мемлекеттік меншік үлесіне тиді. Сондықтан мемлекеттен алу мен жекешелендіруге Польша мен Венгрияға қарағанда көп уақыт қажет болды. Біз атап отырған екі елде мемлекеттік меншік үлесі 14 %-дан асқан жоқ, ал жеке меншік үлесі — 76 % құрады.
Осыдан байқайтынымыз, Польша мен Венгрияға нарыққа өтудін жедел «шоктық» варианты әбден келеді, ал бұл Ресей үшін болмайтын жай. Алайда Ресейде осы аталған өту варианты «500 күн» бағдарламасымен жүзеге асты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет