Кїнделікгі экономикалыќ ґмірде адамдар арасындаєы ќатынастар јр


XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты



бет9/12
Дата21.05.2022
өлшемі108,5 Kb.
#35222
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диас курсовой

XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:
әлеуметтік ахуалды жаксарту және кәсінкерлік қызметті одан әрі дамыту;
басқарудың тиімділігін арттыру;
өндіріс секторыла несие беру;
экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
аймақтық диспропорцияларды жою.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономика саясатының осы бағыттарына кенінен тоқталайық.
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсепі. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделеді. Ел Президенті: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі денгейіне төуелді болуы.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдығы біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзірге осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрылымдық саясат жоқ. Отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда, ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегиясы, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.
Мұнай өндеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өндеу және мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойыдды. Бұл тек өнеркәсіптін шикізат бағдарын жоюдын бірқатар жолдары.
Осы жұмыстың негізгісі-бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндет қойылды; — бәсекеге қабілетті өндеу өнеркәсібін құру.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың дамуындағы диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басындылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша, халыктың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын көшіп-қону саясатьш жасау міндеті қойылды. Осыған байланысты кәсіпкерліктің өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен қамту, азаматтық құқ, халықтың табыстары, нарықтың коньюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен мәселелердің бастаулары қиылысады.
XXI ғасырдың карсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясатының ең негізгі міндеттеріне толығырақ тоқталайық: әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын жақсарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет