лютамыз – теңге сияқты Қазақстанның
кез келген түкпірінде қолданыста болса
ғана қазақтар психологиялық тұрғыда
өзін тəуелсіз ұлт өкілі ретінде сезінер еді.
Оралмандардың өздерін тарихи Отандары-
на емес Ресейдің оңтүстік бөлігіне келген-
дей сезінетінін енді ұққандаймыз. Бірыңғай
мемлекеттік тілдегі мəдени-ақпараттық
кеңістік құрудың маңыздылығын айтпаған
елде адам қалмаған шығар. Базбіреулер
жазғандай ұлты мен жұртына жасаған
сатқындық ешқандай таразымен өл-
шен бейді. Ақпараттық қауіпсіздіктің
тəу ел сіз ел үшін маңыздылығын түсін-
ді ріп жатудың өзі артық. Орыс филосо-
фы, жазушы, əдебиет сыншысы Н.Г. Чер-
нышевскийдің мынадай айтқан бір сөзі бар
екен: «Өз Отанына салқын адам бүкіл
адамзатқа да опа бермейді». Қазақтардың
арасында өз ұлтының перзенті бола
алмай жатып əлемнің азаматы бола-
мын деп жүргендердің кездесетіні еш
құпия емес. Əдетте, отансүйгіштік, па-
триотизм ұғымына анықтама бергенде оны
гректің «patris» – отан, атамекен сөзінен
шыққанынан бастайды. Яғни, отансүйгіштік
– өзінің жеке жəне топтық мүдделерін, жал-
пы, елдің мүдделеріне бағындыратын, оған
адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын
өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіс-
пеншілік сезімі. Əмбебап құндылықты уа-
ғыздайтын дін өкілдерінің өздері патрио-
тизмді мойындайтынын көрсетті. Мəселен,
патриарх Алексей ІІ мына сөзі жұртшылыққа
кең тарады: «Человек без патриотизма,
по сути, не имеет своей страны. А «че-
ловек мира» это то же самое, что бездо-
мный человек». Космополиттерді үйсіз,
баспанасыз адамға теңеуінде үлкен мəн
жатыр. Менің ойымша, отансүйгіштікті
өтпелі сезім деңгейінде емес, тұрақты тұлға
қасиеттері ретінде негіздесек жөн болар
еді. Əйтпесе, біздің жастардың пір тұтып
жүрген жандары – кез келген жолмен
ақша жасайтын алаяқтар, ұсталмаса
ұры болып саналмайтын жемқорлар
мен банкирлер. Нарық экономикасы
тұтынушылық психологиясын жарна-
малап адамдардың құндылықтарын өз-
гертіп жіберді. Кейде ұлтшылдық пен
отан сүйгіштікті қатар қою қажет сияқ-
ты көрінеді. Кезінде ұлтымыздың адал
ұлы
Жүсіпбек Аймауытұлы: «Ұлты
үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап
жүрген азаматтардың елі артта қалып
отыр. Ұлтшыл жұрттар, əне, Германия,
Япония, Англия, Түркиялар, олардың ба-
ласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есей-
ген соң бар білімін, күшін өз жұртының
Ж. СЕЙІТНҰР. Қазақтар мəдени жəне тілдік тұрғыда біртұтас ұлт болмай отыр
№2 2015 А И АТ
41
41
күшеюіне жұмсайды. Олардың əр адамы
– мемлекеттің керегі, қызметкері» деген
екен.
Тəуелсіз Қазақстан – қазақтардың ғасыр-
лар бойы армандаған жалғыз мемлекеті.
Біз одан не үшін айырылуымыз керек?
Əлі күнге дейін, тіпті, тəуелсіздіктің дəмін
дұрыс татқан жоқпыз. Тіліміз, мəдениетіміз,
демографиямыз, экономикамыз керемет
гүлденіп отыр дей алмаймыз. Қазақ аты-
мен билік пен байлыққа жетіп алған сая-
си элитамыз мемлекетқұрушы байыр-
ғы халықтың мүддесін қорғағысы
кел мейді. Керісінше, ұлттық мүддеге
қарсы əрекет жасап өзге мемлекеттердің
сойы лын соғып жүргендей. Халық жа-
зушы Мұхтар Мағауин «Ұлтсыздану
ұраны», «қазақсыз Қазақстан» атты
мақалаларында ұлт рухының жарым-
жан екендігіне тоқталып, өз көсемдері
қорлап отырған жұрт – қазақтар деген
ащы пікірін де білдірді. Саяси элита
халықтан, оның мүддесінен алыстай
бастаса ішкі сүйенішінен, өзінің басты
тірегінен айырыла бастайды. Сыртқы
күштерге оңай жем болады, құрбанына
айналады. Ұлт мүддесін қорғаған сая-
си қайраткерді сын сағатта халықта
қорғап қалады. Мəселен, өз халқы мен
зиялылары тарапынан үлкен қолдау бол-
маса Ресей президенті Путин Батыспен
ашық текетіреске барар ма еді? Жоғары
рейтинге ие болғанның арқасында ол батыл
қимылдарға барып отыр. Ресейдің федерал-
ды мемлекет екендігін біле тұра əрі оның
этникалық шұбарлылығына қарамастан,
«Валдай» пікірсайыс клубында сөйлеген
сөзінде президент Путин ашық түрде: «Са-
мый большой националист в России – это
я. Но самый правильный национализм –
это выстраивание действий и политики
так, чтобы это пошло на благо народа»
деп жариялады. Біздің саясаткерлердің
ашық түрде ұлтшылмын деп айтуға
жүректері дауаламайды. Еуропаның көп-
теген ұлттық мемлекеттері (Германия,
Италия) ұлтшылдардың арқасында ғана
қалыптасқанын мойындай бермейміз.
Израиль үкіметі 2014 жылдың қараша
айында Израильді «еврей мемлекеті» деп
жариялаған заң жобасын мақұлдады.
Ұлттық мемлекеттер мүмкіндігінше
мə дени жəне тілдік біртектілікке ұм-
тылады. Тəуелсіздікті ұстап қалудың
маңызды шарттары – халық пен билік-
тің бір-біріне тірек болуы, өзара сенімі
болуы. Халық бəрібір үлкен күш. Түбі
санасасың. Ұлттық идеяны қазақ хал-
қының түпкілікті мүдделерінен тыс жер-
ден іздеу еш нəтиже бермейді.
Есімі əдебиет саласындағы қауымға
жақсы таныс, «Ақшам хаттары», «Ырау-
ан», «Қас Сақ Аңқымасы» атты кітаптардың
авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының
мүшесі Тыныштықбек Əбдікəкімұлы «Қа-
зақ əдебиеті» газетінде жарық көрген бір
мақаласында мынадай бір ой айтады: «
Өкінішке қарай, біздің қоғамда Сөзді
дұрыс ұғынбау һəм дұрыс қолданбау дерті
– мемлекеттік масштабқа дейін асқынып
кеткен қасырет». Ол кісінің айтуынша,
қазіргі қолданыстағы «Үштұғырлы Тіл»
саясаты» деген сөз тіркесі «мемлекеттік
Тілмен өмір сүру жəне қос тілді қоса
меңгеру» аталуы тиіс. Өйтпейінше, қазақ
тілінің мемлекеттік айрықша мəртебесі
мүлде ескерусіз қалып, ағылшын, орыс
тілдерімен бір деңгейде қолданылар, қатар-
дағы тіл болып қалып кетпек. КСРО зама-
нында да «үштілділік» (қазақ, орыс жəне
бір шет тілі) саясаты болған; нəтижесінде,
«коммунизм тілінің кереметтілігінен»
қазақтың тең жартысына жуығы түбегейлі
орыстанып тынды. Автордың бұл алаңдауын
негізсіз дей алмаймыз.
Мемлекеттік тілдің мүшкіл жағдайы
бəрімізге белгілі. Мұндағы мəселелерге
ерекше құлақ түріп назар аударып
жатқан билік жоқ. Қанат белгісі үшін
жаса латын кезекті іс-шаралар көзбояу
үшін жасалғандай сананы селт еткізбейді.
Биліктің тек ағылшын тілін көтермелеп
қолдаған саясатының ғана əсері бар
сияқты. Оны қазақстандықтардың бала-
лары мен немерелерін тілдік курстарға
беріп жатқандығынан, ақылы ағылшын
тіл курстарының саны ұлғаюынан
байқауға болады. Бүгінгі таңда ғылыммен
айналысу үшін де ағылшын тілін мін-
детті түрде меңгеру керек болып тұр.
Жоғары оқу орындарындағы қазақтілді
оқытушылар біреуге ақысын беріп ау-
дартса да ағылшын тілінде мақала жазуға
мəжбүр. Ең өкініштісі, оны адамның өзі
жазбаған соң оның мағынасы дұрыс па,
қате ме автор түсіне де, бағалай да алмай-
ды. Кез келген ойды, тұжырымды өзге
тілге аударғанда мағынасы мүлде өзгеріп
кететіні белгілі. Мысалы, қазақтың мінез
-құлқын реттеуде маңызды рөл алып
Көзқарас
№2 2015 А И АТ
42
42
отырған обал, сауап, шүкір, қанағат
деген сөздерін өзге тілге аудару дəл өз
мағынасындай бола бермейді.
Қоғамдық өмірден байқағанымыз, елі-
міз дің орыстілді азаматтары мемлекеттік
тіл боп саналатын қазақ тілін білмесе де
ағылшын тілін тəуір меңгеріп алған. Кəрісі
бар, орысы бар дегендей...ал, қазақ тіліне
пысқырып та қарамайды. Басшылары ке-
рек қылмай отырған тілді олар да қайтсін?!
Ағылшын тілін білсең əлемдік кеңістікке
шығасың, жоғары жалақылы жұмысың бола-
ды, ал қазақ тілін білгеннен саған келіп-кетер
ештеңе жоқ. Мемлекеттік мекемелерде жиі
көрініс алып жатқан жай: көзбояушылық
сипатта жиналысты қазақша бастап
ары қарай орысша желдірте жөнеледі.
Көптеген
профессорлық-оқытушылар
құ рамы тарапынан, əттеген-ай, Ре-
сей империясының отары болғанша
Үндістан сияқты Ұлыбританияның ота-
ры болғанымыз анағұрлым дұрыс болар
еді деген пікірлерді жиі естіп жатамыз.
Онда кем дегенде əлемдік тіл дəрежесіндегі
ағылшын тілін емін-еркін білер едік де-
ген өкініш ойлар айтылады. Қазір бюд-
жеттегілердің онша да жоғары емес жа-
ла қыларынан бөліп-жарып ағылшын
тілі курстарына барып жүргендері тілді
түсіну деңгейіне жеткенімен, ағылшын
тілінде ойын жетік жеткізетін мақала
жазу деңгейіне жете алмай жүргендерін
айтып шағымданады. Кейбір жоғары
оқу орындарының басшылары ағыл-
шын тілін білуді құр ғана талап етіп
қоймай, қол астындағы қызметкерлері,
профессорлық-оқытушылар құрамына
арналған ағылшын тілдік курстарын
ашып оның ақысын университет тара-
пынан төлеп жеңілдік береді екен. Бірақ,
ондай оқу орындары ілуде біреу ғана.
Ақыры мемлекетіміз «үштұғырлы Тіл»
саясатын қолға алған екен бұл тəжірибені
еліміздің барлық жоғары оқу орындары-
на таратса өте абзал болар еді.
ХХ ғасырдың ең бір көрнекті ойшы-
лы, австриялық философ жəне логик, ана-
литикалық философияның негізін қалау шы
Людвиг Витгенштейн (1889-1951) өзінің
«Логикалық – философиялық трактат»
атты еңбегінде тіл мен əлемнің өзара бай-
ланысын өте терең зерттеп кетеді. Оның
ойынша, тіл – адамның мекені, тұрағы.
Сөздің мəн -мағынасы оны қолдануға бай-
ланысты анықталады. Аналитикалық
философияның негізі əдісі – тілдік тұжы-
рымдарды талдау. Адам дегеніміз – тіл.
Түсіну – ең алдымен тілдің өзін түсіну,
ұғыну. Ой тіл арқылы білдіріледі, демек
тіл-ойлаудың шекарасы. Айтылатын
нəрсе айқын айтылуы тиіс. Сөйтіп, ол тілді
əлемді бейнелеу ретінде сипаттады. Пси-
хология ғылымында кезінде американдық
ғалымдар Э. Сепир мен Б.Л. Уорф жасаған
лингвистикалық салыстырмалық болжа-
мы зерттеушілер арасында үлкен пікір-
таластар тудырды. Бұл болжам бойынша,
сыртқы дүниені қабылдау жəне ойлау
тілдің құрылымы арқылы анықталады.
Демек, əр алуан тілде сөйлейтін адам-
дар əлемді де əр түрлі қабылдайды жəне
түрліше ойлайды. Шындықтың таны-
лу сипаты оны танып білуші субъект
ойлайтын тілге байланысты. Адамдар
дүниені болшектеп, оның ұғымын жа-
сап, мағынасын түрлендіреді. Танымның
объективті жалпы мағыналық сипа-
ты жоқ; физикалық ұқсас құбылыстар
тіл жүйесінің қатыстылығына байланыс-
ты əлемде ұқсас көріністердің жасалуы-
на мүмкіндік береді. Сепир - Уорф бол-
жамы тілдің ұлттық ерекшелігіне назар
аудартады. Рас, өзге тілі ана тіліндей бол-
майды. Ойды бөгде тілде жеткізу үлкен
қиындықтар тудырады. Тіпті, ана тіліңде
мақала жазғанда да көңілдегі айтар ой
қағазға түскенде түсі қашып ойдағыдай
болып шықпайды. Ал, өзге тілде шығарма
жазсаң жұтаң, білетін сөздеріңді ғана
қолданатындықтан ол қарабайыр бір мақала
ғана болып шығады. Біздің саяси элитаның
аталмыш «үштұғырлы Тіл» саясаты» мем-
лекеттік мəдени бағдарламасы арқылы не
көздейтінін аяғына дейін түсінбедік. Олар
күллі халықты полиглот жасамақ па, əлде
осылай мемлекеттік тілді дамытпақ па, оны
ажырата алмай жүрміз.
Қорыта, айтсақ бізге кеңес заманын-
да тұжырымдалған ақын Қадыр Мыр-
залиевтің «Өзге тілдің бəрін біл, өз Тіліңді
құрметте!» деген қанатты сөзін ақын
Тыныштықбек Əбдікəкімұлының «өзге
тілдің бəрін біл, Өз Тіліңмен өмір сүр!»
формуласына ауыстырудың уақыты кел -
гендей. Сонда ғана қазақтардың өз ата-
мекенінде ұлт ретінде шынайы ық палы
болмақ.
Ж. СЕЙІТНҰР. Қазақтар мəдени жəне тілдік тұрғыда біртұтас ұлт болмай отыр
№2 2015 А И АТ
43
43
Ұлттану
Дина ИМАМБАЕВА,
Қазақтың мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
магистранты
ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЗАҚТАНДЫРУ
МӘДЕНИ АССИМИЛЯЦИЯДАН
БАСТАЛАДЫ
Əлеуметтік сұрау салу нəтижесі бойын-
ша, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің 30%-ы
өздерін «Қазақстанның азаматымын»
деп санамайды екен. Алаңдаушылық
туғызбай қоймайтын бұл сандар бүгінгі
біздің қоғамдағы шындықтың бір көрінісі.
Шынында да, тағдыр жазуымен Қазақ елі
көптеген ұлт пен ұлыс өкілдеріне мекен
болды. Кеңестік билік тұсында Қазақстан өз
еркінен тыс полиэтносты мемлекетке айна-
лып, олар қазіргі Қазақстан халқын құрады.
Кеңес билігі тарап, оның құрамындағы
республикалардың «тəуелсіздік шеруі»
басталған тұста − əр ел даму бағытын өзінше
айқындады. Қазақстан, елдегі тыныштық
пен татулықты сақтап қалу мақсатында
«түрлі ұлт өкілдері арасындағы азамат-
тық теңқұқылық пен олардың мəдени
ерекшеліктерін сақтай отырып даму»
бағытын таңдады. Бұл мəдени плюра-
лизм ұлттық татулық пен ынтымақтың
көрінісі ретінде Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы арқылы кең көлемде на-
сихатталуда. Бірақ, біз Қазақстанда бір
ғана ұлт − мемлекетқұраушы қазақ
ұлты бар екенін, ал өзге ұлыс өкілдері
тек этникалық диаспора өкілдері екенін
ескере бермейміз. Кез-келген мем ле-
кеттің тəуелсіздігі мен тұтастығы сақ-
талуы үшін осы территорияда өмір
сүріп жатқан барша тұрғындар бір
ұлт тың төңірегіне ұйысып, бір идея, бір
мақсатқа жұмылуы тиіс екенін адамзат
тарихы дəлелдеп келеді. Бұл «ұлттық
біртектілену» немесе «ұлттық иденти-
фикация» қағидасы əрбір азаматтың өз
ұлтына тəн мəдениетін игеру, оның салт-
дəстүрін сақтау, мінез-құлықты ұстануы
жəне ұлттық рухы мен ерік-жігерінің
болуы арқылы жүзеге асады.
Адамзат тарихында ұлттық мем-
лекет ел тұрғындарын ұйыстырудың
ең тиімді үлгісі екендігі дəлелденген.
«Ұлт» ұғымы мемлекеттер арасындағы
халықаралық қатынастарда да негізге
алынады. Халықаралық құқықта «ұлттық
егемендік», «ұлттың өзін-өзі айқындауы»
сияқты ұғымдар бар, Біріккен Ұлттар
Ұйымының да өзегінде «ұлт» ұғымы жа-
тыр. Территориялық, саяси жəне мəдени
бірлікті айқындау да «ұлт» ұғымы бой-
ынша жүргізіледі. Сондықтан «ұлт»,
«ұлттық» ұғымдары өте күрделі ұғым
болып табылады. Кең мағынасында «ұлт»
дегеніміз − ата-бабалары, тарихы мен
мəдениеті бір, арнайы территорияға
ие, өзара татулық сезімі біріктірген
адамдар қауымдастығы. Бүгінгі күні
«ұлт» ұғымына қатысты маңызды екі
мағынаны атап өтуге болады: біріншісі
− азаматтыққа, яғни, ортақ саяси
бірлікке негізделген ұжымдық егемендік
ретіндегі ұлт болса; екіншісі − ортақ
тіл, тарих жəне мəдени біртектілік
байланыстырған адамдардың қауымы,
яғни, этнос ретіндегі ұлт. Дүниежүзінің
мемлекеттері ұлт ұғымының осы екі
нұсқасы негізінде ұлттық біртектілену сая-
сатын жүргізеді. Онда мынадай бағыттар
бар: а) мультикультурализм идеология-
сы; ə) азаматтық ұлт қалыптастыру; б)
елдегі басым ұлттың өзге ұлыстарды өз
төңірегіне ұйыстыруы.
Кейбір полиэтносты елдер көпмə-
дениетті, көпұлтты азаматтық ұлт
қ а л ы п т а с т ы руд ы т и і м д і с а н а й -
ды. Мұндай мемлекетті дербес саяси
қауым дастық деп сипаттауға болады.
№2 2015 А И АТ
44
44
Ол осы мемлекеттің барлық азамат-
тарын шығу тегіне, діни сеніміне,
ұлтына қарамастан түгел біріктіреді.
Азаматтық ұлт құру нəтижесінде тарих,
мəдениет, аңыз-əңгімелер, барлығы осы
территориядағы бүкіл тұрғындарға
ортақ құндылыққа айналады. Алайда,
азаматтық ұлт қалыптастыру үшін осы
мемлекеттің халқын құрайтын түрлі
топтардың арасындағы айырмашылық
неғұрлым аз болуы қажет. Сонда ғана бұл
мақсат жүзеге асады. Яғни, этникалық
өзгешеленуге түрткі жоқ болса ғана
аза маттық ұлт құру мүмкіндігі бар.
Ж-Ж.Руссоның сөзімен айтқанда, ұлт-
ты құрайтын индивидтердің салттары
ұқсас, мінез-құлықтары бірдей, əлеу-
меттік мұраттары да ортақ болуы тиіс.
Ұлт құру ісінің неше түрлі жолдар-
мен, əдіс-тəсілдермен жүргізілгені та-
рихтан мəлім, күш көрсету арқылы
«бөтендерді» «өзінікіне» айналдырған
елдер бар. Мысалы, Ұлыбритания бір
кезде шотландтықтардың қарсылығын
аяусыз басу арқылы біртұтас азаматтық ұлт
құрды. Тіпті, якобиттік отбасыларындағы
бала тууға қабілетті бүкіл əйелдерді
құр ту көзделді, кез-келген шотландтық
сот сыз-ақ атып-асылды. Ақыр соңында
ағыл шындардың ХІХ ғасырда басталған
эконо микалық жетістіктерінің арқасында
шотландтықтардың тəуелсіздікке деген
ұмтылысы мүлдем басып тасталды. Қазіргі
шотландтықтардың дербес ұлт болғандығын
тек олардың торкөз белдемшелері мен саз
аспаптары ғана еске салады. Осы тұрғыда
батыстық ұлтшылдар ұлт құру ісінде
ассимиляциялануға көнбей, келісімге
келмейтін элементтерді күштеп жоюға
дейін баруды құптайды. Бұл мемлекеттік
мүдде үшін ешқандай əдіс-тəсілдердің жат
емес екенінің дəлелі.
Кезінде Америкада «америкалан-
дыру» саясатының жүргізілгені мəлім.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы
елге ағылған иммигранттар толқыны
əрқайсысы өзінше қауымға бөлініп,
оқшаулана өмір сүру факторлары орын
алды. Бұл олардың америкалық мəдениет
нормалары мен мінез-құлық үлгілерін
қабылдауына, яғни, «америкалануына»
кедергі болды. Осы тұста мемлекет «аме-
рикаландыру» жөніндегі арнайы зерт-
теулер жүргізуді қолға алды. Бұл зерттеу
жобасының міндеті иммигранттардың
америкалық құндылықтарды меңгеруін,
америкалық қоғамға сіңіп кетуін зерттеу
еді. Зерттеуші ғалымдар анықтағандай,
кез-келген иммигрант бірден америкалық
боп кетпейді, бұл бағыттағы жүргізілетін
жұмыстар, ең алдымен, олардың өзін жат
елдік деп сезінбеуі тиіс екендігіне назар
аударды. Сөйтіп, алғашқы қадам ретінде
иммигранттардың азаматтық құқықтары
мен бостандықтары жергілікті халықпен
теңестірілді. Ары қарай əрбір иммигранттың
америкалық қоғамға бейімделуі жəне өзін
мойындатуға деген ұмтылысы ынталанды-
рылды. Бұған əйгілі «америкалық арман»
идеясының да қосқан үлесі көп. Осы
мақсатта аса маңызды құрал ретінде
бұқа ралық ақпарат құралдарының
мүм кіндіктері кеңінен пайдаланылды.
Сөйтіп, «американдық арман» нақты
шындыққа айнала бастады.
ХІХ ғасырда Франция тұрғын-
дарының төрттен бірі француз тілін
білмейтін, ол 4 миллионға жуық оқу
жасындағы баланың ана тілі емес
еді. «Француз ұлты» аталған саяси
жо баны табысты жүзеге асыру нəти-
жесінде ұлттық бірлік орнап, бүгінгі
біртұтас француз халқы қалыптасты.
Бисмарк тұсында милит аристік
Пруссияның аясында «біріккен неміс
ұлты» құрылмағанда, үш туыс ұлт
– австриялықтар, пруссиялықтар мен
баварлықтар үш бөлек саяси қауым,
яғ ни, дербес үш ұлттық мемлекеттер
болып кетуі əбден мүмкін еді. Қазір сол
герман халықтары біртұтас неміс ұлтын
құрайды жəне Германияда тек неміс
ұлтының мүддесі үстем.
Франция ұлттық мемлекет құруда
территориялық, азаматтық бірлікке сүйенсе,
Германия этномəдени біртектілікті басшы-
лыққа алды. Яғни, Германияда неміс
мəдениеті, неміс тілі мəдени біртектіліктің
өзе гін құраса, Францияда бұл фран-
цуз территориясындағы француздық
азаматтық бірлік, мəдениет саналады.
Барлық тұрғындар өздерін «француз аза-
матымыз» деп санайды жəне француздық
мəдениет пен құндылықтарды ұстанады.
Д. ИМАМБАЕВА. Қазақстанды қазақтандыру мəдени ассимиляциядан басталады
№2 2015 А И АТ
Достарыңызбен бөлісу: |