Тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар.
І деңгей
Жүздіктердің астын сыз.
400 650 210 300 970 305
Мына сандарды жаз. 6 бірлік = ... 5 ондық 2 бірлік = ... 7 ондық = ...
9 ондық 3 бірлік = ...
Салыстыр. 8 бірлік ... 7 бірлік 8 жүздік ... 6 жүздік 5 ондық 9 бірлік ... 5 ондық 8 бірлік
а) Жүзден бастап жүз онға дейін бір – бірден қоса отырып, сана және жаз.
ә) Жүзден бастап екі жүзге дейін он – оннан қоса отырып, сана және жаз
Есепті шығар. Мал төлдету кезінде 12 құлын, 22 бұзау және 50 қозы күтімге алынды. Барлығы қанша төл күтімге алынды?
ІІ деңгей
Ұзын жіпті тең етіп жиырма бөлікке бөлу үшін оны қанша рет қию керек?
Мәні 50 – ге тең болатын екі таңбалы және бір таңбалы сандардың қосындысын жаз.
ІІІ деңгей
Әкесі екі баласын ертіп жолға шықты. Біраз жүргеннен кейін олардың алдынан өзен кездесті. Өзен жағасында тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерән көтере алады. Олар өзеннен осы қайықпен қалай өтеді?
Периметрі 26 см болатын тік төртбұрыш сыз.
Тақырыбы: Ондықпен және бірлікпен санау:
І деңгей.
Бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз.
0,5,20,1,4,51,6,7,9,12,2,3,8
Екі таңбалы сандарды кему ретімен жаз
0,20,3,50,2,30,5,10,120,40,6,60,8,70
ІІ деңгей.
5 ондық = □ бірлік 80 = □ ондық
3 ондық = □ бірлік 70 = □ ондық
ІІІ деңгей.
Ондықтардың саны 5 – ке тең болатын барлық екі таңбалы сандарды жаз. Ең кіші және ең үлкен сандардың астын сыз.
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
І деңгей.
68 = 60 + □ 63 = □ + 3 29 = □ + 20
ІІ деңгей.
3 ондық. 2 бірлік = ... бірлік 8 ондық. 9 бірлік = ... бірлік
68 бірлік = ............................ 37 бірлік = ............................
Достарыңызбен бөлісу: |