Л-фараби атында ы аза лтты



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата15.03.2017
өлшемі9,01 Mb.
#9967
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

Досан Баймолда,
Философия докторы, 
Абай атында ы  аз ПУ-ні                                     
журналистика 
кафедрасыны  ме герушісі
   ҚАЗАҚ ТІЛДІ 
ШЕТЕЛ 
РАДИОЛАРЫНЫҢ 
ҚОҒАМ ДАМУЫНА 
ӘСЕРІ
Б
үінгі 
күні 
қазақ 
халқының 
үштен  бірі  өз  тарихи  отаны  – 
Қазақстаннан тысқары жерде өмір 
сүріп  жатыр.  Əлемнің  40  шақты 
елінде 5 миллиондай қазақ тұратындығын ескер-
сек,  осы  қандастарымыз  үшін  Қазақстанның 
күнбе-күн  жаңалық  хабарларын  естіп  отыруы, 
олардың  рухани  тұрғыдан  қажеттілігі  екендігі 
түсінікті. Сондай-ақ тəуелсіз Қазақстанды əлем 
елдері  толықтай  танып,  оның  абырой  беделі 
халықаралық сахнада барған сайын өсіп бара жа-
тыр. Осы жағдайларды ескеріп əлемнің бірқатар 
мемлекеттері қазақ тілінде хабар таратады. Бұл 
мəселеде  бұқаралық  ақпарат  құралдары  ара-
сынан  радионың  орны  ерекше  болмақ.  Бұған 
қазақтар көп тұратын Қытай, Моңғолия, Түркия 
жəне  Иран  секілді  елдердің  қазақ  тілінде  ха-
бар  тарататын  радиоларын  жəне  АҚШ-тың 
қаржыландыруымен  қазақша  хабар  тарататын 
«Азаттық» радиосын жатқызуға болады.
  Кеңестік  заманда  тек  Қытайдың  өзінде 
қазақ  тілінде  хабар  тарататын  екі  радиостан-
ция  –  Бэжиндегі  Орталық  радио  бекеті  жəне 

118
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Шыңжаң  халық  радио  бекеті  жұмыс  істеді. 
Ал  Моңғолияның  Баян-Өлгей  аймағында 
қазақша хабар тарататын радиостанциясы жар-
ты  ғасырға  таяу  уақыт  жұмыс  істеп  келеді. 
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін Орта Азия 
аймағындағы  геосаяси  жағдайға  байланысты 
Иран Ислам Республикасы жəне Түркия елдері 
қазақша  хабар  тарататын  радиоларын  ашты. 
Ресей,  Өзбекстан  жəне  Қырғызстанда  қазақ 
тілінде  хабар  тарататын  жергілікті  шағын  ра-
диостанциялар  бар.  Ал  шетелдік  халықаралық 
радиостанциялардан «Азаттық» радиосы жарты 
ғасырдан  астам  уақыт  бойы  қазақша  хабар  та-
ратып  келеді.  Ал  1996  жылдан  қазақша  хабар 
таратып келген ағылшынның Би-Би-Си  радио-
станциясы  2006  жылдан  бастап  хабар  беруін 
тоқтатты. Енді жоғарыдағы қазақша хабар тара-
татын радиоларға жеке-жеке тоқталар болсақ:
1. Шыңжаңдағы халық радиосы 1955 жылы 
15  ақпанда  қазақша  алғашқы  хабарын  тарата 
бастады. Сол кезден бастап Шыңжаңның радио 
істерінде  жаңа  бір  бет  ашылды.  Қытайдағы 
қазақ  радиосының  алғашқы  дикторы  Кəрімбек 
Əлімбаев Шыңжаң радиосынан əлемге қазақша 
алғашқы  хабарды  қалай  жеткізгенін  былайша 
еске алады: «1955 жылдың 15 ақпаны өмірімдегі 
есімнен  кетпес  күн.  Сол  күні  диктор  Сарқыт 
Байтақова екеуіміз «Шыңжаң халық радио стан-
циясынан  сөйлеп  тұрмыз»  деп  радио  хабарын 
қазақша  дүниеге  тараттық.  Сол  күннен  бастап 
еліміздің радио тарихында қазақ үні эфирге та-
рады». [1]  
Шыңжаң халық радиосының басынан талай 
қиын кезеңдердің өткені белгілі.  1980 жылдар-
дан кейінгі уақытта Шыңжаңның барлық аймақ, 
облыс,  қала,  аудандарында  сымсыз  радио  ха-
барларын тарату жүйелері іске қосыла бастады. 
1985  жылдың  жағдайымен  Орталық  халық  ра-
диостанциясы жəне Шыңжаң халық радиостан-
циясынан  басқа  аймақ,  қала,  ауданға  хабар  та-
рататын 7 халық радиостанциясы құрылды. Бұл 
жаңадан ашылған радио бекеттері қытай, ұйғыр 
жəне  қазақ  тілдерінде  хабар  таратып  тұрды. 
Қазақ 
тіліндегі 
радиобағдарламаларының 
мазмұны,  сапасы,  пішіні,  кəсіби  деңгейі, 
техникалық  жабдықталуы  қоғам  талабына  сай, 
халықтың қажетіне қарай жақсара түсті. Бүгінгі 
күні Шыңжаңдағы қазақ радиосы партияның са-
ясатын насихаттаушы ірі күшке айналумен бірге 
халықтың жанашыры əрі сырлас досына айнала 
білді. [2] 
Шыңжаң  халық  радиостанциясының  қазақ 
редакциясы  1994  жылы  желтоқсан  айында  жа-
санды  байланыс  серігі  арқылы  қысқа  жəне 
орта  толқындарда  жəне  интернет  байланысы 
арқылы күніне 18 сағат бойы қазақша хабар та-
рата бастады. Қазақ тіліндегі бұл бағдарламалар 
Шыңжаң өлкесін толық қамтумен бірге көршілес 
Моңғолияны,  Қазақстанды,  Қырғызстанды, 
Ресейді,  Тəжікстанды  тіптен  Азияның  басқа 
мемлекеттерін  жəне  Тынық  мұхит  жағалауы 
елдеріне дейін толықтай қамтып отыр. Шыңжаң 
халық  радиосының  қазақ  тіліндегі  күнделікті 
хабарларын  кез  келген  уақытта  интернет 
арқылы  тыңдауға  болады.  Ол  үшін  Шыңжаң 
радиосының қазақша интернет сайтына кіру ке-
рек.  Шыңжаң  қазақ  радиосының    интернеттегі 
адресі  -  www.xjbs.com.cn.  Осы  адрес  арқылы 
Шыңжаң  радиостанциясының  қазақ  тіліндегі 
хабарын  жəне  одан  басқа  қытайша,  ұйғырша, 
қырғызша жəне моңғолша хабарларын тыңдауға 
болады.   Қазақша интернет сайты 2003 жылы 17 
желтоқсанда  ресми  түрде  ашылды.  Қытайдағы 
бірден-бір  қазақша  хабар  сайты  саналатын 
«Шыңжаң  хабарлары  сайтының  қазақша  тор 
бетінің»  құрылымдық  жағдайына  тоқталар 
болсақ:
–  Тораптың  (сайттың)  негізгі  бетінде  ра-
диода  күн  сайын  берілетін  сан  алуан  хабарлар 
туралы,  арнайы  бағдарламалар  жайында  жəне 
радионың  басты  мақсаты  жəне  ерекшелігі  ту-
ралы  айтылады.  Осы  тор  бетіндегі  хабарлар 
мен бағдарламаларды интернет арқылы тікелей 
тыңдай аласыз.
–  Бұл  торап  беті  ұлттық  сипатта,  көркем 
жазумен  өрнектелген.  Торап  бетінде  əдебиет-
көркемөнер, тұрмыс ақылшысы, оқу-ағарту, су-
реттер жинағы секілді қосымша беттер бар.
–  Əдебиет-көркемөнер  бетіне  осы  салаға 
қатысты  хабарлар,  қазіргі  заман  əндері,  əдеби 
əңгімелер,  радио  театры,  қызықты  көріністер, 
комедиялық  қойылымдар,  ақындар  айтысы, 
өнер иелері жайындағы хабарлар енеді.
–  Тұрмыс  ақылшысы  бетінде  қазақ 
халқының  ұлттық  тағам  түрлері  таныстырыла-
ды. Сонымен бірге жанға жайлы саяхат орында-
ры,  денсаулыққа  қатысты  ақыл-кеңестер,  түрлі 
тағамдардың жасалу əдістері таныстырылады.
–  Оқу-ағарту ұлт сапасына тікелей байла-
нысты маңызды фактор. Мұнда сіз оқу-ағартуға 
қатысты  хабар-ошардан  дəл  уақытында  хабар-
дар бола аласыз. Қытайша, қазақша хабарларды 

119
көріп отырып, салыстыра үйренуге болады.
–  Суреттер  жинағы  бетінде  суретті  ха-
барлар  көрсетумен  бірге,  əдет-ғұрыптық, 
тұрмыстық əдемі, əжуа суреттер қойылады.
–  Станция  ахуалы  бетінде  қазақ  тіліндегі 
бағдарламалар  таныстырылады.  Сондай-ақ 
қазақ тіліндегі бағдарламалардың уақыт кестесі, 
қазақ  редакциясында  еңбегі  сіңген  азаматтар 
мен  азаматшалар  туралы  қысқаша  таныстыры-
лады. Сонымен бірге радио тыңдармандары мен 
жанашырларынан  келген  хаттардың  мазмұны 
ашық  жарияланып,  жұртшылық  назарына 
ұсынылып отырады.
Шыңжаң халық радиосының қазақ тіліндегі 
бағдарламасы өзінің хабарын таңғы сағат 08.00 
бастайды.  10  минуттық  қысқа  жаңалық  хабар-
ларынан соң концерттік бағдарлама, одан кейін 
егіншілерге,  малшыларға  арналған  арнайы 
бағдарлама  жəне  орталық  радиостанциясының 
қазақ  тіліндегі  бағдарламасы  беріледі,  сағат 
10.30 бастап үзіліс жасайды. Сағат 13.30 түстен 
кейінгі бағдарлама басталады. 13.35 «Тянь-шань 
алабында» бағдарламасы, одан кейін концерттік 
бағдарлама, халықаралық жаңалықтар беріледі. 
15.00 екінші үзіліс болады. Кешкі бағдарламасы 
20.00  басталып  түннің  01.00  сағатында 
аяқталады.  Шыңжаң  қазақ  радиосы  орта  жəне 
қысқа толқындардың  909, 954, 972, 990, 4970, 
5440 кгц жиіліктерінде өз хабарын таратады.
2.  2010  жылдың  шілде  айында  өзінің 
орнағандығының  70  жылдығын  тойлаған 
Моңғолияның  Баян-Өлгей  аймағы  1940  жыл-
дан  бері  «ұлттық  аймақ»  деген  мəртебеге 
ие.  Моңғолия  қазақтарының  осы  ұлттық 
ерекшелігін ескерген Моңғолия үкіметі о бастан 
қазақ баспасөзін, қазақ тілінде хабар тарататын 
радионы  дамытуды  қолға  алды.  Моңғолияның 
батысындағы ең қиыр, ең алыс өлке саналатын 
Баян-Өлгей  аймағының  қазақ  тұрғындарына 
арналған  қазақ  тіліндегі  алғашқы  хабар  1944 
жылдан  эфирге  тарай  бастады.  Қазақша  бұл 
радиохабарларында  алдымен  аймақ  өміріндегі 
жəне  елдегі  жаңалықтар  сондай-ақ  шетел 
жаңалықтары  да  берілетін.  Негізгі  хабар-
лар  халықты  білім  алуға,  өнерге,  мəдениетке 
жəне  мал  шаруашылығын  өркендетуге  үндеген 
Моңғол  Халық  Революциялық  Партиясының 
саясатын  бұқара  халыққа  таныстыру  соны 
үгіттеген  үгіт  насихат  жұмыстарына  арнал-
ды.  Бұл  заман  талабы  еді.  Қазақша  хабарлар-
ды  Бай-өлкеден  басқа  көршілес  Қобда,  Увс 
аймақтарында  тұратын  қазақ  ағайындар  жəне 
кейде шекараның аржағындағы қазақ ағайындар 
да тұрақты тыңдай бастады. 
Алтай  тауларының  бөктерінде  мал  бағып, 
күн  көрістерін  тауып  келген  Моңғолия 
қазақтары үшін радио үкімет саясатын насихат-
тайтын тиімді құрал болумен бірге 120 мыңдай 
халқы  бар  аймақ  тұрғындарын  ішкі  жəне 
сыртқы  жағдайлармен,  түрлі  оқиғалармен  дер 
кезінде  таныстырып  отырды.  Яғни  халықтың 
көзін  ашып,  сауатты  болуына  көмекке  келді. 
1961  жылы  қазақ  аймағының  өмірінде  алғаш 
рет Чехословакия елінің техникалық көмегімен 
аймақ  орталығы  –  Өлгей  қаласында  қазақ 
тілінде радио хабарларын тарату станциясы ор-
нады.  Ол  үшін  1435  гц  жиілікте  хабар  тарата-
тын 60 квт күш қуаты бар, 365 метр биіктікте, 
47  бөліктен  тұратын,  170  тоннадай  салмағы 
бар,  сол  жылдары  Азия  құрлығындағы  ең  биік 
антенна  орнады.  Чехословакияның  көмегімен 
салынған  бұл  радиостанцияның  хабар  тарату 
ұзақтығы  500  шақырымдай  еді.  Яғни  қазақша 
хабар  Бай-өлкеден  алыс  Шыңжандағы  қазақ 
бауырларларға, Ресейдің Қос-ағаш ауданындағы 
қазақтарға  тіптен  Шығыс  Қазақстанға  дейін 
жететін. 
Моңғолия  қазақтары  ертеден-ақ  өздеріне 
қажет  күнделікті  ақпаратты  12  сағат  бойы  ха-
бар беретін Моңғол радиосынан, əр күн сайын 
кешкісін  қазақша  хабар  беретін    Өлгей  радио-
сынан  жəне  Қазақстаннан  шетелдік  қазақтарға 
арнап  берілетін  «Шалқар»  радиосынан  жəне 
орталығы  Германияның  Мюнхен  қаласында 
орналасқан  «Азаттық»  радиосынан  ғана  алып 
тұрғаны  тарихи  шындық.  Ол  кез  коммунистік 
идеологияның  үстемдік  етіп  тұрған  кезі 
болғандықтан  АҚШ-тың  қаржыландыруымен 
қазақ  тілінде  хабар  беретін  «Азаттық»  радио-
сы  хабарларын  емін-еркін  тыңдауға  болмай-
тын  уақыт.  Сондықтан  кейбіреулер  шындық 
ақпаратты іздеп «Азаттықты» жасырын тыңдаса, 
ал кейбіреулері шекара сыртында қалып қойған 
ағайындарын 
сағынғандықтан 
«Шыңжаң» 
радиосының  қазақшасын  да  тыңдайтын. 
Өйткені  ол  уақыт  интернет,  компьютер  зама-
ны емес, аймақ тұрғындарының көбісі орысша, 
ағылшынша  тұрмақ  моңғолшаның  өзін  жары-
тып білмейтін кез еді. [3] 
Бүгінгі 
күні 
Баян-Өлгей 
қазақтары 
Қазақстаннан «Қазақ» радиосын жəне  «Азаттық» 
радиосын  тыңдай  алады.  «Қазақ»  радиосының 

120
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
жəне  «Азаттық»  радиосының  хабарлары 
ондағы халықтың ақпараттық қажеттігін толық 
өтейды деп айта аламыз. Сондықтан осы екеуін 
тыңдауға  асығып  отырады.  Ал  Баян-Өлгейдің 
өзінде  көпшілікпен  тұрақты  түрде  дидарласып 
тұратын негізгі ақпарат құралы –«Баян-Өлгей» 
қазақ  радиосы  ғана.  Радио  күніне  жергілкті 
уақыт бойынша кешкі сағат 21.00-22.00 арасын-
да  1  сағат  хабар  таратады.  Əрі  Моңғолиядағы 
мемлекет қаржыландыратын бірден-бір ақпарат 
құралы.  
3.  Ирандағы  қазақ  радиосы  1996  жылы 
20-маусымда ресми түрде ашылды. Əрине ресми 
қызметіне кірісуден бұрын Иран қазақтарының 
дені  тұратын  Гүлістан  аймағының  орталығы 
Горган қаласында 6 айдай дайындық жұмыстары 
жүрілді,  ең  алдымен  радиоға  қажет  адамдар 
іздестірілді.    Радиоға  іріктелген  кісілер  пар-
сы  тілінен  қазақшаға  аударма  жасауға  жəне 
дикторлық шеберлікке жаттығып, дайындалды. 
Бүгінгі күні ел астанасы Тегеранда орналасқан 
Иран  радиосының  қазақ  бөлімі  күніне  бір 
сағат  хабар  береді.  Радионың  бір  сағаттық 
бағдарламасында ең маңызды деген жаңалықтар 
назардан тыс қалмайды. Бұл ақпарат құралдары 
үшін  ақпараттарды  Иранның  ИРНА  ақпарат 
агенттігі,  орталық  хабар  бірлестігі  таратады. 
Журналистер  бұл  агенттіктер  дайындаған  ха-
барларды  қазақшаға  аударып  дайындайды.  Бір 
сағаттың жартысы дайын хабарларға арналады. 
Бұлар – дінтану, өлкетану, Иранның тарихы мен 
мəдениеті,  əдебиеті  жайында.  Қалған  жарты 
сағаты  тікелей  эфирдегі  жаңалықтарға,  саяси 
шолуларға арналады. [4]  
Иран 
радиосының 
қазақша 
хабар 
редакциясының  интернет  сайтындағы  ақпарат 
деректер  бойынша  Иран  радиосы    мемлекет 
меншігіндегі радио болып саналады. Аудитория-
сы Қазақстан мен Орта Азияға бағытталған. Дін 
жəне  Иранның  жүргізіп  отырған  саясаты  жай-
лы  Батыстың  ақпарат  құралдарының  бұрмалап 
тарататын хабарларына төтеп беру мақсатында 
дүниеге  келген.  Бүгінде  онда  оншақты  журна-
лист  жұмыс  істейді.  Бұл  радионың  ашылуына 
ондағы  қазақ  диаспорасының  өкілдері  белсе-
не  атсалысқан.  Қазақстан  тəуелсіздік  алғаннан 
кейінгі  жылдары  Иранға  білім  алуға  барған 
қазақстандық жас студенттер жаңадан құрылған 
қазақ редакциясының қалыптасуына көмектесіп, 
сондағы  қазақ  диаспорасы  өкілдерімен  етене 
бірге жұмыс істеді. 
Қазақстан мен Орталық Азияда бұл радионың 
тілшілері жоқ. Иран телерадиокорпорациясының 
аймақтарындағы  тілшілері  дайындаған  ма-
териалдарды  қазақ  бөлімінің  журналистері  
қазақшалайды.  Əзірге  осылай  жұмыс  істеп 
отырған  жағдайда.  Қазақша  хабар  тарататын 
редакцияға керек материалдардың барлығы пар-
сы  тіліндегі  актуалды  материалдар  негізінде 
дайындалады яғни тəржімаланады. Алғашында  
радио күніне жарты сағаттан хабар беріп тұрып, 
кейін күніне бір сағатқа дейін ұзарған. Əлбетте 
сол  бір  сағаттық  бағдарлама  тəулік  бойында 
тағы бір рет қайталанады. Сонымен Иран қазақ 
радиосының  бағдарламасы  Астана  уақытымен 
əр  күні  кешкі    21  сағат  00  минутта  басталып, 
22.00  дейін  бір  сағат  бойы  жүргізіледі.  Иран 
қазақ  радиосының  күнделікті  хабар  тарататын 
бағдарлама кестесі төмендегідей:
–Иранның əнұраны
–Құран  аяттарынан  үзінді  жəне  оның 
қазақша түсіндірмесі
–Амандасу  жəне  сол  күнгі  хабарлардың 
мазмұнымен таныстыру
–Жаңалықтар
–Саяси  сараптама  (əдетте  екі  жарым  ми-
нуттан  үш  минут  аралығында  екі  сараптама 
ұсынылады)
–Лентаға жазылған дайын бағдарламалар
–Діни,  тарихи,  əдеби,  өлкетану,  Иранта-
ну,  өнер,  мəдениет,  əлеуметтік  тағы  басқадай 
тақырыптардан құралады.
Мысал ретінде :
«Нұрлы жол»  бағдарламасында Құран аят-
тарына түсінік беріледі.
«Америка  тынысы  өткен  аптада»    атты 
апталық сараптамалық хабар
«Орталық  Азия  тынысы  өткен  аптада» 
апталық сараптамалық хабар.
«Фирдуси ақын жəне оның еңбегі Шахнама 
туралы» əдеби танымдық хабар.
4. Қазақстан тəуелсіздігін алғаш мойындаған 
елдің  бірі  Түркия  қазақ  тілінде  хабар  тарата 
бастағалы  он  шақты  жылдың  жүзі  болыпты. 
Бүгінгі  таңда  Түркияның  шетелге  бағытталған 
радиохабарларын тарату қызметі (ТРТ) «Түркия 
үні»  радиосы  арқылы  жүргізіледі.  Бүгінде 
барлығы  32  тілде  хабар  тарататын  «Түркия 
үні»  радиосы  (Voice  of  Turkey)  қазақ  тіліндегі 
өз  хабарларын  қысқа  толқынды  таратқыштар, 
жерсерігі  жəне  интернет  арқылы  əлемнің 
барлық  жеріне  жеткізе  алады.  «Түркия  үні» 

121
радиосы жергілікті FM радиоарналарын пайда-
лану арқылы да тарату байланыстарын кеңейте 
түсуді,  неғұрлым  тыңдармандарына  жақын  бо-
луды жəне эфирдің жергілікті мазмұнын артты-
руды  көздейді.  «Түркия  үні»  радиосы  сенімді 
бұлақтардан  алынған  хабарларын  бейтараптық 
принципті  ұстанып,  тыңдармандарына  тез, 
жылдам  жаткізуге  асығады.  «Түркия  үні»  ра-
диосы  тыңдарманға  арналған  тартымды  жəне 
қызық  бағдарламаларымен  өзін  дамытуды, 
сол  арқылы  əлемнің  сенімді  ақпарат  көзіне 
айналуды  мақсат  етеді.  Түркияның  аймақтық 
ынтымақтастығын,  көршілерімен  тату-тəтті, 
жақсы қарым-қатынасын дамытуға бағытталған 
саясатына сəйкес, «Түркия үні» радиосы өзінің 
эфирінде  бейбіт  жəне  мəдени  ынтымақтастық 
тақырыптарына  қатысты  хабар,  бағдарламалар 
дайындауға баса көңіл бөледі. [5]  
  «Түркия  үні»  радиосының  қазақша  ре-
дакциясы  1998  жылы  қыркүйек  айында  ашыл-
ды.  Бүгінгі  таңда  редакцияның  жұмыс  істеп 
келгеніне  13  жыл  толып  отыр.  1998  жылы  1 
сағаттық  эфирмен  өз  жұмысын  бастаған  ре-
дакция бүгінгі таңда күніне жарты сағат эфир-
ге  шығады.  Қазақ  редакциясы  басқа  редакция-
лар  секілді  толығымен  мемлекет  тарапынан 
қаржыландырылады.  Қазақ  редакциясы  ТРТ 
сыртқы  эфирлер  басқармасы  құрамындағы 
редакциялардың бірі болғандықтан бір мақсатта, 
яғни  Түркияны  шетелде  таныту  үшін  қазақша 
сөйлеген  аймақтардағы  тыңдармандарға  өз 
бағдарламаларын таратады. Өзінің жеке интер-
нет  парақшасы  бар.    Интернет  парақшасының 
адресі: www.trt.net.tr
  «Түркия  үні»  радиосының  мақсаты  мен 
міндеті: 

Түркияның 
мемлекеттік 
радиосы 
болғандықтан,  мақсат  –  Түркияны  таныту. 
Оның  ішкі-сыртқы  саясатын  насихаттау.  Соған 
орай Түркия мен əлемде болып жатқан маңызды 
оқиғаларды беріп тұру. Түркияны мəдени, əдеби 
жəне рухани жағынан таныстыру мақсатында ха-
барлар  дайындау.  Радио  соңғы  жаңалықтармен 
бірге,  Орталық  Азия  жəне  əлемде  болып 
жатқан  оқиғаларға  сараптама  жасайды  əрі  осы 
оқиғаларға  орай  Түркияның  ресми  көзқарасын 
білдіріп  отырады.  Сонымен  қатар,  радио  түрлі 
байқаулар  ұйымдастырып,  тыңдармандардың 
назарын  аударуға  тырысады.  Редакцияның 
қазақша хабар тарату бағдарламасы мемлекеттік 
ережелерге  сай  жасалады.  Яғни  бағдарламалар 
əуелі  түрік  тілінде  ТРТ  құрамындағы 
бағдарламашы  мамандар  тарапынан  акту-
альды  түрде  дайындалып,  тексеруден  өткен 
соң  барлық  редакциялар  өз  бағдарламаларын 
өз  тілдеріне  аударып  эфирге  шығарады.  Бұл 
Түркиядағы  қазақ  радиосы  бағдарламасының 
қалай  жасалатындығының  бір  өзгешелігі  əрі 
ерекшелігі болса керек.  Қазақ редакциясының 
бағдарлама жүргізушісі Уфук Тузманның айту-
ынша, бұл бағдарламалар үш ай бойы эфирден 
беріледі де, сонан соң не ары қарай жалғасады, 
не болмаса редакцияның талабы бойынша жаңа 
бағдарламалармен  жаңартылып  өзгереді.  Қазір 
қазақ  редакциясының  бағдарламасы  төмендегі 
тақырыптар мен айдарларды қамтиды:
–  Жаңалықтар  (Түркия  жаңалықтары  жəне 
əлем жаңалықтары) 
–Түрік  баспасөзіне  жəне  əлем  баспасөзіне 
шолу 
–Түрік  музыкасын  таныстыру  (музыкалық 
хабар) 
– Ататүріктің өсиеттері-естеліктері жəне та-
рих беттері 
 –Анатолы аңыздары мен лебіздері
 – Түркия жəне сыртқы əлем
       – Тарих бойынша түрік астаналары жəне 
Түркі əлемінен жаңалықтар
– Түрік жəне Қазақ əлемі 
«Түркия 
үні» 
радиосының 
қазақша 
бағдарламалары күн сайын Астана уақытымен сағат 
19.30 (жазда)/ 20.30-да (қыста) эфирге беріледі.
Жылына  4  маусым  (3  айда  бір  рет) 
бағдарламалардың  тақырыбы  мен  эфирге 
шығатын толқын көрсеткіштері өзгеріп отырады. 
Қазақша бағдарламасы қысқа толқында 25 метр, 
11880 килогерцтік жиіліктен Астана уақытымен 
сағат  19.30-да  хабарын  бастайды.  Сондай-ақ 
жаңалықтар  мен  барлық  бағдарламалардың 
қазақша  мəтіндері  мен  үн-жариясы  интернет 
парақшасында күнделікті жарияланады. 
5.  Шетелдегі  қазақ  тілінде  хабар  тарата-
тын  радиостанциялар  арасынан    АҚШ-тың 
қаржыландыруымен əлемнің 28 тілінде хабар та-
рататын «Азаттық» радиосы 60 жыл бойы хабар 
таратып келе жатыр. «Азаттық» радиосы алғаш 
құрылған  күнінен  бастап  ұстанған  қағидасы 
тек  шындықтың  жаршысы  болу  арқылы 
демократиялық  қоғам  орнатуға,  нарықтық 
экономиканы  дамытуға  ынталандыру,  соған 
көмектесу  болды.  Кеңестік  дəуірде  «Азаттық» 
радиосы  туралы  саяси  себептерге  байланысты 

122
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Қазақстан жұртшылығына бір жақты хабар ай-
тылып,  сыңар  жақты  тұжырымдар  жасалып 
келді. Ал шын мəнінде ол кезде «Азаттық» ра-
диосы əлемде жəне Қазақстанда болып жатқан 
нақты оқиғаларды хабарлап таныстыруда, басқа 
ақпарат  құралдарына  қарағанда  көш  ілгері 
тұрды.  «Азаттық»  радиосы  бір  кезде  аттарын 
атауға,  жазып  қалдырған  еңбектерін  зерттеуге 
тыйым салынған Алашорда қайраткерлері, қазақ 
халқының үштен бірін құрбан еткен ашаршылық 
апатының  шындық  жағдайы  жəне  басқа  да 
қазақ  халқының  тарихтағы  ақтаңдақ  беттерін 
жұртшылыққа  естіртіп,  оны  үнемі  жария  етіп 
отырды.  Яғни  «Азаттық»  радиосы  тəуелсіз 
Қазақстан  үшін  тарихи  маңызы  зор,  сондай-ақ 
соған  лайықты  қызмет  атқарды  деуге  болады. 
«Азаттық»  радиосының  интернеттегі  сайты 
azattyq.org.  «Азаттық»-тың  хабарлары  Астана 
уақтыт  бойынша  күн  сайын  таңертеңгі  сағат 
7:00-8:00, ал кешкісін  19:00-20:00 дейін қысқа 
толқында 7170, 9665, 11845 кгц жиіліктерде та-
райды.  Алматы  қаласы  жəне  оның  маңайының 
тұрғындары  «Азаттық»  хабарларын  таңертеңгі 
7:00-8:00,  кешкі  19:00-20:00  аралығында  AM 
орта  толқынының  1341  кгц  жиілігінен  тыңдай 
алады.
                        
1. «Шұғыла» журналы, 2005 жылғы 10 қазан
2. «Эфирдегі 50 жыл». Шыңжаң баспасы, 2005
3.  Ш.Рахметұлы. «Жел Қанат Құс».–2005   
4.  http://kazakh.irib.ir
5. www.trtkazakh.com. 
6. Баймолда. Д «Азаттық радиосы:тарихы мен тəжірибесі», 2009, Алматы

123
 Орынтай Ошанова, 
 
телевизиялы  және 
радиожурналистика                                    
кафедрасыны  доценті, ф. .к
АУДИТОРИЯМЕН 
БАЙЛАНЫС 
ОРНАТУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Статья посвящена изучению психологических 
навыков телерадиожурналиста. Автор рассма-
тривает особенности психологического пове-
дения журналиста и применяемые приемы для 
воздействия на аудиторию.
Article is devoted to the study of psychological 
skills, tele-radio journalist. The author examines 
characteristics of the psychological behavior of a 
journalist and applied techniques to infl uence the 
audience.
А
уызша 
сөйлеудің 
шеберлігін 
танытудың жолы, əрі сөйлеушінің 
сөзінің  тиімділігінің  маңызды 
шарты  –  тыңдаушылармен  байла-
ныс орнату. Шынында да сөз тыңдау үшін, дұрыс 
қабылдану үшін, əсерлілігімен есте қалу үшін ай-
тылады.  Сөйлеушіні  тыңдамаса,  əркім  өз  ісімен 
шұғылданып отырса, онда оның еңбегі зая, сөздің 
тиімділігі нөлге тең. 
Аудиториямен байланыс орнату дегеніміз не?
Психологтардың айтуынша контакт дегеніміз 
оратор  мен  аудиторияның  психологиялық  жағ-
дайының  ортақтығы  немесе  жалпылылығы,  бұл 
сөйлеуші  мен  тыңдаушы  арасындағы  өзара  түсі-
ністік.  Ортақтық  қандй  жағдайда  пайда  болады? 
Ең  алдымен  бірлескен  ой  қызметінің  негізінде, 
яғни сөйлеуші мен тыңдаушының ортақ мəселені 
шешулері керек, біртекті сұрақтарды талқылаулары 
керек,  оратор  тақырыпты  мазмұндап  түсіндірсе. 
Тыңдаушылар оның ой желісінің дамуымен ілесіп 
отырады.  Егер  оратор  бір  нəрсе  туралы  айтып 
тұрса,  тыңдашылар  басқа  мəселе  туралы  ойлап 
отырса, онда өзара байланыс жоқ. Аудитория мен 
оратордың  бірлескен  ой  қызметін  ғалымдар  ин-
теллектуальды ой тілектестігі деп атайды. 

124
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Халықта  “сөз  жартылай  сөйлеушінің 
иелігінде,  жартылай  тыңдаушының  құзырында” 
деп тегін айтылмаса керек.
Өзара ортақ байланыс туу үшін эмоционалдық 
тілектестіктің ролі де маңызды, яғни оратор мен 
тыңдаушылар  бірдей  сезімді  бастан  кешулері 
керек.  Қозғалып  отырған  тақырыпқа  деген 
сөйлеушінің  қатынасы,  оның  қызығушылығы, 
сенімділігі тыңдаушыларға беріледі жəне кері бай-
ланыс тудырады. Яғни оратор мен аудиторияның 
арасындағы  байланыс  егер  екі  жақ  та  бірдей  ой 
қызметімен  шұғылданып,  бірдей  сезімді  бастан 
кешірген жағдайда ғана туады деген сөз.
Психологтардың айтуынша оратор мен аудито-
рия арасыдағы тығыз байланыс тудырудың қажетті 
алғышарты ол – оратордың тыңдаушыларға деген 
шынайы, нағыз сыйластық сезімі мен оларды тең 
дəрежеде ой бөлісетін əріптес, жолдас деп мойын-
дауы. 
Байланыстың орнағаны немесе орнамағанын 
қалай  анықтау  керек?  Оратордың  жəне 
аудиторияның  іс-қимылынан  сырттайғы  бай-
ланыс  деңгейі  көрінеді.  Оратор  сөйлеп  тұрған 
сəтте  көп  жағдайда  залда  тыныштық  орнай-
ды,  бірақ  үнсіздік  əр  түрлі  болады.  Кейбір  ора-
торларды  тыңдаушылар  демін  ішке  тартып,  бір 
сөзін  жіберместен  тыңдайды.  Сөйлеушінің  əзіл-
қалжыңдары  залда  қозғалыс,  күлкі,  жымиыс 
тудырғанымен,  оратор  сөзін  қайта  жалғағанда 
кілт  тиылады.  Келесі  бір  ораторлар  сөз  алғанда 
тыңдаушылар  үндемей  отырады,  бірақ  оның 
əр  сөзін  қағып  алып  отырғаннан  емес,  тек 
оған  кедергі  келтірмеу  үшін,  бұл  “сыпайы” 
үнсіздік.  Тыңдаушылар  отыруы  отырады,  тəртіп 
бұзбайды,  өзара  сөйлеспейді,  күбірлеспейді, 
бірақ  тыңдамайды,  оратормен  бірлесіп  жұмыс 
істемейді, олар ойша басқа нəрсені ойлап отыра-
ды, сондықтан да бұл тыныштық сөйлеуші ауди-
ториямен байланыс орнатты дегенді білдірмейді. 
Сөйлеуші  мен  тыңдаушының  арасындағы 
өзара түсіністіктің басты  көрсеткіші – сөйлеушінің 
сөзіне  деген  дұрыс  реакция,  тыңдаушылардың 
сырттайғы  іс-қимылынан  сөзді  тыңдауға  деген 
ниеттің  байқалуы  (отырыстары,  ойлы  көзқарас, 
сөзді бас изеп құптап отыру, күлкі, қол соғу), бұл 
залдағы ынтымақтастықтың көрінісі. 
Егер  байланыс  орнаса  немесе  орнамаса  оны 
оратордың  іс-əрекеттерінен  де  көруге  болады. 
Сөйлеуші  сенімді  сөйлесе,  өзін  табиғи  қалыпта 
ұстаса,  тыңдаушыларға  жиі  сұрақ  қойса,  барлық 
залды  көз  аясына  сыйдыра  білсе,  яғни  ол  ауди-
ториямен  тіл  табысты  деген  сөз.  Аудиториямен 
байланыс  орната  білмейтін  адам  тұтығып,  анық 
сөйлемейді, көз алдында отырған тыңдаушыларды 
көрмейді, олардың іс-қимылдарына мəн бермейді. 
Дұрыс байланыс орнату үшін төмендегідей жайт-
тарды ескеру керек:
-  талқыланатын мəселенің өзектілігі;
-  проблеманы жаңа қырынан көтеру;
-  қызықты мазмұнда баяндай білу;
- сөз бен істің бірлігі, яғни аудиториямен бай-
ланыс орнататын оратордың жеке басына қатысты 
жайт,  оның  беделі,  ол  туралы  қалыптасқан 
қоғамдық  пікір  ықпал  етеді.  Сөйлеуші  білімдар, 
білікті,  ұстанымы  берік,  сөзі  мен  ісі  қабысып 
жататын,  айтқан  сөзінде  тұратын  жан  бол-
са  онды  ол  адамға  деген  аудиторияның  сенімі 
жоғары  болады.  Сөз  бен  істің  бірлігі  –  оратор 
қызметінің адамгершілік қағидасы, əдептілік пен 
сыпайылықтың  межесі,  бұл  өзара  түсіністіктің 
маңызды шарты, оған қойылатын басты талап;
-  аудиторияның  ерекшелігін  ескеру  -  өзіңіз 
алдына  шығып  сөз  сөйлейтін  тыңдаушылардың 
ерекшелігін  ескеру  маңызды  нəрсе.  Ең  басты-
сы  –  аудитория  құрамының  біртекті  немесес 
əр  түрлі  екенін  біліп  алу.  Біртекті  дегеніміз  – 
тыңдаушылардың  жасы,  жынысы,  ұлты,  білім 
деңгейі, кəсіби мүдделері, көңіл күйлері деңгейлес 
болып  келуі.  Аудиторияның  біртекті  болуы 
олардың реакцияларының бірдей деңгейде болып 
жəне сөйлеуші сөзінің жеңіл қабылданатындығына 
кепілдік береді. Ал егер аудиторияның құрамы əр 
түрлі болса онда оратордың қосымша күш-жігер 
жұмсауына, тер төгуіне тура келеді. 
Аудиторияның  басты  белгісі  –  сапалық 
құрамы.  Негізінен  алғада  көпшіліктің  немесе 
азшылықтың алдында сөйлесең де тақырыбыңды 
жақсы  біліп,  меңгерген  болуың  керек.  Қағаздан 
оқып  тұру  жақсы  пікір  тудырмайды,  ораторға 
аудиторрияның көңіл күйін басқаруды үйрену ке-
рек, егер қажет болса өзгерте де білу керек.
– Тыңдаушылардың психологиясын білу. Ора-
тор мен аудиторияның арасындағы байланыстың 
орнауына тыңдаушылардың кейбір психологиялық 
ерекшеліктері  де  əсер  етеді.  Тыңдашылар 
ораторға басты талаптарын қояды, яғни олар тіл 
қатысу процесінде басты рөлді сөйлеушіге береді, 
ал  ол  өз  кезегінде  олар  артқан  үмітті  ақтауы  ке-
рек.  Тыңдаушылар  оратордың  іс-қимылынан 
сенімділікті,  түр  əлпетінен  сабырлылық  пен 
кісілікті, дауысынан шешімділік пен қатаңдықты 
сезінулері керек.   
Оратордың көпшілік алдында пайда болуының 
өзі  аудиторияға  психологиялық  тұрғыдан  əсер 
етеді.  Жүріс-тұрысы,  өз-өзін  ұстауы  оратордың 
табысты сөз сөйлейтінінен хабар беріп тұруы тиіс, 
бірде-бір  адамның  ойында  сəтсіздік  туралы  ой 
қылаң бермеуі керек. Сөйлеудің алдында сөйлеуші 

125
келеңсіз  оқиғаға  ұшырауы,  күтпеген  қиындыққа 
кезігуі, тіптен өз-өзін дұрыс сезінбеуі мүмін. Бірақ 
аудиторияны оратордың жеке басының проблема-
лары  қызықтырмайды.  Яғни  оған  шынайы  көңіл 
күйін  жасырып,  бəрін  ұмытып,  тек  бар  ынта-
ықыласын сөйлейтін сөзіне аударуы қажет.
Белгілі  орыс  педагогы  А.С.Макаренко  бала 
тəрбиелеушілерді былайша оқытқан: “Настроение 
у вас может быть каким угодно, а голос у вас дол-
жен быть настоящим, хорошим, твердым голосом. 
Никакого отношения к вашему голосу настроение 
не имеет. Нужно сделать так, чтобы ваша физио-
номия,  ваша  глаза,  ваш  голос  были  в  некоторых 
случаях автономными”.
Аудиторияның  психологиялық  ерекшелігі 
–  тыңдаушылардың  бір  мезетте  көрермендер 
болуы.  Оратор  трибунада  пайда  болысымен, 
тыңдаушылар  оны  сынап,  бағалай  бастайды, 
бір-бірімен  пікір  алмасады.  Ең  бірінші  кезекте 
тыңдаушылар  сөйлеушінің  сыртқы  келбетіне  на-
зар салады. 
Оратордың  киген  киімі  жағдайға,  ортаға 
сəйкес болуы керек. А.Ф.Кони бұл туралы: “Сле-
дует  одеться  просто  и  прилично.  В  костюме  не 
должно быть ничего вычурного и кричащего (рез-
кий цвет, необыкновенный фасон; грязный, неряш-
ливый костюм производит неприятое впечатление). 
Это важно помнить, так как психологическое дей-
ствие на собравшихся начинается до речи, с момента 
появления лектора перед публикой”.
Аудитория  оратордың  сөйлеп  тұрған  сəттегі 
іс-қимылдарын да қалт жібермей бақылап отыра-
ды. Артық, əдетке айналған лектордың қимылдары 
тыңдаушылардың  көңілін  бөледі,  олардың 
талқылауларына 
ұшырайды. 
Сөйлеушінің 
тұрысына  да  мəн  беріледі,  артық,  жарасым-
сыз  қимылдарды  жасамауға  тырысу  керек,  бұл 
тыңдаушыларға жағымсыз əсер етеді.
Тыңдаушыларды  оратордың  қайда  қарап 
тұрғаны да бей-жай қалдырмайды. Сөз сөйлегенде 
біреулер  терезеге,  келесісі  төбеге,  еденге  көз 
тоқтатып,  ал  тыңдаушыларға  қарамайтын  бола-
ды.  Бұдан  да  сорақы  жайттар  кезігеді:  яғни  сөз 
сөйлеуші  адам  аудиторияға  тұманды,  бұлдыр, 
ешқандай  мəн-мағынасыз  көзқараспен  қарайды. 
Мұндай  жағдайда  оратор  мен  аудиторияның 
өзара  түсіністігі  туралы  сөз  қозғауға  болмайды. 
Əрине, əрқашанда əр тыңдаушыға жеке-жеке көз 
тоқтатып,  барлық  адамдарды  назарда  ұстау  ке-
рек деген талап жоқ, дегенмен сөйлеу барысында 
аудиторияның бір бөлігінен екінші бөлігіне көзіңді 
жай аударып қарасаңыз дұрыс, сонда жақсы бай-
ланыс орнатуға болады. 
                                           
                                          
Пайдаланылған əдебиеттер:
1) Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б. 
2) Негимов С. Шешендік өнер. –Алматы: Ана тілі, 1997. – 76-77 б.б.
3) Михальская А.К. Основы риторики. – М.: Дрофа, 2001. – 496 с.
4) Бахтин М.М Эстетика словесного творчества. М., 1979. - с. 318. 
5) Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.
6) Казарцева О.М. Культура речевого общения. –М.: Флинта, Наука, 1998. – 495 с.
7) Сыздықова Р. Сөз сазы. – Алматы: Санат, 1995. – 120 б.
8) Михальская А.К. Основы риторики. – М.: Дрофа, 2001. – 496 с.

126
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет