Дебилдік - ақыл ой кемдіктің жеңіл түрі. Акыл ойы кемдіктің 70 -80% осы топты құрайды.
Дебилдік деңгейдегі олигофрен-балалар қалыпты дамитын құрдастарынан барлық жағынан артта қалып кояды. Олар кеш жүреді, сөйлейді, кеш уақытта өзін-өзі күту дағдысын меңгереді. Бұл балалар епсіз, әлсіз, тез ауырады. Оларда айналасындағы қызығушылықтары өз бетімен қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, табиғатта және әлеуметтік өмірде болған құбылыспен процестерге немқұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік қоры өте шектеулі болады. Балалар қарапайым мазмұнды жеткізе алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайға қарағанда көлемі жағынан аз, олар 2 - 3 созден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар әріптесінің сұрағын жақсы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады.
Түзетушілік оқытусыз мектепке дейінгі жастың соңында, бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасады, ал ойындық әрекет жетекші болып қалыптаспайды. Төменгі мектспке дейінгі жаста, оларда ойыншықтармен ойнауда мақсатсыз әрекеттер пайда болады, жоғарғы мектеп жасына дейінгі жаста заттық-ойындық әрекеттер пайда болады (қуыршақты тербету, машинаны жүргізу). Ойындық әрекеттері сезімдік реакция мен сөйлеусіз жүреді. Сюжетті-рөлдік ойыны арнайы түзетушілік оқытусыз, өзбетінше қалыптаспайды.
Зиятында ауытқуы бар баланың қалыпты дамыған балалармен арақатынасы қиындаған. Ақыл ойы кемтар бала ойнай алмайтындықтан (ережелерді түсінбейді, ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар т.с.с), оны қалыпты кұрбылары ойынға қабылдамайды. Ол әріптестерінің арасында теріс қаратылып, өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр болады.
Мұндай бала жалпы үлгідегі бала-бакшада, қарапайым математикалық елестерін қалыптастыру, тіл дамыту, айналамен танысу, кұрастыру бойынша сабақтарда бағдарлама материалын меңгеруде тұрақты қиындықты сезінеді. Егер бала балабакшада арнайы түзетушілік көмекті алмаса, оның мектепте оқуға дайындығы калыптаспайды.
Жеңіл зияты бұзылган балалар жалпы балабақшада тәрбиеленеді, себебі олардың артта қалуы анық білінбейді. Бірак жалпы білім беру мектебіне түскенде, олар бірден математиканы, қазақ тілі, әдебиет сабақтарын меңгеруде киындықтарды сезінеді. Көбінесе екінші жылға қалады, бірақ кайталап оқытуда да бағдарламалык материалды жетік меңгермейді, қиындық себебін ертерек анықтап, балаға арнайы педагогикалық көмек көрсету үшін, оны ПМПК-да психологиялық медициналық - педагогикалық тексеруден өткізу керек, ал қажет болған жағдайда, оған арнайы мектепте оқыту ұсынылады.
Елестерін қалыптастыру және білім мен дағдыны меңгерудегі, әртүрлі іс - әрекеттің тежелу қиындығына қарамастан жеңіл зият бұзылысы бар балаларда дамуға мүмкіндігі бар. Оларда негізінен нақты көрнекі сипатындағы ойлауы сақталған, бірақ олар практикалық жағдайда бағдарлауға қабілетті, көбінде сезімді - еріктік сферасы танымдыққа қарағанда сақталған, олар еңбек әрекетіне ықыласпен қатысады.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар, психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін, оқытудың арнайы әдіс, тәсілдерін және құралдарын қажет етеді. Олардың дамуын ескеретін ерекше білім беру жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы балабақшалар, жалпы балабақшадағы арнайы топтар арқылы білім беру жүйесі ұйымдасқан. Сонымен бірге зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 2-3 баланы қалыпты дамитын кұрбылар ұжымына қосып тәрбиелеу тәжірибесі тараған, жағымды нәтижелері мен жетістіктермен сипат алады.
7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы (түзету) мектептеріне қабылданады.
Кіші қалаларда жалпы мектептерде зияты бұзылған балалар үшін арнайы сыныптар ашуға болады. Бірақ бұл сыныпта оқитын оқушылар үшін арнайы білім беру жагдайларың қамтамасыз ету, білім беру саласындағы кепілдіктерге сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен мектеп әкімшілігі міндетті.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар мектеп бітірер шағында өздерінің психометрикалық және клиникалық көрсеткіштері бойынша қалыпты дамитын адамдардан аз ғана ерекшеленеді. Олар ойдағыдай жұмысқа орналасады, өндірістегі еңбек ұжымына сіңіп кетеді, отбасын құрып, балалары болады.
Бұл адамдарды қоғам өз қылықтарына заң алдында жауап беруге, мұраға ие болуға, жергілікті басқару органдарын сайлауға қатысуға қабілетті деп қабылдайды. Аталмыш кемістігі бар балалардың зият коэффициенті ІQ 50-69.
Зиятында ауытқушылығы бар балалардың түйсік пен қабылдау процестері көптеген ерекшеліктерімен, баяу калыптасады. Бұл өзгешілік барлық психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. ( Рубинштейн С.Я.)
Көру арқылы қабылдаудың баяулығы мен аз көлемін К.И. Вересотская, Нудельман М.М. дәлелдеген. Қабылдау кезде ақыл-ойы кемтар балалардың ұқсас заттарды ажырата алмауы да арнайы зерттеулермен дәлелденген (Кудрявцева Е.М., Шиф Ж.И.)
Бір нәрсеге назар аудару қабілеті де төмен дамығандықтан, зейін тұрақтылығы әлсіз. Осы себептен ақыл-ойы кемтар балалардың 50 % сөйлеу тілімен берілген нұсқауларды дұрыс пайдалана алмайды. Еркінше зейін қалыптасуы қиын түседі (Леонгард Э.И.). Зейн тұрақтылығын кұбылмалы өзгеруі қозғыш және тежелу физиологиялық процестер арасындағы баланс бұзылуына байланысты (Певзнср М.С.).
Зейін көлеменің аз болуына себепті бұл балалар заттардың ерекше белгілерін ажыратпайды, байкамайды.
Бір әрекеттен басқаға ауысу зейін кемістігін көрсетеді. Олар бір орындап жаткан істе тоқтап қалады. Ал бір мезгілде бірнеше әрекетті орындау мүмкін емес жағдайдың бірі.
Ал, ойлау процестің ауытқушылығы - ақыл ойы кемтар балалардын ең негізгі корсеткіші.
Ойлаудың жетілмеу қабылдау, сөйлеу тілінің, практикалық әрекет дұрыс дамымауымен байланысты. Жалпылау деңгейі төмен болғандыктан, акыл-ойы кемтар балалар нақты ойлайды. Мысалы бір қатар заттарды топтастыру кезеніңде олар болмашы көрсеткіштерге сүйеніп жинақтайды. Бұл кемістікті "Төртінші артық" әдістемені пайдалану арқылы байқауға болады. Оқыту барысында жалпылаудың төмендігі ережелерді жаттағандағы қиындықтар тұғызады. Ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлағандықтан, абстрактілі ойлау өте киын. Ойлаудын тағы бір кемістігі жасаған қателерін байқамауы, түземеуі. Ойлаудың реттеу қызметінің жетілмеуі, түрлі әрекеттерде бағыттау кезең жоқтығымен сипатталады.
Ақыл-ойы кемтар балалардың 40-60 % сөйлеу тілінде ауытқуылар кездеседі, олар түрлі дыбыс айтудағы кемістіктер, тұтыкпа мен сөздік қорының аздығы. Сөйлемерді 5-6 жасында пайда болады. Сөздік қоры өте аз, шектелген, балалар сын есім, етістіктерді көп уақытқа дейін өз бетімен пайдаланбайды.
Жазбаша жұмыстарында көптеген қателер кездеседі.
Есте сақтау қабілетінде ауытқулар бар. Ақыл-ойы кемтар балалар ұмытшақ болады және жаңа мәліметті есте сақтауда қиындықтармен кездеседі. Аталмыш балалар есте сақтау үшін қалыпты балаларға қарағанда көп қайталауды қажет етеді (Замский Х.С., Леонтьев А.Н., Занков Л.В.)
Ақыл-ойы кемтарлықтың шамалы деңгейі -имбецильдік, барлық ақыл-ойы кемтар тұлғалар ішінде 10 %, ал зият коэффициент ІQ 35-49 немесе 54.
Имбецилдік - ақыл ойы кемдіктің орташа деңгейі. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төменде жатқан кұрылымы да зақымдалады. Бұл бұзылыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нәрестелік жаста мұндай балалар басын ұстауды, ез бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды.
Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында сөз, кейде сөз тіркесі ретінде пайда болады. Жиі дыбыс айтуы едәуір бұзылған, моторикасы бұзылғандықтан, өзін - өзі күту дағдысы қиындықпен, кеш, ересектердің көмегімен қалыптасады. Танымдық мүмкіндіктері бірден төмендеген: сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні, ойлауы қатты зақымдалған.
Бұл топтағы адамдарға тән негізгі белгісі, өз бетінше ұғымдық ойлауға қабілетсіздігі. Сөйлеу тілінін, дамуы қарапайым, өз сөйлеу тілі кедей, тұрмыстық деңгейде сөйлеу тілін түсіну сақталған.
Имбецил балалар балалық мүгедектер деп саналады. Бұл балалар оқи алады, яғни қатынас дағдысын, әлеуметтік — тұрмыстық дағдыны, санауды, қоршаған орта туралы кейбір қарапайым мәліметтерді меңгеруге кабілетті. Сонымен бірге, ерекше жағдайын бірі олар өзбетінше өмір сүре алмайды, қамқорлықты қажет етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалар зияты бұзылған балаларға арналған балабақшаға, ал 7-8 жастан арнайы мектепке қабылданады (зиятында шамалы ауытқушылыктары бар сыныптарына).
Мектеп бітірген бозбала мен қыздар отбасында болады, олар қарапайым күтуші еңбекті орындауға қабілетті, мамандықты, еңбекті талап етпейтін жұмысты үйге алып істеуге қабілетті. Тәжірибе көрсеткендей, имбецилдер ауылшаруашылық еңбегін жақсы істейді.
Накұрыстық - ақыл ой кемтарлықтың ең ауыр деңгейі. Бұл кемістіктің көптеген белгілері ішінен статикалық және моторикалық функциясының бұзылысы ерекшеленеді: әртүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, айналасына барабар реакция, тұру, журу дағдысының кеш шығуы, былдыр және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен кұбылыстарға және ойынға деген әлсіз қызығушылық байқалады.
Ересектерде ес, қабылдау, зейін, ойлау процестері терең зақымдалған. Сөйлеу тілі жай өте дамиды және шектелгіш немесе мүлдем дамымайды. Бұл балалардың моторика, қозғалыс координациясың, кеңістікте бағдарлауы ауыр денгейінде зақымдалған. Бұл бұзылыстың ауыр болғандығы соншалықты, нақұрыстар жатып өмір сүруге мәжбүр болады. Қарапайым өзін-өзі күту, гигиеналық дағдылары жай және қиындықпен қалыптасады (А.Р. Маллер, Г.В. Цикото).
Бірақ ауыр ақыл ойы кем балалар басқалары сияқты дамуға қабілетті. Олар біртіндеп өзін күтуге, қажымас дағдыларын меңгеруге, қоршаған әлем туралы өз елесін кеңейтуге үйрене алады.