Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.
Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТР-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.
Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30-35% көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50%-ын және мемлекеттік меншік 15-20%-ды құрайды.
Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.
2. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА Өтпелі экономика типтерін өту процестерінің сипаты мен аукымы бойынша айырады. Әтпелі экономиканың ғаламдық және локалды типтерін бөліп қараймыз. Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге өтуімен байланысты: индустриалдық дәуірге дейінгіден индустриаддыққа өту немесе индустриалдықтан постиндустриалдыққа (ақпараттық); екі өркениетіліктен (шығыс және батыс) біркелкі әлемдік өркениетке өту. Жоғарыда аталған дәуірлер шеңберінде локалдық өтпелі процестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі моделдегі рыноктық экономикаға өту. Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі жономиканың локалды нышаны мен типтеріне қатты әсер етеді:
а) инерииялы экономика. Коғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінін сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциондық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрынғы ескі экономикалық түрлерді сақтауды жүзеге асырады. Экономиканы, оның түрін, жай-күйі мен құрылымын, кадрларды қайта оқытуды өзгерту, жаңа экономикалық ойды 5-10 жылда калыптастыру мүмкін емес, ал «500 күнде» жүзеге асыру қиын болмақ.
Казакстан Решубликасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциялығы ескеріліп, ескі әміршілдік-әкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ауыстыруға бет-бұрыс жасадды;
ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайда кез-келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген дұрыс;