Сейілбек МҰСАТАЕВ. Антиамериканизм: Аңыз бен ақиқат
№2 2015 А И АТ
50
50
Кореяға жəне АҚШ ықпалындағы Оңтүстік
Кореяға бөлуді ұйғарады. Уақытша басқару
режимі біткен соң, екі тарапты біріктіру
көзделді. Солтүстік Кореяны басқаруға
коммунист Ким Ир Сен тағайындалса,
Оңтүстік Кореяны басқаруға Ли Сын
Ман сайланды. Бірақ, көп ұзамай,
Корея екі алып державаның саяси
ойыншығына айналып, корей ұлтының
тағдыры тəлкекке түсті. Екіге жарылған
корейлер бірікпек түгіл, бір-бірімен
соғысып кетті. 1950 жылы 25 маусымда
басталған Корей соғысы 1953 жылғы 27
шілдеге дейін жалғасты, ал, соғыстың
бітімі туралы ресми келіссөз əлі күнге
дейін жасалмаған. Корей соғысының
зардабы орасан зор болды: түрлі дерек-
тер бұл соғыста жалпы саны 5-6 млн.
адам қаза тапқанын көрсетеді, мыңға
тарта ұшақ жойылған, атылған оқ-дəрі
мен қаржы-қаражат шығынында қисап
жоқ.
Корей соғысынан кейін екі по-
лярлы əлемдік саясаттың құрбанына
айналған бір ұлт екіге бөлініп, КСРО мен
Қытай коммунистік партияларының
ықпалындағы Солтүстік бөлік - Ко-
рей халық демократиялық республи-
касы (КХДР), Оңтүстік бөлік АҚШ
ықпалындағы Корей Республикасына
айналып шыға келді. Содан бері жарты
ғасырдан астам уақыт өтсе де, комму-
нист корейлер мен демократ корейлердің
басы бірігер емес, бір-бірін жаудай көреді.
Дамуына келсек, тағы да сол, КСРО
ықпалында болған Солтүстік Корея
артта қалды, билігі əскери авторита-
ризм болғандықтан, өмірлері жанталаса
қаруланумен, ықтимал соғысқа дайын-
далумен өтуде. «Тентек шоқпар жинай-
ды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Ал,
АҚШ ықпалына өткен Оңтүстік Корея
демократиялық жолға түсіп, қарыштап
дамып, өркениетті елге айналды. Қазір
оңтүстік корейлік ғылым мен техника да-
муы жағынан əлемдегі алдыңғы орынға
шықты, басқасын айтпағанда, корейлік
Samsung компаниясы америкалық Apple
компаниясымен ашық бəсекелесетін
деңгейге жеткен. Бұдан басқа да бəсекеге
қабілетті брендттері жетіп артылады.
Корейлік электроника мен тұрмыстық
техника əлемді жаулап барады, авто-
мото, ауыр машина жасау, жеңіл
өнеркəсіп те күшті дамуда. Оңтүстік
Корея кеме жасау саласында да əлемдік
лидер. Сауда-экономикалық бағыттағы
портты қала Пусанда əлемдік жиындар
мен спорт додалары өтсе, астанасы Сеул
– Азия-Тынық мұхиты аймағындағы
ірі қаржылық жəне мəдени орталыққа
айналған. Осы жерде тағы да орынды
сұрақ туындайды: АҚШ жаман болса,
оның ықпалындағы Оңтүстік Корея
қалай жақсы ел болып отыр? Немесе
АҚШ-ты жау көретін Солтүстік Корея
неге артта қалып қойды?
АҚШ-тың əскер қолданып, бөгде
мемлекеттің ішкі ісіне қол сұққан кездері
көп-ақ, мұны антиамериканизм өкілдері
үнемі бетке басады. Бірақ, АҚШ бет-
албатты, ешбір себепсіз басқа елдерге
қатысты əскер күші мен қаруды қолданып
отырған жоқ. Біз АҚШ-ты ақтағалы неме-
се жақтағалы отырған жоқпыз. Əйтсе де,
фактының аты факт. Объективті жазылған
арнайы əдебиетке талдау жасау арқылы
АҚШ немесе НАТО əскері көп жағдайда
амалсыздан, кейде, өткір қажеттіліктен
түрлі жанжал ошақтарына қатысқанына
көз жеткізу қиын емес.Мысалы, Гренада
жерінде АҚШ қарулы күштері 1983 жылы
«Urgent Fury», яғни, «Қаһарлы ашуға
булығу»деген шартты атаумен əскери опе-
рация ұйымдастырып, қарулы күштерін
ендірді. Мұндай қадам жасауға қолқа са-
лып, өтініш білдірген Америкалық мемле-
кеттер ұйымы болды. Себебі, 1979 жылы
13 наурызда Гренада қарулы төңкерісті
бастан өткерді. КСРО қолдауымен Морис
Бишоптың «New Jewel Movement» атты
қозғалысы Гренаданы басқарып отырған
Эрик Гейридің үкіметін құлатып, əскери
авторитарлық билік орнатты. КСРО, Куба
мен КХДР сияқты социалистік елдердің
берген 100 млн.$ жуық қаржылық көмегі
мен озық қару-жарағының арқасында
М.Бишоп гренадалықтарды бақайшағына
дейін қаруландырып, 1983 жылға таман Ка-
риб теңізі бассейніндегі ең мықты қарулы
күш жасақтады. КСРО Гренадамен ғана
шектелмей, Никарагуадағы сандинистер
мен Сальвадордағы солшыл партизандарға
да жан-жақты қолдау жасауға тырыс-
ты. Осылайша, Орталық Америкадағы
жағдай күрт шиеленісті. Бастапқыда АҚШ
Гренадаға байкот жариялаумен шектелді.
Бірақ, КСРО-ның Гренада арқылы аймаққа
Саяси сараптама
№2 2015 А И АТ
51
51
өз ықпалын арттыруға дəмелі екені анық
сезіле бастауы, қандықол М. Бишоптың
өз оппоненттерін қатаң жазалап қоймай,
қырып-жоюы, американдық туристердің
өміріне қауіп төндіруі, жалпы, Кариб теңізі
аймағындағы тұрақсыздықты шайқалта
бас тауы Америкалық мемлекеттер ұйымын
ойландырып, жоғарыда айтылғандай, аяғы
АҚШ-тан көмек сұрауға алып келді. АҚШ
көп ойланбастан əскери операцияны бас-
тап, М.Бишоп тиісті жазасын алды. Осы-
лайша, 1984 жылдан бастап Гренаданың
қоғамдық-саяси өмірі тұрақтанды. Бүгінде
Гренада Ұлыбританияның құрамындағы
конституциялық монархиялы мемлекет.
Туризмі дамыған, аграрлы ел, Кариб теңі-
зіндегі қауіпсіз өмір аймақ саналады. Егер,
АҚШ араласпаса, М. Бишоптың əскери
режимі Гренадамен қоса, Орталық Америка
аймағын қан қақсатар еді.
Американы жек көрушілердің АҚШ-
қа қарсы шүйлігетін тұсы – Балқан
дағдарысына қатысты. КСРО тұсында
Югославия деген атауы бар дардай мем-
лекет Кеңестер Одағымен бірге ыды-
рап, тоз-тозы шықты. Югославияның
территориясында 1991-2001 жылдар
аралығында этникалық жəне діни
жанжалдар негізінде тұтанған қарулы
қақтығыстар серия-сериясымен жүрді.
Ресейдің қолдауына ие болған сербтер
(негізінен, православтар) бір жақ, хор-
ваттар (католиктер), босниялықтар
мен косоволық албандықтар (негізінен
мұ сылмандар) қарсы жақ болып бір
қырылды. Онымен қоймай, хорват-
тар мен босниялықтар өзара қы-
рылысты. Бұл аздай, албандықтар мен
македондықтар бір-бірімен атысып-
шабысты. Осылайша, Югославия со-
ғысы ІІ-ші Дүниежүзілік соғыстан
кейінгі кезеңдегі Европада болған ең
үлкен соғысқа айналды. Слободан Ми-
лошевич бастаған Югославия ұлттық
армиясы сербтерді қолдап, жүгенсіз
əрекеттерге барды. Этникалық тазалау,
атып-асу, геноцид, зорлық-зомбылық
жаппай орын алып, айуандық əскери
қылмыстар жасалды. Əсіресе, Сараево
мен Сребренице қалаларында адамзатқа
жат, жан түршігерлік қанды қырғындар
болды. Əлемдік қауымдастық арала-
сып, ара-ағайындық етпесе, тым ұзаққа
созылған Балқан жанжалы өз-өзінен
шешілмейтіні анық еді.
АҚШ-тың ара-ағайындық етуімен 1994
жылы Вашингтон келісімі жасалып, Босния
мен Герцеговина Федерациясы құрылды.
1995 жылы босниялық сербтердің қанқұйлы
армиясына қарсы НАТО əскерін енгізуге
тура келді. 1995 жылы 21 желтоқсанда АҚШ-
тың Огайо штатында, Дейтон қаласында
кезекті бейбіт келіссөздер өтіп, жанжалды
реттеуге мүмкіндік туды, ол тарихта Дейтон
келісімі деген атпен қалды. Осы сұрапыл
соғыста адамзатқа қарсы жасалған əскери
қылмыстарды тергеу мақсатында Бұрынғы
Югославия жөніндегі халықаралық трибу-
нал құрылды (Гаага трибуналы). Бұл əскери
сот 2008 жылға дейін 45 сербті, 12 хор-
ватты, 5 босниялықты əскери қылмыскер
ретінде соттады. Олардың қатарында С.
Милошевич те болды. Жалпы, Балқан
конфликтісінде қайтыс болғандар саны 130
мың адамнан асып кетті, жапа шеккен 2,2
млн адам босқынға айналды, ондаған мил-
лиард доллар материалдық шығын шықты.
Егер де жанжалды шешуге АҚШ пен НАТО
араласпаса, БҰҰ атсалыспаса, Балқан
соғысының зардаптары бұдан да қайғылы,
шығыны əлденеше есе көп болар еді...
АҚШ-тың шетелдегі əскери қаты-
суында ерекше орын алатыны – Парсы
шығанағындағы соғыс, Иракқа қарсы
ұйымдастырылған «Шөлдегі дауыл»
əскери операциясы. Оның мəнін түсіну
үшін алғышарттарын білуіміз қажет.
Иран-ирак соғысы кезінде Саддам Хусейн
Сауд Аравиясы мен Кувейтке шаш етек-
тен қарызға батады. Көршілес жатқан
Кувейттің өзіне Ирактың қарызы 17
млрд. АҚШ долларына жеткен. Қарызын
қайтсе де қайтармауды көздеген Сад-
дам Хусейн Кувейтке Ирак мұнайын
ұрлаушы, келісімшартты бұзушы сияқты
негізсіз жала жауып, қарызды қысқарту
туралы талап қояды. Онымен қоймай,
С.Хусейн Кувейтке қарасты аймақтағы
стратегиялық маңызы бар Варба жəне
Бубиян аралдарын тартып алғысы келді.
Өзінің егемендігін қорғамақшы болған
Кувейтке Ирак соғыс ашып, басып
алды. Парсы шығанағында туындаған
халықаралық шиеленісті реттеуге БҰҰ
арнайы мандат арқылы АҚШ-қа əскери
операция жүргізуге рұқсат берді. 1990
жылы 29 қарашада БҰҰ Қауіпсіздік
Сейілбек МҰСАТАЕВ. Антиамериканизм: Аңыз бен ақиқат
№2 2015 А И АТ
52
52
Кеңесі қарар қабылдап, Иракқа қарсы
ықпал етудің барлық мүмкін шараларын
Жарғыға сəйкес қолдануды мақұлдады.
АҚШ бастаған көпұлтты НАТО əс-
кері «Шөлдегі дауыл» операциясын
сəтті жүргізді, нəтижесінде, Кувейттің
тəуелсіздігі қалпына келді, Ирак БҰҰ та-
лаптарын мойындауға мəжбүр болды.
Кувейтке шабуыл жасамас бұрын
соғысқұмар С.Хусейн Иранмен ұзақ жыл
соғысты. Көрші елдермен соғысып қана
қоймай, қанқұйлы билеуші Ирактың
ішіндегі өзге ұлттарға қатысты геноцид
жасап, əскери қылмыскер атанды. Ол 1983
жылы жаз айларында күрдтердің бар-
зан тайпасының 15 жасқа толған еркек
кіндіктілеріне қарсы жаппай өлтіріп, гено-
цид жасады. 1987-1989 жылдары Солтүстік
Иракты мекендейтін күрдтерді қырып-жою
мақсатында Анфаль атты (арабша«олжа»
деген мағына береді) жасырын бағдарлама
жүргізіп, оған С.Хусейннің туысы Али
Хасан əл-Мəжид (лақап аты «Химиялық
Али») басшылық етті. Ол Балисан, Кара-
даг, Яхсомер, Халабдж атты күрдтердің елді
мекендерін аса улы иприт, зарин, табун,
VX газдарын қолдану арқылы бом былатып,
жаппай қырды. Мұндай бас сыз дыққа бүкіл
əлем наразылығын білдіріп жатқанда,
КСРО ғана үндемей, қалыс қалды. Human
Rights Watch жəне Халықаралық амнистия
ұйым дарының есебі бойынша қанішерлік
əрекеттен 182 мың күрд өлген, 5 мың күрд
ауылы жермен жексен етіліп жойылған, 4700
күрд концлагерьлерге тоғытылған, 1 млн.
ас там күрд босқынға айналған. Жоғарыда
аталған қылмыстардың бəрі БҰҰ арнайы
қарар қабылдап, АҚШ пен НАТО əскеріне
«Шөлдегі дауыл» операциясын жүргізуге
рұқсат беруіне ықпал етті.
С. Хусейн жаппай қырып жоюшы
атом қаруын иеленуге бірнеше рет тал-
пыныс жасады. Ирактың Франция-
дан сатып алған атом реакторларын
АҚШ Орталық барлау басқармасы мен
Израильдің «Моссад» барлаушылары
бірігіп жүргізген «Опера», «Вавилон» опе-
рациялары арқылы жойған. 1981 жылы 7
шілде күні «Осирак» атом реакторы бом-
баланып, жойылды. «Шөлдегі дауылдан»
кейін тəубесіне келген С. Хусейн айтқанға
көніп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №687
қарарына сəйкес жаппай қырып жоятын
қаруды қадағалау талаптарын орындай-
тынын мəлімдеді. БҰҰ Арнайы комисси-
ясы Иракқа келіп, химиялық, ядролық,
бактериологиялық қаруларды, алыс
қашықтыққа ұшатын зымырандарды
əзірлеуді доғару мен жою бағытында
жұмыс жүргізді. Комиссияның белсенді
жұмыс жүргізуінен қауіптенді ме, əлде
басқа себеп болды ма, Ирак билігі 1998
жылы БҰҰ ынтымақтасудан бас тарт-
ты. С.Хусейннің бұл əрекеті əлемдік
қауымдастық тарапынан күдік пен қауіпті
күшейтті. 2011 жылғы 11 қыркүйектегі
АҚШ-та орын алған те рактілер серия-
сынан кейін Иракқа қатысты күдік одан
сайын күшейе түсті. Бұған қоса, С.Хусейн
«Аль-Кайда» террористік ұйымымен
байланысы бар деген қауесет те тарап
кетті. Одан кейінгі хал-ахуалдың қалай
өрбігені баршамызға белгілі. АҚШ
жəне оның одақтастары 2003 жылы
20 наурызда «Ирак бостандығы» атты
əскери операцияға кірісті. Бұл опера-
ция партизандық соғыс, терактілер
жасау сияқты қиындықтарға тірелді.
Соған қарамастан, С.Хусейннің əскери-
саяси режимі талқандалды, 2003 жылы
13 желтоқсанда Тикрит қаласынан 15
шақырым жердегі Ад-даур елді мекенінде
2 метр тереңдіктегі бункерге тығылған
С.Хусейн жаныдағы екі серігімен бірге
қолға түсті. Олардан екі автомат, бір пис-
толет, 750 мың АҚШ доллары тəркіленді.
2005 жылғы 19 қазанда С.Хусейн 14 түрлі
айыптаумен сотталды. Айыптаулардың
көбісі əскери қылмыстарға, геноцид пен
репрессияға қатысты болды. Жасаған
қылмыстарының ауырлығына байла-
нысты сот оған дарға асу арқылы орын-
далатын өлім жазасын кесті. Үкім 2006
жылы 30 желтоқсанда орындалды.
2004 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі
№1637, 1723, 1790 қарарларын қабылдап,
Иракта шетелдік коалициялық əскер
ендіруге санкция берді. 2007 жылы 10
қаңтарда «Үлкен толқын» атты жаңа опе-
рация басталды. 2008 жылы БҰҰ мандаты
бітуіне байланысты коалициялық əскердің
басым бөлігі Ирактан шығарылды, Ирактың
қауіпсіздік органдары елдегі жағдайды
тұрақтандыратын жағдайға жетті. 2010
жылы 1 қыркүйекте «Ирак бостандығы»
операциясы ресми түрде аяқталып, «Жаңа
таң» атты операциясы іске қосылып, елдің
қауіпсіздігін Ирак əскери күштеріне тапсы-
Саяси сараптама
№2 2015 А И АТ
53
53
ру басталды. 2011 жылғы 15 желтоқсаннан
бастап АҚШ 9 жылға созылған ирактық
компанияны аяқтады. АҚШ-тың Ирак
соғысына қатысуы, С. Хусейнді жасаған
қылмыстары үшін сот арқылы жазалауына
қатысты пікір де кереғар. Біреулер АҚШ-ты
жақтаса, енді біреулері айыптайды. Бірақ,
Америкаға жағымсыз көзқарастағылар
мына бір ақиқат жағдайды көпе-көрнеу
ес кер гілері келмейді: егер де, С. Хусейн
демократияны қолдап, заңды сақтап, гено-
цид пен репрессия жасамай, гуманды да
бейбіт саясат жүргізген болса, АҚШ-тың
да, НАТО-ның да, БҰҰ-ның да Иракта ша-
руасы болмайтын еді.
АҚШ-ты айыптаушылардың жақсы
көретін тақырыптарының бірі – Ауғанстан.
«Халықаралық терроризммен күрес, əл-
Кайда мен Усама бен Ладенді жою сияқ-
ты желеумен американдықтар ауған
еліне басқыншылық жасады» дейтін
пікірлерді жиі естіп жатамыз. Алайда,
«демократиялық ауған халқына көмек»,
«интернационалдық борышты өтеу» деген
ұрандармен кезінде КСРО да Ауғанстанға
əскер ендіріп, оның аяғы онжылдық
соғысқа (1979-1989) ұласқанын антиаме-
риканистер естерінен шығарған сыңайлы.
Соғыстан көз ашпаған, кедейліктен сіңірі
шығып, білім мен мəдениеттен мақұрым
қалған Ауғанстанға шетелдіктер неге
əскер кіргізуге құмар? Кейбіреулер
Ауғанстан маңызды геосаяси аймақ,
Қытай, Үндістан, Пакистан, Ресей
сияқты ядролық клубқа мүше, əлеуеті
де зор елдердің қолтығына кіріп кетіп,
кеңірдекке қанжар тіреуге қолайлы
дейді. Алайда, АҚШ-тың Ауғанстанға
əскер енгізуінің алғышарттарын тал-
дасақ, геосаяси фактордан гөрі, əлемді
алаңдататын, ғаламдық қауіпсіздікке
қатер
төндірерлік
дəрежеге
дейін
шиеленіскен ішкі проблемалар шешуші
рөл ойнағанын байқау қиын емес. КСРО
1989 жылы əскерін шығарып əкеткен
соң, Ауғанстандағы «демократиялық»
биліктің дəурені бес-алты жыл ғана бол-
ды. Өмірден де, саясаттан да жақсылық
көрмеген халық тек дінге үміт артатын
деңгейге жетеді. Ауған халқы арасын-
да Талибан исламистік қозғалысының
тез арада бедел мен билікке ие болуы-
на осындай рухани-саяси дағдарыс
қосымша əсер етті.
Талибан – (пушту тілінде «медре-
седе тəлім алушылар, тəлімгер» деген
мағына береді) ауғандық пуштундардың
арасында 1994 жылы туындаған исламистік
қозғалыс. Талибандар 1996-2001 жыл-
дары «Ауған ислам əмірлігін құрып»,
Ауғанстанды билеп-төстеген саяси күшке
айналды. Дипломатиялық тұрғыда Біріккен
Араб Əмірліктері, Пакистан, Сауд Ара-
виясы олардың мемлекеттілігін мойында-
ды, өзге елдер ала көзбен қарады. Талибан
өзінің бақылауындағы аймақтарда діни
тоталитаризм орнатып, қоғам өміріне
шариғат нормаларын енгізді. Шариғат
заңдарының сақталуы талибтер тарапынан
қатаң бақылауға алынып, теледидар көруге,
музыка тыңдауға, музыкалық аспаптарда
ойнауға, сурет салуға, алкоголь тұтынуға,
компьютер мен интернетті пайдалануға,
шахмат ойнауға, арсыз əңгімелер айтуға
тыйым салынды. Сондай-ақ, талибтердің туы
ақ болғандықтан, ақ түстік аяқ киім кигендер
жазаға ұшырады. Ер адамдар белгілі бір
ұзындықтағы сақал қоюға міндетті болды.
Ал, əйелдер қоғамдық орындарда бетін жау-
ып жүруі тиіс, жалғыз емес, туыс ер азаматқа
еріп жүруі керек. Əйел затына жұмыс
істеуге тыйым салынды, қыз-келіншектер
тек қана əйел дəрігерге қаралуы қажет.
Нəзік жандылардың білім алуына да шектеу
қойылды. 2001 жылы 26 ақпанда молда
Мохаммед Омар Ауғанстандағы барлық
ислами емес ескерткіштерді қирату тура-
лы жарлық берді. Сол жылы 2 наурыздан
бастап Бамиан алқабындағы ЮНЕСКО
қорғауындағы əлемдік мəдени мұра
саналатын тарихи ескерткіштер – тауға
қашалған Буддаға арналған екі алып
ескерткіш (бірінің бойы – 55, екіншісі –
37 метр) талқандала бастады. Талибтер
ескерткіштерді неше түрлі қару-жарақпен
атқылады, минамен жарды, ракетамен
де атты. Бұл айуандық əрекет əлем на-
зарын аудартып, барша адамзаттың
наразылығын туғызды.Талибандар
шетелдердегі экстремистік, террористік
ұйымдарды, сепаратистік қозғалыстарды
қолдайтындарын ашық мəлімдеді. Екінші
шешен соғысы кезінде, 1999 жылы күзде
Талибан басшылығы Ресей федералды
əскерімен соғысып жатқан шешен сар-
баздарына 4 миллион АҚШ долларын, 24
зениттік-зымырандық кешендер жіберу
туралы шешім қабылдаған. Онымен
Сейілбек МҰСАТАЕВ. Антиамериканизм: Аңыз бен ақиқат
№2 2015 А И АТ
54
54
қоймай, əлемдегі барлық мұсылмандарды
Шешенстанның тəуелсіздігін мойындауға,
орыс кəпірлеріне қарсы қаситетті соғысқа
(жиһадқа) қатысуға шақырды. 2000
жылы мамыр айында Ресей президентінің
көмекшісі Сергей Ястржембский
Ауғанстандағы террористер базалары-
на соққы беру мүмкіндігі туралы мə-
лімдесе, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
Сергей Иванов талибандар Тəжікстан,
Қырғызстан сияқты одақтастарына
қысым жасайтын болса, Ресейдің əскери
іс-шаралар жасайтынын айтты. Бірақ, ол
кезде Ресей өте əлсіз болатын, билік басы-
на жаңадан келген В.Путин шешендермен
күресуге басымдық беріп, Ауғанстанмен
алысуға шамасы да, мұршасы да болмады.
Осылайша, исламды ту етіп, шариғатты
қалқан еткен талибтік Ауғанстан ха-
лықаралық терроризмді қолдаушы əрі
дайындаушы ел дейтін қоғамдық пікір
қалыптасты.БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де
талибан қозғалысын террористік ұйым
деп айқындады.
Талибтер зайырлы білім беретін мек-
тептердің барлығын жауып тастауға ты-
рысты. Олар өздерінің саясатын қаржы-
қаражатпен қамтамасыз ету үшін наркотик
өндірісіне кең жол ашты. Өйткені, ондаған
жылдық соғыстардан Ауғанстан экономи-
касы да, халқы əбден титықтап қалжыраған
еді. Ислам мен шариғатты бетперде етіп
жамылған талиб өкіметі харам əрекеттерге
дейін барды: опиумды мак өсіріп, героин
өндіруден басқа ауғандықтардың қолынан
келер кəсіп түрі жоқ екенін сезіп, адамзатқа
ажал себуші наркобизнесті өздерінің
бақылауына алды. 1999 жылы 15 қазанда
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі №1267 қарарын
қабылдап, талибтер бақылауындағы Ау-
ғанстанда опиум өндіру күрт өсіп кетуіне
алаңдаушылық білдірді. Талибандар Ауған-
станды героин өндіруші əлемдік лидерге
айналдырды. Ресей стратегиялық зерттеу-
лер институтының мəліметіне сүйенсек,
Ауғанстанда 1996 жылы 2248 тонна героин
өндірілсе, 1999 жылы 4565 тонна героинға,
яғни, екі есеге өскен. Ал, шетелдік сарап-
шылар Ауғанстан 1999 жылы əлемдегі
барлық героиннің 79% өндіргенін, опиум-
ды мак егетін егістік көлемі 57 мың гектар-
дан 91,5 мың гектарға артқанын көрсетеді.
Тіптен, шаруаларға бидай егуге тыйым са-
лынса, апиын магын егушілер керісінше,
ақшалай сыйақы алатын болған. Талибтер
мак егу мен сатуға 10%, опиум өндіру мен
сатуға 20% ресми салық ендірген. Осын-
дай бассыздықтан Орталық Азия, Ресей,
Шығыс Еуропа елдерін басып өтетін нарко-
трафиктер күшейіп кетті. Наркобизнес да-
мып, əлемдегі наркомандардың саны күрт
өсті. Айналып келгенде, мұның барлығы
наркоқылмыстардың артуына, ғаламдық
тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіре
бастады. Осылайша, талибандар əлемдік
қауымдастықтың ортақ жауына айнал-
ды, оларды орнына қоятын жалғыз ғана
күш – АҚШ бастаған НАТО екені белгілі
бола бастады. 2011 жылғы 11 қыркүйектегі
АҚШ-та орын алған терактілер серия-
сы шыдамның шегіне жеткен қайғылы
жағдайға айналды. АҚШ көп ұзамай ха-
лықаралық терроризммен күресуге бағыт-
талған «Бұзылмайтын бостандық» атты
кешенді əскери операцияны бастады (бес
бағытты: Ауғанстан, Филлипин, Африка
мүйісі, Батыс Сахара, Грузиядағы Панкис
шатқалы). АҚШ-тың бастамасын əлем
қолдады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі №1386
қарарын қабылдап, АҚШ бастаған Ау-
ғанстандағы қауіпсіздікке жəрдемдесуші
халықаралық күштердің əскери операция-
сына рұқсат берді. Яғни, Ауғанстандағы
талибтердің режимін əскери күшпен жою-
ды, оның орнына демократиялық басқару
жүзеге асатын, заң мен құқыққа негізделген
бейбіт қоғам құруды жалғыз АҚШ емес,
бүкіл əлем қалап отыр.
АҚШ-ты басқыншы деп санаушы-
лар «Түрлі-түсті төңкерістер» мен «Араб
көктемін» американдықтар ұйымдастырды
деуден де тайынбайды. Əдетте, кінə
тағушылар мəселенің байыбына бармай жа-
тып, байбалам салғыш келеді. Шынына кел-
сек, «Түрлі-түсті төңкерістердің» де, «Араб
көктемінің» де түпкі мəні – биліктің халық
сенімінен айырылып, өзінің легитимділігін
жоғалтуы. Мұны саяси тілде делегитим-
дену деп атайды. Делегитимденудің, яғни,
би ліктің халық сенімінен айырылып,
өз легитимділігін жоғалтуының басты
себептері:
Достарыңызбен бөлісу: |