136
Хабаршы.
Журналистика,
Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
ұлттық идеяларын «бір қазанға қайнатып» елдік
мүддені уысынан шығармады.
«Журналға «Айқап» деген есім бердік. Біздің
қазақтың «Əй, қап!» демейтін қай ісі бар?!» деп
журнадың шымылдығын ашқан ұлы қайраткер
М.Сералин империяның отаршыл саясатын ашық
бейнелеп, халықты қараңғылықтан шығаруды
көздеп осы бағыттағы ұлы қадамын қадап айтқан
еді.
Сералин журналдың 12-санында басылымның
жұрттың біразын оқуға бейімдеп, сауатын ашуға
сеп болғанын айтып, журналдың шығуына
жəрдемдескен бір топ азаматтарға, яғни, Со-
сновский, Тəңірберген Тұрысбеков, Сəдуақас
Шорманов, Ғабдулрахман Жүсіптерге жəне
оқырмандарына алғысын айтады [1].
4 жыл ішінде Троицк шаһарындағы «Энер-
гия» баспаханасында қазақ тілінде араб əріпімен
теріліп, алғашында айына бір рет, кейін екі
рет шығып тұрды. Қоғамның түрлі салаларын
қамтыған мақалалар шоғыры, қазақтың қоғамдық
ой-санасына серпіліс əкелді. Онда жер мəселесі,
саясат, əлеуметтік мəселелер, өнер руханият т.б.
тақырыптар кеңінен көрініс тапты.
«Қазақ даласына кеңінен тараған басылым
саны жайында Ғабдолғазиз Мұсағалиев бұл басы-
лымды 1000 оқушы алып тұратындығын жазды.
Мұның өзі журналдың таралымы бір ізге түсіп,
өрісін ұлғайтып, қанатын кеңге жая бастағанын
көрсетумен бірге төңкеріске дейінгі қазақ
халқының сауаттылық деңгейінен де хабардар
етеді» - дейді зерттеуші Нұрлан Асқаров[2,14].
«Айқап» өз кезеңіндегі үздік журнал болды.
Оның əр санын қазақ халқы асыға күтті. Оған
Қазақстанның барлық облысынан жəне Астрахань
губерниясына қосылған Бөкей Ордалары мен Кав-
каз округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Орал-
дан үзбей хаттар келіп тұрды. Əсіресе, Ақтөбеден,
Қостанайдан,
Қызылжардан,
Торғайдан,
Көкшетаудан,
Қарқаралыдан,
Семейден,
Аягөзден, Қапалдан, Шиеліден, Қызылордадан,
Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі
жарияланды.
Журнал жекелеген азаматтардың демеушілігі
мен оқушылардың жазылым ақысына сүйенген.
Журнал орташа форматты, 24 бетті болып жарық
көрген. Тұрақты айдарлардың ішінде «Өлең-жыр»,
«Фельетон», «Басқарушыдан», «Одан-бұдан», «Ха-
баршыларымыздан», «Мұсылмандар тіршілігіне
тиісті мəселелер» үзбей жазылып, тарихи-қоғамдық
өзгерістерге байланысты «Соғыс жайы», «Оқиғалар»
деген айдарлар да қосылып отырған. Сонымен
бірге, журналдың бағыт-бағдары, көтеретін негізгі
мəселелері редактор тарапынан бас мақалада айты-
лып, онда көбінесе саяси-əлеуметтік тақырыптар
сөз етілген [3,15].
«Айқап» журналының оқырмандарына ар-
нап үзбей шығармаларын арнап, қоғамдық өмірге
бей-жай қарай алмаған, өз пікірін оқырманмен
бөлісуге асыққан ұлы тұлғаларымыз Шəкəрім
Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəкен Сей-
фуллин, Бейімбет Майлин, Жұмағали Тілеулин,
Қошке Кемеңгеров жəне т.б. зиялы азаматтар
сүбелі үлес қосты. Бұл алыптардың ұлттық мүдде
жолындағы бір алаңда тоқайласуы болашақ
Алашорда үкіметінің құрылымдық бағытын
айқындаудың сара жолы осы «Айқап» журналы
жəне «Қазақ» газеттері арқылы көрініс тапты.
Бес жыл бойы жарық көрген басылым
мазмұнында рухани əлемімізде тың серпіліс
туғызған Алаш ардақтыларының тың идеяла-
ры жатқан еді. Ол идеялар осы журнал арқылы
біршама айқындалып, бірталай қаламгерлердің
тəжірибе алаңына айналды.
Журнал санында орын алған Шығыс
əдебиеттері мен қазақ ағартушыларының, тарихшы-
ғалымдарының көлемді мақалалары да басы-
лып отырды. Мысалы, Фирдоусидің «Шахнама-
сы», С.Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» атты
ғылыми мақалалары журнал оқырмандарын тар-
та білді. Оқырман үдесінен шығу қаншалықты
қиын болса, оның жүктелер жауапкершілігі одан
да тым батпан. М.Сералин қандай қиындық бол-
са да журналдың тоқтаусыз жарық көруіне аян-
бай тер төкті. Жан-жақтан шəкірттерін жіберіп,
оқырман жинау, демократтармен байланысты үзбей,
олардың ой-пікірлерін журнал бетіне басу – рухани
өркендеуге айрықша ыждаһат танытып, ұлы мақсат
көздеген шын жанашыр азаматтың ісі еді.
М.Сералин патшалы Ресейдің отарлау
саясатының түпкі мақсатын дөп басып тани біліп,
оны халыққа дұрыс түсіндіруде білгірлік таныт-
ты. «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген
мақаласында жаңа болыстық соттардың қазақы
дау-жанжалды шешуге икемсіз болып отырғанын
мысалдармен дəлелдеп, «болыстық сот құны
300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды.
Қазақ арасындағы жесір дауының құны көбіне
300 сомнан асып кететіндіктен дау-дамай қалай
шешілді» - деп орыстың заң жүйесінің қазақ ісін
шешуге сəйкес келмейтін дəрменсіздігін ашып
көрсетіп, ол үшін «Қазақ əрекеттері» деген кітап
шығару қажет дегенді айтады[4,32].
Отаршылықты айқын сынаған редактор
М.Сералин «Соңғы он жыл ішінде үкімет қырғыз-
қазақтарды отырықшы қылып өнер үйретейін,
өнеге алғызайын, көшіп азап шеккенше, отырықшы
болып 12-15 десятина жер алып отырсын деген
жоқ, жер ала алмағандардың жерін айламен кесіп
алмақ» [5]– деп отарлаудың түп мақсатын ашып
жазады. Жəне аңқау елге арамза болғандарды
əшкерелеп жұртына жол сілтейді. «Егінге жайлы
жерді алып қаламын дегендер қала салу керек.
Жақсы жерге жиылып қала салсақ «сен неге салып
жатырсың» дейтұғын ешкім жоқ. Қазақ қалаған
жеріне қала болып отырса, мешіт, медіресе салса,
қаланың маңайындағы егіндік жерлерді өлшетіп
138
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
Б тіш Омарова,
Баспа ісі және дизайн
кафедрасыны а а о ытушысы
ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ
БАСУ
МАШИНАЛАРЫ
В статье дается краткая информация о печатных
машинах и
традиционных способов печати, при-
меняемых на полиграфических предприятиях.
In article brief information on printing machines
and the traditional ways of the press applied at the
polygraphic enterprises is given.
П
олиграфиялық басу машиналары
жайлы қысқаша мəліметтер
Полиграфия
саласын-
да
қолданылатын
басу
жабдықтарының түрлері өте көп. Баспа-
полиграфиялық
өнімдердің
техникалық
көрсеткіштеріне–қолдану саласына, таралымы-
на, көлеміне, бояулығына, құрылымына, қағаз
ерекшеліктеріне, таңдалған басу əдістерінің
түрлеріне жəне тағы да басқа көптеген техникалық
сипаттамалары мен көрсеткіштеріне қарай, олар-
ды басып дайындайтын басу жабдықтарының
түрлері де əртүрлі келеді.
Басу машиналары басу аппараттарының
құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: тигельдік,
жазық жəне ротациялық болып үш типке бөлінеді.
Тигельдік машиналардың басу аппараты
жазық жатқан екі құрылымнан тұрады. Оның бірі
– жазық қалып орнатылатын талер. Екіншісі –
қағаз немесе басылатын материал салынатын ти-
гель құрылғысы. Тигельдік басу əдісі қалыбының
өлшемі шағындау жəне үлкен қысымды талап
ететін. Мұндай тигельді бір бояулы машиналар
тек шығыңқы басу əдісінде ғана – мұқабалар,
қаптама мұқабалар, бланкалар, шақыру билеттері