Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мәселелерінің әдіснамалық-теориялық негіздері



бет41/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

30-дәріс Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мәселелерінің әдіснамалық-теориялық негіздері.
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникасы, психикалық және физикалық дамудың кешеуілдеуіндегі инфантилизм ретінде белгілі. Психикалық дамудың кешеуілдеуін кешенді зерттеумен оқыту дефектология ғылымына 60 – жылдардың ХХ ғасырдан бастап өз бастауын алды. Осыдан бері өз қызметін атқарып келеді. Балалардың ақыл – ой дамуындағы жеңіл ауытқулары «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл кемшіліктің негізгі себебі: бала миының әлсіз түрдегі яғни органикалық зақымдауымен, сондай – ақ іштен туа пайда болған, туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың кешеуілдеуі жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және соматикалық жағдайлармен, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік жүйенің бұзылуымен байланысады. Яндекс.Директ QS30FF600W30FT С гарантией 1 год. Прямые поставки из Европы и Азии. Узнайте цену Banner! Бесплатная доставка Со склада и под заказ [Ответим за 10 мин] Voice-рассылки на телефоны! Качественный перевод текстов в голос. Интеграция по API. Техподдержка 24/7! Отслеживание real-time Сброс при автоответчике API Автоповторы Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі – баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Инфантильді балалар өзінің құрдастарынан жас, олардың ойлары да тұрақсыз болады. Оларды ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейде сабақтың аяғына таман немесе шаршаған уақыттарда болады. Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең төменгі деңгейде болуға тиіс. Кейбір балаларда іс — әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай – ақ интеллектуальдық белсенділігінің төмендеуі – осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер. [3.46] Ойлау әрекетіне келсек, көрнекі амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы – бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады. Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды. Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді. Психикалық дамудың кешеуілдеуіндегі әртүрлі дәрежеде сипатталады. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балалар көмекті жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастыруға болады. Ауыр жағдайлардабалаларда арнайы білім беретін мектептерге немесе мекемелерге оқытады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл – күйден, жұмыссыздыққа жиі өту процестері жүйкелік – психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді. Ересектердің көмегін қажетсіну, іс — әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы кешеуілдеуі бар балаларды ақыл – есі кем балалардан ажыратуға болады. Балаларда іс — әрекеттің тұрақсыздығы қимыл – координациясының жеткіліксіздігі мен режимге бағына алмаушылығы болса да, мұндай балалардың басым көпшілігі дене шынықтыру пәні мен спорт ойындарын жақсы көреді. Олардың психикалық дамуындағы жоғарғы мүмкіншіліктердің бар екендігін түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында ескерген жөн. Психикалық дамуыдың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М.С.Певзнер, Т.А.Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған. Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады. Жалпы тексерудің барысында алынған мәліметтерге сүйенсек, жалпы мектептің өзінде де жартысынан жуығын «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар» тобы құрайтынын көреміз. Психикалық дамудың кешеуілдеуі – бұл анамалияның дамуы, ячни көбінесе ол оқу жылының алғашқы айларында байқалуы мүмкін. Ол негізінен балалардың оқу процесінің қажеттіліктеріне адаптацияланбауынан байқалады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың негізгі айырмашылығы мынада: бұл балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі, сондай – ақ дағдылары мен танымдық процестеріндегі өзара ауытқушылықтарымен сипатталады. Арнайы педагогикада, сондай – ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды. Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез – құлықтарымен және іс — әрекеттерімен ерекшеленеді. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік – педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым – қатынас құқтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959 ж). Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ – қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы. Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай – ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және да басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсінігіне, егер ағайын – туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы…» Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамының белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің міндеті – қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни ауруының себеп – салдарын анықтап, оның бала ағзасының дамуы қандай бөгеттер жасап отырғандығын анықтау, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым – қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас – құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлігін қамтамасыз етугеүйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет