Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


 сөйлеудің күрделі кемістіктерінің байланысы



бет2/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

 сөйлеудің күрделі кемістіктерінің байланысы.

1960 жылдардың басында зияттың бұзылуын диагностикалауда зерттеудің тәжірибелік-психологиялық әдістерін белсенді түрде қолдана бастады.

С.Я.Рубинштейн ғылымның маңызды теориялық қалпына, жеке тәжірибесіне сүйене отырып, зиятында бұзылысы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді жүйеледі, тәжірибелік-психологиялық зерттеу әдістемелерін жинақтап, олардың диагностикалық маңыздылығы мен сенімділігін дәлелдеді, баланы психологиялық зерттеудің толыққанды сапалы схемасын ұсынды.

Зиятында бұзылысы бар балалар мен жеткіншектердің ерекшеліктері: жоғары жүйкелік іс-әрекет; психиканың түрлі жақтары, психикалық үдерістер (қабылдау, ес); ойлау мен ойлау операцияларының әртүрлі түрлері, іс-әрекет; сөйлеу белсенді зерттеліп, сапалы бейнеленді.1970 жылдары зиятында бұзылысы бар тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне байланысты сұрақтар ретіне арналған халықаралық жиналыстарда зиятында бұзылысы барайқын балаларға көптеп назар бөлінді, күрделі Зияты бұзылған балалардың мүмкіндіктері олардың болжағанына қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі белгіленді. Бұл сұрақ кең түрде зиятында бұзылысы бар балаларды зерттеудің 1971 жылы Варшавада өткен халықаралық ассоциация конгресінде талқыланды. Ерте шақтан психологиялық-түзету жұмыстарын жүргізу мен әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінді. (Н.Н.Малофеев, 2000).1978 жылы Австрияда зиятында бұзылысы бар балаларға көмек көрсету қоғамы лигасының халықаралық сегізінші конгресі өтті. Мұнда зиятында бұзылысы бар айқын көрінетін тұлғаларға әлеуметтік көмек беру байланысты сұрақтар талқыланып, оларды әлеуметтік бейімдеудің негізгі қағидалары мен кезеңдері көрсетілді.Аурулардың халықаралық топтастыруы (АХТ) – 10 мағлұматтары бойынша балалардағы зиятының бұзылуын төрт деңгейге бөлуге болады: зиятының жеңіл бұзылуы (F70); зиятының орта деңгейі (F71); зиятының ауыр бұзылысы (F72); зиятының терең бұзылысы (F73).Дамуында кемістігі бар адамдарға деген қоғмның қазіргі таңдағы қатынасын 1990 жылдарға жатқызуға болады. Бұл жылдары Ресейде бала құқығын қорғау туралы Конвенция, БҰҰ қабылдаған «Зиятында бұзылысы бар балалардың құқығы» (1971), «Мүгедектердің құқығы»(1975), Білім туралы заң қабылданды. Арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесі күрделі құрылымдық бұзылулары бар балаларды бөліп қарағаны үшін үлкен сынға тартылды.Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қоғамдағы қиындықтары бар адамдардың яғни, арнайы қажеттіліктері мен қызығушылықтары ба қоғамның ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы ретіндегі мүгедек балалардың жағдайын қарастыратын жаңа құжаттар қабылданды. Бұл ҚР-ның және басқару органдарының осындай топтағы адамдар қалпына деген жаңа көзқарастарының қалыптаса бастағандығын көрсетеді.Г.В.Цикотоның өзі өз зерттеулері арқылы зиятында бұзылысы баркүрделі деңгейдегі балалар «оқуға қабілетсіз» және оларға тек жаттығу жұмыстарын, яғни өздері үйреніп қалған тапсырмаларды орындау ғана тән деген түсініктерді жоққа шығарған еді. Оның Даун ауруымен ауыратын балаларды тәжірибелік зерттеу жұмыстары – бұл балаларды оқыту дамытушы сипатқа ие екендігін, алған білімдерін жаңа тапсырмаларды шешуде қолдана алатындығын көрсетті. Балаларды оқыту үдерісі оң нәтижелерді көрсетті: орындаған әрекеттерін саналы түрде түсінулерінің тууы, іс-әрекеттерінде тапсырманы нәтижелі шешуге бағытталған әдістер мен тәсілдердің пайда болуы. Балалардың зейініл мақсатқа бағытталып, берілген тапсырмаларды тезірек түсініп, әрекеттерін нақты және саналы орындай бастады. Оларға тән дидактикалық ойындар мен тапсырмалардың шеңберінде өз іс-әрекеттерін жақсырақ ұйымдастырып, әрекеттерінде берілген үлгіні дұрыс қолданып, алған түсініктерін сақтап, келесіде қолдана бастады.ҚР Білім туралы заңының 2-тарау 8-бабының 6-тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген. Яғни, қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларға зейін қойылып отыр.Соңғы он жылдықта Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы (түзету) мектептерде «Ерекше бала» атты сыныптар, мектепке дейінгі ұйымдарда топтар ашылды. Осындай балалар мен жеткіншектердің жеке тұлғасын дамыту мақсатында арнайы бағдарламалар дайындалды: А.С.Жалмұхамедова (Естуі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы); Т.А.Вишневская (Көруі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы); Г.А.Абаева (Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы) және т.б.Зиятында бұзылысы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларын: К.Б.Бектаева, К.К.Өмірбекова, О.В.Завалишина, И.Г. Елисеева және т.б. жасаған еді. Сонымен қатар, көптеген басқа да педагогтардың еңбектері зиятында бұзылысы бар мүгедектерді еңбекке үйрету мен өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға ғана емес, олармен түзетуші-дамытушы оқытуды ұйымдастыруға септігін тигізді. Ғалымдардың пікірінше, ақыл-ойы жеңіл және күрделі зақымданған балалар мен жеткіншектерді түзетуші түрдегі оқыту мен тәрбиелеудің барлық үдерісі, яғни оларды жан-жақты тәрбиелеуге, дамытуға, еңбекке дайындығы мен әлеуметтік бейімдеуге бағытталған үдеріс – оларға өмірде өз орнын табуға, отбасындағы қобалжу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет