Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет60/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

 Жер құқығы негіздері. 
Жерді пайдалану, қорғау, қорларын басқару, меншіктік құқықтарды бекіту барысында 
туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жалпы: жер құқығының негізгі ережелерін, қағидаттарын: жерге меншік құқығы, жер 
қорын мемлекеттік басқару, жерге деген меншік жіне басқа мүліктік құқықтарды қорғау, 
жерге байланысты құқық бұзушылық және жауаптылық, жер үрдісі жатады. 
Ерекше бөлім: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің 
(қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; 3) өнеркәсіп, көолік, байланыс, 
қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациалық және 
тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы 
жер осылардың құқықтық тәртібін реттейді. 
Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар 
ерекшеленеді: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейтті; 5) шөлді; 6) тау етегі-
шөлді-далалық; 7) субтропикалық шөлді; 8) субтропикалық-тау етегі-шөлді; 9) орта 
азиялық таулы; 10) оңтүстік-сібір таулы аймақтар. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Жер құқығының негізгі міндеттері – Қазақстан Республикасы жер заңдарының 
міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, 
өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің 
меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру 
тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы 
қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету 
мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең 
құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің 
жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер 
қатынастары саласында заңдылықты ңығайту болып табылады. 
Сұрақтар: 
1.Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік 
2.Қоршаған ортаны қорғауға қатысты ҚР негізгі заңдарын атаңыз 
3.Жалпы және арнайы табиғатты қоғау нені білдіреді 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, 
«Мастер По» ЖШС, 2012. -336 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет