1. Араласэкономиканың мәні, маңызы Күнделікгі экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол калыптаскан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде коғамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі: 1. Меншік типтері бойынша; 2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша. Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі: а) дәстүрлі экономика; ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика; б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика; в) казіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика. Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстұр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
ә) еркін бәсекелестік нарықтықэкономика ресурстарға жеке меншікгік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материатдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде коғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ, бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттаңды және оның ойында бұл болғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды-ақ жиі қызмет жасайды».
б) әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік-әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясынын ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады». Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығынын міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезендерде Англия мен АҚШ-да дәл солай жүзеге асты.
Әміршілдік-әкімшілдік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.