Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

45
45
ХХ  ғасыр  басында  саны  жағынан 
қазақ  халқымен  бірдей  болған (6 млн) 
Түркия мемлекетіндегі түріктер қазіргі 
күні 80 миллионға  жуықтады  жəне 
ұлттық тұтастығын қызғыштай қорғап 
келеді.  Бұл  елде  де  түрлі  ұлттар  мен 
ұлыс өкілдері мекен етеді. Соның ішінде 
халықтың басым көпшілігін құрайтын 
20  миллионға  жуық  күрдтердің  ана 
тілінде ешқандай мектеп, газет-журнал, 
радио  жоқ.  Олар  барлығы  бір  кісідей 
түрік тілінде білім алады, түрік тілінде 
сөйлейді. Түріктер Мұстафа Ататүріктің 
«Түркияда  бір  ғана  ұлт  бар,  ол    түрік 
ұлты    жəне  оның  мүддесі  бəрінен  де 
жоғары»  деген  өсиетін  орындап  келе 
жатыр. 
ХХ ғасырдың ұлы жобасы деп жаңа 
қытай  ұлтын  құру  ісін  айтуға  болады. 
Қытайда бүкіл халықты хань ұлтының 
төңірегіне  топтастырып  ұйыстыру 
бүгінгі  ұлы  мемлекеттің  нығаюын 
тездетті.  Ғасыр  басында  батыстың 
отарына  айналудың  аз  алдында,  яғни, 
өмір мен өлімнің алдында тұрған Қытай 
ұлтына азаттық қозғалысының көсемі 
Сунь  Ятсен  мен  оның  жақтастары 
көп  қызмет  етті.  Оның 1906 жылы 
жариялаған  «Қытай  халқын  қайтадан 
жинастыру»  бағдарламасы  үш  басты 
қағиданы тірек етті, олар – ұлтшылдық, 
халық  билігі  жəне  халықтың  игілігі. 
Сунь  Ятсен  қытайлықтардың  жойылып 
кетуге  аз  қалуына  олардың  ұлтшылдық 
қасиеттерін жоғалтуы, оған қоса элитаның 
космополиттігі себеп болды деп санады. Ол 
ұлтшылдықты «ұлттың асыл қазынасы, 
байлығы»  деп  бағалайды.  Сунь  Ятсен 
ұлтшылдық  «біртұтас  мемлекеттік 
ұлттың  басты  қағидасы»  деді.  Ол 
мемлекетті бір отбасы деп қарастырады. 
Үлкендерге  құрметпен  қарайтын  ұл 
іспетті  қоғам  əділеттілік  жолымен 
дамығанда  ұлттық  идея  арқылы  ұлт 
қалыптасады. Ұлтшылдықтың мақсаты 
біртұтас отбасын нығайту, яғни, мемле-
кет құру дейді Ятсен. Ол ұлтшылдықты 
интернационализмге қарсы қоймайды, 
керісінше бүкіл адамзаттың өмір сүруіне 
мүмкіндік беретін құрал деп бағалайды. 
Ол  ұлтшылдықты  жаңғырту  үшін 
халыққа сол тұстағы Қытайдың нақты 
жағдайын ашық түсіндіріп, шындықты 
айтты. 
Ұлт  құрудың  заманауи  үлгісін  табыс-
ты  жүзеге  асырған  Қытай,  Үндістан, 
Индо незия,  Сингапур  сияқты  елдер  осы 
құндылықтарды басшылыққа ала отырып, 
тұрақты  экономикалық  даму  жолына 
түсті. Мұнда əсіресе Жапония тəжірибесі 
айрықша назар аудартады, бұл ел Батысқа 
жалтақтамай-ақ  топтасқан  ұлт  құруды 
мақсатты түрде жүзеге асырып, заманауи 
ұлттық мемлекеттің ерекше үлгісіне айнал-
ды. Əлем елдері арасында босқындар мен 
иммигранттарды  ең  аз  қабылдайтын 
Жапония  өзін  бір  нəсілдің  ұлты  деп 
санайды  жəне  кез-келген  этникалық 
жіктелуді қолдамайды. 
Бірқатар  батыс  елдері  этникалық 
аз шылық  пен  негізгі  ұлт  арасында 
ымыраластық  табу  үшін  мультикульту-
рализм  доктринасын  қабылдады.  Жалпы, 
мультикультурализм  бір  мемлекетте 
тұрып  жатқан  түрлі  ұлт  пен  ұлыс 
өкілдерінің  мəдени  өзгешеліктерін 
сақтауға  жəне  дамытуға  бағытталған 
идеология  ретінде  дүниеге  келді.  Бұл 
бағытты  ұстанған  елдер  этникалық  жəне 
мəдени  топтардың  құқықтарын  мойын-
дайды,  сөйтіп,  бұл  құқықтар  этникалық 
қауымдарға  арналған  мектептер  ашу, 
мəдени-ағарту  қызметін  еркін  жүргізу 
сияқты мүмкіндіктер беруден көрініс таба-
ды. Алайда, уақыт өте келе осы елдердің 
тəжірибесі көрсеткендей, мультикульту-
рализм  ұлт  пен  азшылық  арасындағы 
қайшылықтарды  шешудің  орнына 
одан  əрі  шиеленістіре  түсті.  Өйткені
этникалық  сана  үшін  осы  қауымның 
құндылықтары жеке адамның мүддесінен 
жоғары  тұрады.  Бұл  өз  кезегінде  осы 
топтардың мəдениеті мен салт-дəстүрін 
сақтау  үшін  негізгі  ұлттан  оқшаулана 
өмір сүруіне ықпал етеді. Ал, этникалық 
азшылықтың дербестенуі, негізгі ұлттан 
бөлек құндылықтарды ұстануы олардың 
арасында жік туғызады. Бір мемлекетте 
өмір сүре отырып, дербес білім жүйесі, 
мəдениеті,  мінез-құлқы  өзгеше  топтың 
саяси көзқарасы да бөлек болуы заңды. 
Кезінде  иммигранттар  тасқынының 
астында қалған Еуропа елдері осы идеяны 
қолдаған  болатын.  Олар  иммиграцияны 
Ұлттану

№2    2015    А И АТ
46
46
уақытша  құбылыс  деп  қабылдап,  оған 
жеткілікті назар аудармады. Сөйтіп, түрлі 
ұлт  өкілдерінен  тұратын  мигранттардың 
оқшаулана  өмір  сүруіне  мүмкіндік  берді. 
Алайда  уақыт  өте  келе  сан  жағынан 
көбейе  берген  шетелдіктердің  діни  жəне 
мəдени ұстанымдарын ашық насихаттауы 
мемлекеттік тұтастыққа қауіп туғыза баста-
ды. Осы елдердің басшылары жаңа ғасыр 
басында Еуропадағы мультикультурализм 
идеясының тығырыққа тірелгенін мойында-
ды.  Германия, Франция мен Ұлыбритания 
билігі қазіргі кезде Еуроодақ ішіндегі миг-
рацияны шектеуді қалап отыр. 
Көпмəдениеттілікті,  мəдени  плю-
рализмді дəріптеуші елдердің тəжірибесі 
осы идея нəтижесінде жергілікті ұлттың 
ғасырлық  мəдени  ұстындарының, 
салт-дəстүрінің  толық  қирайтынын 
дəлелдеп  берді.  Яғни,  азшылықтың 
мəдени жағдайы көтерілген сайын негізгі 
ұлттың  мəдени  деңгейі  төмендей  береді. 
Бұған қазіргі Еуропа елдері айқын дəлел. 
Нацизм  мен  фашизмге  қарсы  реакция 
ретінде  туған  мультикультурализм  идея-
сы  жаңа  еуропалық  мəдениет  жасап, 
ұлтшылдық  пен  діншілдіктен,  ескі  жан-
жалдардан  арылуға  ықпал  етеді,  барлық 
халық  үшін  толерантты  орта  жасайды 
деп  саналды.  Алайда  бəрі  керісінше 
болып  шықты.  Еуропаның  автохтонды 
мəдениеті əлсіреп, керісінше  иммигрант-
тар өздерінің төлтумалығын сақтап қалу 
үшін жанталасты. Олар жергілікті халыққа 
қарағанда  дініне  берік,  түп-тамырынан 
алыстамауға  тырысады.  Иммигрант-
тар  Еуропада  тұтас  бір  этникалық 
кварталдарды  құрайды.  Бұл  олардың 
салт-дəстүрін,  мəдениетін  ұстануына 
пайдалы.  Осылайша  батыст ағы 
мультикультурализмнің ащы шындығы 
көрсеткендей, этникалық топтар өзара 
тиімді  ықпалдасу  үшін  жергілікті 
ұлттың мəдениеті күшті əрі басым бо-
луы міндетті. Олай болмаған жағдайда 
бұ дан зардап шегетін бірден бір ұлт тек 
жер гілікті мемлекет құраушы ұлт қана.  
2011 жылы Франция Президенті Нико-
ля  Саркози  осы  идея  туралы  сұраққа 
былай  деп  жауап  берген  болатын: 
«Ия,  мультикультурализм  тоқырауға 
ұшырады.  Біз  келушілерге  жағдай 
жасаймыз деп жүріп жергілікті ұлттың 
мүддесін ысырып қойдық. Бұдан былай 
бізге бейбіт қатар өмір сүруші қауымдар 
керек  емес.  Францияға  келгендер 
ұлттық біртұтас қауымдастыққа сіңіп 
кетуі  тиіс,  ал,  оны  қаламайтындар 
елімізге келмей-ақ қойсын». 
Германия  Канцлері  А.  Меркель  де 
мультикультурализм  тұжырымдама-
сының  іске  аспағанын  айта  келіп,  «өзге 
ұлыс өкілдері Германияның мəдениеті 
мен  құндылықтарын  қабылдауға 
міндетті.  Осы  мемлекетте  өмір  сүріп 
оты рып, оның құндылықтарын жоққа 
шыға рушылар  бізге  қажет  емес»  де-
ген  шорт  пікір  білдіруі  мемлекеттің 
болашағына  алаңдаушылықтан  туғаны 
сөзсіз.  Германия қалаларында соңғы кезде 
жиілеп кеткен демонстрациялар мұсылман 
елдерінен  келетін  мигранттардың  неміс 
қоғамына бейімделіп, ондағы нормаларды 
қабылдаудан  бас  тартуына  байланысты 
қарсылықтан  туып  отыр.  Олар  неміс 
мəдениетін сақтау, діни фанатизмге, неміс 
жеріндегі  діни  соғыстарға  қарсылық 
ұрандарын ұстанып, шетелдіктер ағынын 
шектеуді  қалайды.  Тіпті  Мəскеудегі 
Бейбітшілік көшесінде құрбан айт кезінде 
мешіттің  ішіне  сыймай  көшеге  дейін 
созылған  айт  намазына  тұрушыларды 
Ресей  Үкіметі  төрағасының  орынбасары 
Д.Рогозин  саяси  акцияға,  күш  көрсетуге 
теңеді.
Мул ьт и м ə д е н и е т т і   ке ң і с т і кт і ң 
мульти  ұлтты  қоғамға  айналып  кету 
қаупінің  осындай  белгілері  бар.  Саяси 
жəне  құқықтық  жүйесі  ортақ,  заңдары 
мен    білім  беру  жүйесі  біртұтас,  бірақ, 
мəдени  саналуандығы  басым  қоғамның 
қайшылықтар  мен  шиеленістерден 
аулақ бола алмайды. Оған себеп, мəдени 
плюралистік қоғамда басым мəдениет жоқ, 
бұл  қоғамда  индивидтер  қандай  мəдени 
үлгіні  ұстанатынын  өзі  таңдайды.  Осы-
лайша, мəдени конформизмге ырық беріп, 
тіл  мен  мəдени  өзгешелікті  сақтайтын 
жеке  этникалық  қауымдастықтар  құру 
олардың  əлеуметтік  интеграциялануына, 
қоғамға  еркін  араласуына  кедергілерді 
көбейтеді.  Сөйтіп,  олардың  өздеріне 
Д. ИМАМБАЕВА. Қазақстанды қазақтандыру мəдени ассимиляциядан басталады

№2    2015    А И АТ
47
47
ортақ  əлеуметтік-экономикалық  позиция 
ұстануына  алып  келеді.  Экономикалық 
ұстаным  мен  саяси  ұстанымның  ауылы 
алшақ емес. 
Жалпыазаматтық  біртектілік  үс-
тем  дік  еткен  мемлекетте  тұрғындар-
дың  бойында  космополиттік  сана 
қалыптасатыны  заңды  құбылыс. 
Мұндай елде  билікке ұлтына қарамастан 
кез-келген  топ  өкілінің  келуі  əбден 
мүмкін.  Бұған  мысал  əлем  елдерінде 
көптеп кезде седі. 
Қазір елімізде қазақтілді жəне орыс-
тілді  екі  əлем  бар  екені  жасырын 
емес.  Осы  екі  əлемнің  бөлінуі  одан 
əрі  тереңдеп  кетпей  тұрғанда  алдын 
алу  қажет  екені  көптен  бері  айтылып 
келеді.  Алдымызда  осы  территорияда 
тұратын  ұлыстар  мен  топтарды  бір 
елдің  халқына  айналдыру  міндеті 
тұр.  Барлық  азаматтардың  біртұтас 
əлеуметке ұйысуы, ынтымақ пен бірлікті 
нығайту əрі саяси, əрі əлеуметтік-мəдени 
үдеріс. Еліміздегі əрбір азамат ұлты мен 
сеніміне  қарамастан  бірдей  құқықтар 
мен  еркіндіктерге  ие,  яғни,  осы 
құқықтық мүмкіндіктердің өзі олардың 
елімізде еркін өмір сүруінің кепілі. Осы 
қағиданы  басшылыққа  ала  отырып, 
еліміздегі  мəдени  саналуандықты 
қолдаудың формаларын өзгерту қажет. 
Демократиялық  үрдістерге  сүйеніп, 
түркі тілдес ұлт өкілдерінің балаларын 
қазақ мектептеріне тарту, ол үшін қазақ 
мектептеріндегі білім деңгейін көтеріп 
тартымды ету қажет, бұл қазақ тілінің 
беделін көтеруге де қызмет етеді. Қазақ 
мектебіндегі білім сапасы жақсарған сай-
ын оның мəртебесі де биіктейді. Осылай-
ша, бірте-бірте негізгі білімді мемлекеттік 
тілде беріп, басқа тілдегі білім беруді тек 
бастауыш сыныптар деңгейінде қалдыру 
жəне олардың санын біртіндеп қысқартуға 
қол жеткізуге болады. Осы мақсатта  мем-
лекеттік  тілде  білім  алған  азаматтардың 
əлеуметтік  перспективасының  кеңеюіне, 
қоғамға жылдам бейімделетініне көздерін 
жеткізу қажет. Бұл ең алдымен қазақ ұлты 
мен  оның  болашағы  үшін  қажет.  Тағы 
бір ескеретін жайт, еліміздегі өзге ұлыс 
өкілдері негізінен кеңестік кезеңде рес-
публика  тұрғындарына  айналғандар 
жəне  солардың  ұрпақтары.  Демек, 
білім  беру  жүйесі  бір,  мінез-құлық 
ұқсастығы  олардың  бейімделушілік 
қабілетін арттыра түседі. Міне, ұлттық 
біртектіленуде осы факторды пайдалану 
тиімді нəтиже бере алады. Ал, керісінше, 
этникалық өзгешелікті институциализа-
циялау, сөйтіп тұрғындарды этникалық 
белгісіне  қарай  еріксіз  бөлу,  асыра 
сілтеп  айшықтау,  БАҚ  арқылы  тым 
артық  насихаттап,  жиі  қайталай  беру 
осы этникалық топтардың өз ішіндегі  
мəдени  біртектілігін  күшейте  түседі, 
бөлінуге  итермелейді.  Тек  Қазақстан 
ғана емес, əлем мемлекеттерінің басым 
бөлігі көпұлтты екені рас. Сондықтан 
да,  еліміздегі  этникалық  əртектілікті 
айрықша  назарға  алу    біртұтас  ұлт 
құру үдерісінің тоқтап қалуына ықпал 
етеді. Бұл мемлекет құраушы ұлт үшін 
үлкен зиян. 
Тағы  бір  жағымсыз  тенденция, 
ол  ұлт,  оның  ішінде  қазақ  ұлтының 
мүд десі  туралы  сөз  қозғалса  болды, 
ұлтаралық татулыққа қарсылық, соған 
келетін  нұқсан  ретінде  қабылданады. 
«Ұлт»  терминіне  үрке  қараудың  жөні 
жоқ.  Ұлтты  құру  үшін  ұлтшылдық 
міндетті  түрде  керек. «Ұлтсыз  мемле-
кет құм сияқты сусып жоғалады» дейді 
С.Ятсен.  Қазіргі  жаһанданудың  өзі  де 
адамдарды одан əрі ұйыса түсуге, бірігуге 
мəжбүрлеуде. Бірақ, бұл ұлтшылдық шек-
тен шықпай, экстремизм мен фашизмнен 
аулақ болуы тиіс. 
Ұлт  құрылысы  науқандық  шара 
емес,  ол  үздіксіз  жүре  беруі  тиіс, 
тоқтатуға  болмайды.  Күннен  күнге 
үдей  түскен  жаһандану  үрдісі,  əлемдік 
үстем державалар арасындағы тартыс 
ұлт  құру  үдерісін  мақсаткерлікпен, 
əлемдік тəжірибені жергілікті жағдайға 
ыңғайлай  жүргізуді  талап  етеді.  Тара-
зы  басына  ұлт  мүддесі  мен  мемлекет 
тағдыры  ілінген  тұста  жалтақтық 
таныту,  кейінге  қалдыру  жəне  нем-
құрайдылық жарамайды.
Ұлттану

№2    2015    А И АТ
48
48
Қайсы дұрыс, қайсы бұрыс?
Қазіргі  заманғы  қоғамдық-саяси  ой-пі-
кірде  исламофобия,  антисемитизм,  сино-
фобия, антиамериканизм, американо фобия, 
НАТО-фобия сияқты түрлі фобиялар, яғни, 
қор қыныш ұялататын ұғым-түсініктер мен 
жеккөрушілік  сезімдер  туындап  отыр ға ны 
жасырын  емес.  Сонымен  қатар,  ан ти гло-
балистік,  евроскептиктік,  антиеу разия лық 
пиғылдар  да,  ұлтшылдықты  фашизмге 
те ңеу ші  антиукраиналық  көзқарас  та  бе-
лең  алып  тұр.  «Ақиқат»  журналының 
алдыңғы  нөмірлерінде  осындай  фобия-
лардың  бірі – Исламофобия  мəселесі 
жан-жақты  талқыланып,  оның  мəн-
жайы  мен  ақ-қарасы  ашылған  еді.  Қа-
зақ станның  ақпараттық  кеңістігінде 
ресей лік бұқаралық ақпарат құралдары 
үстемдігін  жүргізіп  отырғандықтан, 
қазір антиукраиналық ұстаныммен бір-
ге  «модаға»  айналған  «фобиялардың» 
бірі – американофобия  немесе  антиаме-
риканизм  болып  отыр.  Идеологиялық 
бұрмаланған саяси үгіт-насихат салдары-
нан қоғамдық пікірдің де сыңаржақ бо-
лып қалыптасуы заңдылық. Сондықтан, 
қазіргі  қоғамда  Америка  десе,  аза  бойы 
қаза болатын, АҚШ-қа қарсы жағымсыз 
ой  жетегінде  жүргендер  жетіп  артыла-
ды. Ал, Америкаға барып, ондағы өмір-
ді  өз  көздерімен  көріп,  білімін  алып, 
жұ мысын  істеп,  ақшасын  тауып  келіп 
жат қандардың  пікірі  мүлдем  бөлек – 
олар АҚШ-тың жақсы жақтарын айтып, 
жаппай  мақтайды.  Америкаға  қатысты 
Саяси сараптама
АНТИАМЕРИКАНИЗМ: 
АҢЫЗ 
 
бен  АҚИҚАТ
Сейілбек МҰСАТАЕВ
əл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университеті Саясаттану 
кафедрасының профессоры, саяси 
ғылымдарының докторы
қоғамдық пікір амбивалентті (екіұшты) 
болып тұр. Осыдан келіп: «Ау, сонда бұл 
фəнидегі демократияның эталоны сана-
латын  АҚШ  шын  мəнісінде  зұлым  ел 
ме?»  дейтін,  көпшілікті  ойландыратын 
сұрақтардың бірі туындайды. 
Бұрын  да,  Кеңестер  Одағы  дəуірінде 
АҚШ  құбыжық,  соғысқұмар,  отаршы, 
адам ды  қанаушы  ел  ретінде  насихаттала-
тын. Себебі, түсінікті, ол кездегі əлем екі 
полярға бөлінді: бір жағында – дүниежүзін 
тоталитарлы коммунизмге айналдыруды 
көксеген,  КСРО  ықпалындағы,  Варша-
ва  шарты  ұйымына  кірген  социалистік  
лагерь  елдері;  қарсы  жағында – де-
мократия  мен  либерализмді  ту  еткен, 
АҚШ  бастаған  НАТО-ға  мүше  елдер. 
Бипо лярлық  теке-тірескен  «Қырғи-
қабақ  соғыстан»  соңғылардың  мерейі 
үс тем  болып  шықты.  Осылайша, 
«Ядро лық  паритет», «Айға  ұшу  жары-
сы», «Кариб  дағдарысы», «Жанталаса 
қарулану» сияқты саяси-тарихи процес-
тер мен ғаламдық ауқымдағы геосаяси, 
идеологиялық,  əскери,  экономикалық  
конфронтацияға  арқау  болған  екі  по-
лярлы  əлем  құрылысы  ыдырап,  жаңа 
əлемдік  тəртіп  қалыптасты.    Ал,  оның 
бас ты  ерекшелігі – алып  державаға 
айналған 
АҚШ-тың 
əлемдік 
саяси 
аренадағы  үс тем дігіне  (гегемондығына) 
негізделуі.  Ке  зін де  «Темір  леди»  атанған 
Маргарет  Тэтчер  «Мемлекетті  басқару 
өнері.  Өз геріс  үстіндегі  əлем  үшін  стра-
тегиялар»  атты  еңбегінде  қырғи-қабақ 
соғыс  пен  Американың  жеңісі  туралы 
ой  толғай  келе,  АҚШ  қана  əлемдік  ли-
дер  болудың  моральдық  құқығына  ие 
жəне  оған  материалдық  негізі  де  бар  деп 
қорытынды жасайды. Оның ойынша, АҚШ 
пен  НАТО  ғаламшарда  демократиялық 
құрылыс  орнауын,  адамның  құқықтары 
мен бостандықтары қорғалуын бақылаушы 
«Əлемдік жандарм» рөлін ойнауы уақыт та-

№2    2015    А И АТ
49
49
лабынан туындап отыр.  Өйткені, көптеген 
мемлекеттерде  адам  құқықтары  аяққа  тап-
талуда,  авторитарлы  немесе  тоталитарлы 
билік  орнауда,  ксенофобия,  геноцид,  тер-
роризм, азаматтық соғыстар, əскери агрес-
сия сияқты адамзатқа қарсы əрекеттер мен 
əскери  қылмыстар  жасалуда.  Бұлардың 
бəрін  халықаралық  деңгейде  реттемесе, 
жеке-дара  мемлекеттер  мен  ұлттардың 
шамасы  жетпесі  анық.  Алайда,  М.Тэтчер 
АҚШ-ты  егеменді  елдердің  ішкі  ісіне  қол 
сұғатын, яғни, гуманитарлық көмек берумен 
бүркемеленген  күш  қолданудан  сақтануға 
шақырады. 
Саясаткер  ретінде  өзінің  ұстанымшыл 
қаталдығымен  қатар,  прагматикалық  кө-
ре ген дігімен  де  ерекшеленген  марқұм 
М.  Тэтчердің  əлемдік  саясаттағы  АҚШ-
тың  рөлі  туралы  пікірінде  ақиқат  бар 
екені  даусыз.  АҚШ  пен  НАТО  блогының 
қырына  ілігетін  мемлекеттердің  тізіміне 
көз  салсақ,  олар  негізінен  демократиялық 
құндылықтарға  пысқырып  та  қарамайтын 
авторитарлы,  тоталитарлы  немесе  дес-
поттық  саяси  билік  орнаған,  ғаламдық 
қауіпсіздікке қатер төндіретін жаппай қырып 
жоюшы қаруға құмар, экстремизм мен тер-
роризм қозып тұрған, адам құқықтары мен 
бостандықтарын бұзатын, ксенофобия, дис-
криминация,  геноцид,  əскери  қылмыстар 
белең алып отырған елдер. Яғни, АҚШ экс-
президенті,кіші Дж.Буштың тілімен айтсақ, 
«зұлымдық  осінде»  орналасқан  Солтүстік 
Корея,  Ирак,  Иран  сияқты  мемлекеттер. 
Кейінірек  АҚШ  Мемлекеттік  хатшысы 
Джон Болтон бұл тізімді Куба, Ливия, Си-
рия  сияқты  антидемократиялық  елдермен 
толықтырды. 2005 жылы  Кондолиза  Райс 
ең  антиамерикандық  режимдер  деп  Куба, 
Иран, Солтүстік Корея, Беларусь, Зимбабве  
мен Мьянманы атады.
Екі  полярлы  əлемнің  қалыптасуы 
ІІ-ші  Дүниежүзілік  соғыстан  кейін  бас-
тау  алса,  геосаяси  гравитациялық 
тартылыстың  күшті  əсерін  бірінші  бо-
лып  сезген  Германия  болды.  Потсдам 
конференциясы  негізінде  екіге  бөлінген 
неміс  елінің  Батысы  АҚШ  бастаған 
батыстық  елдердің  ықпалында  қалса, 
Шығыс  бөлігі  КСРО  жетегінде  кетті. 
Фашистік  фюрермен  империя  құруға 
дəмеленген,  ариялық  ұлт  саналған 
немістер екіге айырылып қоймай, орта-
сынан қыл өтпейтін Берлин қабырғасы 
арқылы  қақ  бөлінді.  Қырық  жылдан 
астам уақыт бір ұлт екі түрлі тəртіппен 
өмір  кешті:  елдің  батысындағы    не-
містер  евроамерикандық  демократия 
принциптерін,  шығыс  немістері  ком-
мунистік  идеологияны  басшылыққа 
алды. 1980 жылдардың  ортасында 
Шығыс  Еуропада  «шошытып  емдеу», 
«барқыт төңкерістер» жүріп, антикеңестік 
көңіл-күй  өрістеді.  Оған  қоса,  КСРО-да 
билік  басына  М.С.  Горбачевтің  келуі, 
«қайта құру», «жариялылық» сияқты са-
яси өзгерістер социалистік лагерь елдерін 
дүр  сілкіндірді. 1989 жылы 9 қарашада 
Берлин  қабырғасы  құлатылып,  Герма-
ния  бірікті,  екіге  айырылған  ұлт  қайта 
табысып,  біртұтас  ел-жұртқа  айналды. 
Міне,  сол  кезде  əлемдік  қауымдастық 
қатігез  саяси  эксперименттің  нəтижесін 
көріп  қайран  қалды.  Қырық  төрт  жыл 
екі  түрлі  саяси  жүйеде  бөлектеніп  өмір 
сүрген  бір  ұлттың  өкілдерінің  саяси 
санасы  мен  мəдениеті,  психология-
сы  мен  менталитеті  бір-біріне  мүлдем 
ұқсамайтын  дəрежеге  жеткен.  АҚШ 
ықпалындағы  батыс  немістері  қай 
жағынан  алсаңыз  да,  əлдеқайда  дамып 
кеткен, ал, КСРО «тəрбиесіндегі» шығыс 
немістері мешеу күйде қалып қойған. Со-
дан бері де ширек ғасыр уақыт өткенімен, 
бұл  ерекшелік  əлі  күнге  дейін  теңеспей 
келе  жатқан  көрінеді.  Егер  де,  АҚШ 
жаман  болса,  батыс  немістері  соғыстан 
қираған  қалаларын  қалпына  келтіріп 
қана қоймай, одан сайын гүлденіп, жан-
жақты  дамып,  еуропалық  бетке  ұстар 
елдің деңгейіне қалай жеткен?
Тура  осындай  аналогияны  (теңеуді) 
ко рей  ұлтына  қатысты  қолдануға  бола-
ды.  ІІ-ші  Дүниежүзілік  соғыста  гитлерлік 
Германияның  одақтасы  болған  жапон  ми-
литаристері жаулаған Кореяны азат етуге екі 
дүлей саяси күш –  КСРО мен АҚШ білек 
сыбана  кірісті.  Бірі  елдің  солтүстігінен, 
екіншісі  оңтүстігінен  Корей  еліне  көмек 
қолын созып, жапон басқыншыларын қуып 
шықты. Кеңес  Одағына Қытай жақтас болды, 
АҚШ-қа Ұлыбритания, БҰҰ бітімгершілік 
күштері  мен  НАТО  блогы  қолдау  жасады. 
Жапон  басқыншыларынан  құтылған  соң, 
одақтастар уақытша басқару режимі туралы 
келісім жасап, Кореяны қақ ортасынан бөліп 
жатқан географиялық 38 белдеу (параллель) 
бойымен  КСРО  ықпалындағы  Солтүстік 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет