Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс Есту қабілеті зақымдалған (нашар еститін, кейін естімей қалған) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) білім беру ерекшеліктері



бет14/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
12-дәріс Есту қабілеті зақымдалған (нашар еститін, кейін естімей қалған) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) білім беру ерекшеліктері
Білім беру үдерісі білім беру деңгейлеріне сәйкес қамтамасыз етіледі: - бастауыш білім – 1-4 сыныптар; - негізгі орта білім - 5-10 сыныптар. Алдын ала мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына келіп түседі. Мектепке дейінгі арнайы дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1-ші сыныпқа келіп түседі. Дайындық (0), 1-4 сыныптарда білім беру арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша іске асырылады. Оқушылар 5-10 сыныптарда ерекше білім алу қажеттіліктері ескеріліп қайта қарастырылған және бейімделген материалдармен, жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады. Түзетуге бағытталған қағида барлық оқу-тәрбие үдерісінің компоненттерінде жүзеге асырылатын арнайы білім беру мен тәрбие берудің ерекше қағидасы болып табылады: жалпы білім беру және түзету кезеңінің пәндерінде, қосымша білім беруде. Білім беру мен тәрбие берудің түзетушілік бағыты кәсіби білім мен бала дамуының бұзылыс құрылымын есепке алуын, оның әлеуетті мүмкіндіктерін қолдануын болжайды. Оқушылардың ауызша сөйлеу тілінің жетілуіне және есту-көру негізінің қалыптасуына септігін тигізетін дыбыс айту мен еріннен оқу жұмысы барысында естіп қабылдауын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы міндеттерді шешу үшін оқу жоспарына түзету курстары енгізілген: «Дыбыс айтуын қалыптастыру және естіп қабылдауын дамыту» (0-10 сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7 сыныптар), «Қоршаған ортамен танысу» (0-2 сыныптар). Түзету кезеңінің сабақтары күннің бірінші жартысында қалай өткізілсе, екінші жартысында да дәл солай топпен және жеке өткізіледі. Негізгі мектеп курсында жалпы білім бетерін бағдарламаларды сәтті меңгерген оқушылар жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында кәсіби колледждерде, лицейлерде, кешкі мектептерде оқиды.
13-дәріс Мүмкіндігі шектеулі балалардың дене, психомоторлық дамуының арнаулы әдістемесі
Мектепке дейінгі тәрбие берудің арнайы жүйесінің маңызды міндеті – бала тұлғасын жан – жақты дамыту мен баланы сауаттылыққа және мектепке оқуға дайындау. Тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жоғарғы талапқа сай болуы керек. Балаларды жазуға үйрету мен мектепке даярлау толық кешенді міндет, және көпқырлы және бала өмірінің барлық саласын қамтиды. Психологиялық дайындық осы міндеттердің маңызды аспектісінің бірі. Мектепке дейінгі мекемелерде оқитын балалардың игерген білім мазмұны, олардың жас ерекшелігіне тікелей байланысты. Баланың ақыл – ой ортасының дамуына оқу әсеретеді. Сонымен ой басымды функцияға айналады, басқа функция мен анализатордың жұмыстарын анықтай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет