Мақсаты:Студенттерге зиятында ауытқушылығы бар балалардың сипаттамасы жайында мағлұмат беру
Жоспар: 1. «Зияттық жетіспеушілік» («зиятында бұзылысы бар ») ұғымы
2. Зиятында жетіспеушілік бар балаларға сипаттама
3. Психикасының дамуы тежелген балалар
Негізгі түсініктер:Мүмкіндіктері шектеулі бала, тузету, толықтыру, оңалту, коғамға қосу, олигофрения, дебильдік, имбецильдік.
Ақыл ойы кемтарлығы деген кең мағынадағы ұғым, ол түрлі науқастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақты психикалық дамуы тежелген және зиятында ауыкуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады.
Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды, функционалды зақымдануы немесе бапалардың ұзақ мерзімде әлеуметтік депривацияға ұшырауы т.б. Бұл балалардың эмоция- ерік сферасын, таным іс-әрекетінін дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.
1960-1970 жж. жалпы білім беру жүйесінде өткен реформалар мектептердегі оқу бағдарламаларын күрделендірді. Бұл шаралардың салдарынан оқуда үлгермейтін оқушылардың саны көбейіп, ғалымдарды бұл жағдайды зерттеуге шақырды (Т.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнср, В.И.Лубовский, В.И.Лебединская т.б.).
Психикалық дамуы тежелген балалар деген терминді Г.Е. Сухарева өз зерттеуінің нәтижесінде ұсынған. ПДТ баланың жатыріштегі және ерте жастағы соматикалық аурулардың және тағы басқа патогенді фактордың әсерінен пайда болды. Қазіргі кезде дифференциалды психодиагностиканың дамуына байланысты ПДТ балаларды психологиялық - педагогикалык зерттеулер үлкен жетістіктер мол нәтижелерге қол жеткізген
К.С.Лебединская ПДТ балалар этимологиялық принциптер негізінде 4 топқа бөлген:
1 топ-конституционалдық тежелу
2 топ-соматогендік тежелу
3 топ-психогендік тежелу
4 топ-церебралды-органикалық тежелу.
ПДТ барлық түрі бір-бірінен қүрылуынан және инфантилизмнің кұрылысы мен нейродинамикалык бұзылыстарымен сипатталады. ПДТ балалардың жалпы ерекшеліктері:
1. ПДТ балалары арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді.
2. Қалыпты дамыған балаларға карағанда ПДТ балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен.
3. Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:
- ызың және ысқырық дыбыстардың бұзылуы;
- фонематикалық естудің және фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі;
- анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі.
- сөздік қорының шектелуі;
- байланыстыра-логикалық сөйлеудің бұзылуы.
4. Жазбаша сөйлеуінде ПДТ балалар ерекше кателер жібереді. Себептерін ескере топтарға белуге болады.
- Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;
- Дыбысты талдауының дамымауы;
- Лексикалық-грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы.
Зиятында ауытқуы бар балалар Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ойы кемтар балалар. Ақыл ойы кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдык әрекеттегі ауытқулары бар.
Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғаргы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлгалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.