Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


 тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері



Pdf көрінісі
бет61/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

10 тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері. 
 
Дәрістің мақсаты: құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың 
түсінігін мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, 
сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын 
құқықтың нормаларды түсіндіру. 
Жоспар: 
1.Қылмыстың ұғымы, оның белгілері мен категориялары.
2.Қылмыстық жауапкершілік.
3.Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері. 
4.Қылмыс жасау сатылары.  
Кілтті сөздер:  жазалау, қылмыс, жауапкершілік, субъект, шеткі қажеттілік, кінә
Қылмыстың ұғымы, оның белгілері мен категориялары. 
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде 
қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен 
шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын 
айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі 
міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу 
(қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық 
бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда 
қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау 
қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады». 
Қылмыстың төмендегідей белгілері: 
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, 
әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. 
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі 
жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі 
жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет