Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

1978 жылғы Қазақ КСР 
Конституциясы 
ІХ  шақырылған  республика  Жо-
ғарғы  Кеңесінің  кезектен  тыс VII 
сес сиясында 1978 жылы 20 сəуірде 
қабылданған Қазақ КСР Конституция-
сы  кіріспеден, 10 бөлімнен, 19 тарау-
дан, 173 баптан тұрады. Конституцияға 
сəйкес  бүкіл  өкімет  билігі  жұмысшы, 
шаруа  жəне  еңбек  интеллигенция-
сы  таптарына  жататын  халықтың 
қолында  болды.  Өкімет  билігі  мен 
бас қару  жүйесінің  үстінен  Қазақ  КСР 
Коммунистік  партиясы  бақылау  ор-
натты. Рес публиканың экономикалық 
жүйесі  мем лекеттік,  коо пе ративтік-
колхоздық  жəне  кəсіп одақ  жəне  басқа 
да  ұйымдардың  мен шігі  деп  жа-
рияланды.
1978  жылғы  Конституцияда  рес-
пуб   ли  каның  ұлттық-мемлекеттік  жə-
не  əкім ші лік-аумақтық  құрылысы,  
жо    ғар   ғы  жəне  жергілікті  билік  пен 
бас   қару  құзыреті,  сайлау  жүйе сінің 
прин   циптері,  халық  депутаттарының 
құ  қықтық  мəрте бесі,  экономикалық 
жəне  əлеу меттік  даму  мем лекеттік 
жос  пары  институттары,  мем лекеттік 
бюд жет, сот тəртібі, төрелік соты, про-
курорлық  қадағалау  жəне  т.б.  мəсе-
лелер қамтылды.
1990  жылдардың  басында  Қазақ 
КСР-інде,  одан  кейін  Қазақстанда 
1978  жылғы  Конституцияға  елеулі 
өзгертулер  енгізген  бірқатар  заңдар 
қабыл данды. «Мемлекеттік  өкімет 
құрылымдарын  жетіл діру  туралы» 
1990  жылғы 20 қара шадағы  Заңға 
сəйкес  Президент  атқарушы  жəне 
өкім  етуші  билік  басшысы  болғаны 
туралы  ереже  енгізілді,  Минис трлер 
Кеңесі  Министрлер  Каби нетіне  өз гер-
тілді  жəне  жергілікті  өзін  өзі  басқару, 
Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Рес-
публикасының атауын өзгерту, ҚР аза-
маттығы туралы Заңдар жəне басқа да 
құжаттар қабылданды.  
1993 жылғы Қазақстан 
Республика сының 
Конституциясы 
Тəуелсіз 
Қазақстанның 
ал ғашқы 
Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда 
ХІІ  шақырылған  Қазақстан  Жоғарғы 
Кеңесінің  ІХ  сессиясында  қабылданды.
Ол  кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан 
жəне 131 баптан  тұрады.  Коституция 
Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған 
сəттен  бергі  көптеген  құқықтық  норма-
ларды:  халықтық  егемендік,  мем  лекет 
тəуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ 
тілін  мемлекеттік  деп  тану,  Президентті 
мемлекет  басшысы  деп  тану,  сот  ор-
гандары - Жоғарғы,  Конституциялық 
жəне Жоғары Арби траждық соттар жəне 
басқаларды  қамтыды. 1993 жылғы  Кон-
ституция  негізіне  Парламенттік  респу-
блика мо делі алынды.
Тəуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы

№2    2015    А И АТ
32
32
Мұғалімдердің құндылық бағдары
Құндылықтарды  өмірдің  əртүрлі  сала-
сын дағы  жеке  тұлғалар  мен  əлеуметтік 
топтардың  рухани  қажеттіліктері  мен  сұра-
ныстары (ішкі мəдени арқауы) құрайды. «Сіз-
діңше  өмірдегі  жетістік  деген  не?»  деген 
сұраққа берілген жауаптар негізінде мұ ғалім 
қауымын  құндылықтарға  сəйкес  мынадай 
топтарға саралауға болатындығын көрсетті: 
1) кəсіби шеберлікке жету; 2) дос тық жəне 
тұлғалық  құндылықтар; 3) мамандық, 
еңбек,  өз  мүмкіндігін  жү зе ге  асыру; 4) 
жоғары еңбекақы алу дың басымдылығы. 
Педагогикалық  ең  бектің  ерекшелігі  мəдени 
тəжірибені  сі  ңірумен  байланысты,  ал,  ол 
үнемі  дамуды,  шығармашылық  өсуді  та-
лап  етеді.  Сондықтан  да,  сарапшылардың 
79,6%-ы, жағдайдың күрделігіне қарамастан, 
əсіресе, орта жəне үлкен жастағы мұғалімдер 
үшін  құндылық  кəсіби  шеберлікке  жету, 
бірақ, ол материалдық жағдайға байланысты 
əр кезде мүмкін емес деп есептейді.
Сарапшылардың  53%-ы  «жақсы  дос-
тар»  құндылық  деп  есептейді.  «Жақсы 
достар» деп тек достық қарым-қатынас жа-
сауды ғана емес, одан да гөрі кеңірек «орта-
ны  тануын», «рухани  келісімділік»  деп 
түсінеді,  сонымен  қатар  өз  тараптарынан 
«махаббат  пен  өмірдегі  бақыт», «тұрғын 
үй,  қолайлы  тұрмыстың  болуын»  құн-
дылық  деп  қарастырылады.  49,2%  сарап-
шы - мұғалімдер  үшін  «қызықты  жұ мыс» 
құндылық болып қала береді деп есептейді, 
бірақ,  сауалнама  жауаптары  көрсеткендей, 
кейбір  мұғалімдер  «қызықты  жұмысты» 
тек  педагогикалық  жұмыс  деп  түсінбейді, 
кəсіби  қызметтің  кез-келген  түрі  деп 
ұғынады.
ҰСТАЗЫН  ҰЛЫҚТАМАҒАН  ҰЛТ  ҰТЫЛАДЫ 
Соңғы  жылдарда  мұғалімдердің  ма-
те риалдық  жағдайының  жағымды  өзге-
рістерге  біршама  үміт  пайда  бол ғанмен, 
еліміздегі  бағаның  өсуін  есепке  алсақ, 
олардың  еңбек  ақысы  төмен  дəрежеде 
қалып  отыр.  Сондықтан, 48% эксперт-
тер немесе əр екінші мұғалім, еңбек ақыны 
өсіруді  күтеді: «айлықтан  «айлыққа  дейін 
өмір  сүреміз», «тумалардан  қарыз  ала-
мыз», «табысымыз  тамаққа  жетеді», 
«коммуналдық  қызмет», «қоғамдық  кө-
лік тер  еңбекақының  біраз  бөлігін  жұ-
тады» деген жауаптар кездеседі. Жиі емес, 
бірақ,  материалдық  жағдайына  қа на ғат-
танатын мұғалімдер де кездеседі. Со ны мен, 
мұғалімдер  қауымы  өмірлік  құндылықтары 
тұрақты əлеуметтік топқа жатады. Дегенмен, 
қоғамдағы  əлеуметтік-экономикалық  қайта 
жаңғырулар, білім беру саласындағы рефор-
малар  олардың  өмірлік  құндылықтарының 
өзгеруіне əсер етуде.
Қауіптенетін мəселелер
Мектеп  мұғалімдерінің  əлеуметтік-
кəсіби көңіл-күйін талдауда олардың Қа-
зақстан  мектебіндегі  қауіптенетін  мəсе-
лелерге, қоғамды ойландыратын ке лең сіз 
құбылыстарға  көзқарастарын  ерек ше 
қарастыру қажет. Мұғалімдердің 52,3%-ын 
білімсіздік,  кітап  оқуға  қызығушылықтың 
төмендеуі  ойландырса,  ал,  51,1%-н  қоғам-
дағы  жемқорлық  мазалайды.  Сауалнама 
сұрақтарының  бірі  мұғалімдердің  кəсіби 
деңгейін өзін-өзі бағалауға арналды. Əдет те, 
нақты бір мұғалімнің өз еңбегін өзі бағалауы 
əріптестері  тарапынан  айтылған  жəне 
қоғамдық  пікірмен  сəйкес  келмейді.  Мұ-
Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемле кеттік университеті Ақтөбе облысы бі лім беру 
қызметкерлерінің əлеуметтік жəне кəсіби көңіл-күйлері, құндылықтары туралы зерт-
теулер жүргізілді. Сарапшылар ретінде зерттеуге кəсіби қызметі мектеппен тығыз 
байланысты, теориялық білімі мен өмірлік тəжірибесі сенімді қор тындылар жасауға 
негіз болатын 417 тұлғалар қатысты.Бұл зерттеудің қорытындылары еліміздегі жал-
пы мұға лім дердің əлеуметтік-психологиялық кө ңіл-күйін көрсетеді.
Ойтолғақ
Амантай НҰРМАҒАМБЕТОВ, саяси ғылымдарының докторы, профессор 
Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор

№2    2015    А И АТ
33
33
ғалімдер  өздерінің  кəсіби  сапасын  жоғары 
бағалауға бейім. Қоғамдық пікірде мектепті, 
білім  беруді,  мұғалімді  сыни  тұрғыдан 
бағалау орын алған, кейде кеңестік мектепті 
аңсау  байқалады.  Оқушылардың  ата-ана-
лары  тарапынан  қойылатын  айып тауға, 
кінə ларға  байланысты  мұғалімге  қойы-
латын  талаптар  өсуде.  Біздің  мəліметтер 
бойынша, эксперттердің 43,2% соның ішінде 
мұғалімдер  білім  беру  қызметкерлерінің 
кəсіби  деңгейі  төмен  деп  есептейді.  Бұл 
əри не,  салмақты  сын.  Демек,  мектептегі 
білім  берудің,  өсуін  тежеп  тұрған  негізгі 
факторлардың бірі мұғалімдердің белгілі 
бір  бөлігінің  жұмыс  əдістері  мен  жол-
дарын  жаңартқысы  келмейтіні  немесе 
қабілетсіздігі сияқты консерватизм екен-
дігін мұғалімдердің өздері мойындап отыр. 
Оқушылардың  белсенділігінің  төмен дігін 
дəлелдеудің  тиімсіз  екендігін  мұғалімдер 
түсінеді. Тəрбиеленушілердің қызығушылық 
дəрежесі педагогтардың өздеріне, мектептегі 
оқу-тəрбие ісіне байланысты.
Сарапшы-мұғалімдер қауіптенетін мəсе-
лелер қатарына білім беру сапасының төмен-
деуін,  оның  қоғамдағы  беделінің  түскен-
дігін  жатқызады.  Мұндай  пікірді  жауап 
бергендердің 38,2%-ы қолдайды. Тəуелсіздік 
тұсында  мектептегі  жəне  жоғары  оқу 
орнындағы  білімнің  идеялық  мазмұны 
өзгерді.  Алғашқы  онжылдықта  біздің 
елімізде  «таңдау  еркіндігі»  патриотизмді 
жалаң  ұлтшылдықпен,  шовинизммен, 
еркіндікті,  индивидуализммен,  ақшаға 
табынумен алмастырып, əлеуметтік əділ-
дік орнын пайда табу басты.
Білім беру сапасы мұғалімдерді маза ла-
ғанмен, қоғамда білімге, мəдениетке, білік-
тілікке деген құрметтіліктің сақтал ғандығы 
жəне мұғалімдер өз мүмкіндіктеріне қарай 
оқушыларға жақсы білім беруге ұмтылатыны 
аталады. Дегенмен, мұғалімдер сауалнамаға 
қосымшада  жас  мұғалімдерді  дайындау 
сапасы  жоғары  еместігін,  əсіресе,  ақылы 
негізде оқыған жас мұғалімдердің деңгейінің 
төмендігін  атайды.  Мұғалім  кəсібіндегі 
феминизация  (əйел  мұғалімдердің  басым-
дылығы) – өте  өткір  талқыланатын 
мəсе лелердің  бірі.  Солай  бола  тұрса  да, 
мұға лімдердің  көпшілігі  бұл  мəселеге 
салқынқанды  қарайды.  Педагогтар  көптен 
бері  байқалып  келе  жатқан  бұл  «мұғалім 
кəсібінің  феминизациясын»  үйреншікті 
құбылыс  деп  қарайтын  тəрізді,  жағымсыз 
деп  респонденттердің  тек 26,8% есептейді. 
Көпшілігі  аз  еңбекақы  алатын  мұғалім 
еңбе гін əйелдердің тағдыры деп есептейтін 
сияқты.
Еліміздегі  əр  бесінші  жұмыс  жасайтын 
мұғалім 50 жастағы  жəне  одан  асқандар. 
Бірақ, мұғалім кадрлардың қартаюын қауіпті 
мəселе деп қарайтындар мұғалімдердің 21,2 
%-ы ғана. Өз кəсібінің шынайы патриоттары 
мұғалімдер қоғамда қиындықтар туғызатын 
өткір мəселелерге бей-жай қарамайды.
Қазақстан мектебінің басымдық  
міндеттері
«Қазақтан  Республикасындағы  білім 
беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасында» 
сапалы  білім  берудің  басымдық  міндеттері 
айқындалған.  Сауалнамада  «Мемлекеттік 
бағдарламада»  белгіленбеген  үш  ұстаным 
аталған.  Эксперттер  пікірлері  мынадай: 
олар дың  ойынша  мектептің  басымдық  мін-
деті  баланың  тұлғасын,  қабілетін  дамыту 
болуы қа жет.  Бұл міндетті  ауыл, қала мұ-
ға  лімдерінің  64%-ы  маңызды  міндет  деп 
есептейді. Олар бар лық баланың күшті тұл ға-
лық  əлеуе тін ашу мен дамытуға жұ мылдыру 
ке рек тігін атайды. Шынында да, бүгін қо-
ғамға  сапалы  көшбасшы,  бастамашыл, 
сындарлы, ойлы, өз бетінше жұмыс істей 
алатын,  сонымен  қатар  толерантты, 
қарым-қатынасқа  түсе  алатын  тұлғалар 
қажет. Жауап берушілердің 51% нарықтық 
жағдайдағы өмірге дайындау деп есептейді. 
Еңбектің  қажеттілігін  қанағаттандыратын 
мамандарды  даярлау  Қазақстан  мектебінің 
маңызды  міндеті  болып  есептеледі.  Ал, 
эксперттердің 25,6% -ы  Қазақстан мектебінің 
маңызды  міндеті  деп  «ҰБТ  сұрақтарына 
жауап бере алатындай білім беру» дегенді 
белгілейді.  Бұл  тұста  сөз  оқушыларға 
сапалы  білім  беру  туралы  болып  отырған 
жоқ,  міндетті  тар  мағынада  түсініп,  яғни, 
ҰБТ  тапсыруда  жоғары  балға  қол  жеткізу 
болып отыр. Бұл білім беру ұйымдарының, 
сонымен қатар ата-аналар мен оқушылардың 
үміттері  мен  күтетін  нəтижелеріне  сəйкес 
келеді.  Педагогтарда  қазіргі  заманғы  «өмір 
талабына» өздерінше жауап береді. 
Сауалнамаға  «Қазіргі  заманғы  Қазақ-
стандық мектеп тағы қандай міндеттерді 
шешу  керек?»  деген  қосымша  сұрақ 
енгізілді. Бұл сұрақ мұғалімдердің білім беру 
реформасының  міндеттерін  «Мемлекеттік 
бағдарламамен 
байланыстыра 
білуіне 
есептелген  болатын.  Өкініштісі,  басымдық 
міндеттер аталмады. Педагогтармен кездесу 
кезіндегі  пікір  алмасу  олардың  үнемі  жүр-
Амантай НҰРМАҒАМБЕТОВ, Амангелді АЙТАЛЫ. Ұстазын ұлықтамаған ұлт ұтылады

№2    2015    А И АТ
34
34
гізіліп  келе  жатқан  реформалардан  шар-
ша ғандығын,  жалыққандығын  байқа тады. 
Мұғалімдер 12 жылдық білім бе руге көшуді 
онша құптамайды. Əрине, Қазақстанның білім 
мен ғылым деңгейі бойынша дүниежүзінде 
құрметті  орын  иемденгеніне  ешкім  қарсы 
емес. Дегенмен, көпшілік мұғалімдер өткен 
реформалардан  сабақ  алды.  Педагогикалық 
кадрларды  дайындау  мен  қайта  дайындау 
жүйесін қайта-қайта өзгерту, ҰБТ мəселелері, 
мұ ға лімдердің  материалдық  жағдайлары 
мен шағын жинақталған мектептермен бай-
ланысты  мəселелер  педагогтар  қауымы 
арасында  реформа  төңірегінде  əртүрлі 
пікірлер туғызуда. 
Педагог қызметін бағалау
«Мемлекеттік  бағдарлама»  педагог-
тарды аттестациялау, сауалнама  (ата-аналар, 
оқу шылар,  жұртшылық)  жүргізуден,  мұ-
ғалімдердің білімін тестілеуден, əдісте мелік 
жұмыстың  есебінен  тұратын  кешенді  баға-
лау жүргізуді ұсынғанмен, педагог қызметін 
бағалау  мəселесі  пікірталас  күйінде  қалып 
отыр.  Білім  беру,  соның  ішінде  мек тептегі 
білім  беру,  барлық  əлеуметтік  қауым дас-
тықтың қызығушылықтарын ту ғы за отырып, 
қоғамдық  өмірдің  барлық  саласына  əсерін 
тигізуде.  Сонымен  қатар,  мектеп  қоғамдық  
өмірдің  барлық  жақ тарына:  экономика, 
саясат, мəдениетке қайта ықпалын тигізуде. 
Соңғы  жиырма  жылда    Қазақстанда 
білім беруді  түбегейлі жаңарту жүзеге асуда. 
Егер,  кеңестік    жүйе  қоғамға  пайдалы 
болу үшін альтуристік, яғни, коммунистік 
мақсаттарды  көздесе,  нарықтық  эко но-
мика  жағдайында  прагматикалық  мақ-
саттарды, яғни, көп еңбекақы табу үшін 
оқуды  көздейді.  Бір  ұрпақ  шеңберінде 
білім  беру  мақсаттары  түбегейлі  өзгерді. 
Жас ұрпақ болашақта жақсы жұмыс пен 
айлық  беретін, «жедел»  пайда  табатын 
білім беруге бағытталуда. Жаңа білім беру 
ахуалы  қоғамда мұғалімдерге үлкен қысым 
көрсетті жəне көрсетіп келеді, яғни олардың 
қызметін  өзінше  аттестациялап  бағалайды. 
Мұғалімдердің 68,3% -ы олардың қызметін 
кешенді  мониторинг  арқылы  əділетті  баға-
лауға  болады  дегенмен,  олардың  қайсыбір 
бөлігі  басқа  өлшемдерді  де  таңдайды.  Мы-
салы,  сарапшылардың  29,9%-ы  педагог 
қыз метін  оқушылардың  бағалауы  əділетті 
десе,  70,1%-ы  оны  қаламайды.  Əрине, 
бұл  жерде  мұғалімді  оқушының    бағалауы 
дегенді  алғаш  естігеннен-ақ  туындайтын 
этикалық  мəселе  бар.  Мұғалімдер  барлық 
тексерісті,  инспекцияны,  сынды  өте  ауыр 
қабылдайды жəне олар көп те. Егер, оларға 
жан-жақтан  жасалатын  қысымды,  яғни,  
қоғамның кейбір тобының құрметпен қара-
мауын,  өз  баласына  қатысты  ата-ананың  
шамданушылығын  ескерсек,  мұғалімдердің 
жағдайын  түсінуге  болады.  Оқушылардың 
пікірлерін  мұғалімдердің  құптамауы    мек-
теп  пен  мұғалімге  қатысты  əлеуметтік-
психологиялық 
ахуалмен 
байланысты 
қорғаныс  реакциясының  пайда  болуы  боп 
есептелуге болар. Дегенмен, педагогика мен 
əлеуметтануда  мұғалім  жұмысын  оқушы  
көзқарасымен  бағалау  жағдайлары    аз 
емес: оқушы  көзқарасымен мұғалімнің  өз 
пəнін білуі, əр оқушыға, класқа əділ, нақты 
көзқарас тұрғысынан келу, бағаны əділ қою, 
мұғалімнің  келісімге  икемі,  психологиялық 
оңды ахуал жасай білу дағдысы т.б. Осыдан 
келіп  мұғалімдердің  тек  20,6%-ның    ғана 
ата-аналар пікірі əділ болады деп есептеуінің 
өзі  түсінікті.  ҰБТ  нəтижесін  бағалауда  мұ-
ғалім  мен  мектеп  түлектерінің  пікірлері 
сəйкес келмейді. Мұғалімдер ҰБТ нəтижесі 
оқушылардың  шынайы  білімін  бере 
алмайды,  сондықтан,  түлектердің  алған 
бал дарының  нəтижесі  бойынша  мектеп 
пен  мұғалімдер  атына  айтылған  сындар 
əділетті  емес  деп  есептейді.  Сонымен 
қатар  оқушылардың  да  мектеп  біліміне 
сенімдерінің  деңгейі  жоғары  емес.  Олар 
мектеп білімі жеткіліксіз, сондықтан, қо-
сымша  сабақтар  алатындарын  айтады. 
Осыдан келіп репититорлық жұмыс кеңінен 
тарады. 21,3% мұғалім оқу-тəрбие жұмысы 
туралы  есеп  олардың  қызметінің  шынайы 
бағасын береді деп ойлайды. 
 «Ақылды экономика»
«Мемлекеттік  бағдарлама»  Қазақстан 
өмірінде білімнің рөлін айрықша көрсетеді: 
«білімді    ел,  ақылды  экономика  жəне 
жоғары  білікті  жұмыс  күші».  Еліміздің 
индустриалды-инновациялық  əлеуеті  қазба 
байлықтарымыздың  қорынан  əлдеқайда 
маңызды  екендігі  түсінікті.  Ғылым  мате-
риал дық  жəне  рухани  өндірістік  қазір гі 
заманғы  құралы  болып  есептеледі.  Дүние-
жүзілік  қоғамдастықтың  бір  бөлігі  болып 
есептелетін біздің еліміздің болашағы оның 
интеллектуалдық 
ресурстарының 
жағ-
дайы  мен  келешегіне  тəуелді  екенін  пре зи-
дент  Н. Назарбаев əлденеше рет атап өтті. 
Өндірістің  дəстүрлі  факторлары – таби-
ғи  ресурстар,  жұмыс  күші  жəне  капитал 
жойылып  кетпейді,  бірақ  бірте-бірте  қо-
Ойтолғақ

№2    2015    А И АТ
35
35
сал қы  мағынаға  ие  бола  бастайды. «Бі-
лім»  жаңа  ұғымында  экономикалық  даму 
ресурстарының  бірі  болады.  Əрине,  білім 
беру  экономикалық  пайдадан  басқа  адам 
капиталы, адам факторы, азаматтық сапаны  
қалыптастырып,  əлеуметтік  жəне  эмо цио-
налдық  қасиеттерді  тəрбиелеуге  де    ық-
пал  етеді.  «Мемлекеттік  бағдарлама» 
бі лім  беруді  экономикалық  өсумен  бай-
ланыстырып,  қоғам  дамуындағы  оның  
жаңа рөлін көре білуді ұсынады.
Көпшілік  эксперттер – білім  беру 
қызмет керлері,  атап  айтқанда,  56,4%-ы  
эконо миканың  өсуін  ынталандыратын    ше-
шу ші  фактор – білім  беру  деп  есептейді. 
Эксперттердің  басқа  бөліктерінің    пікірлері 
мынадай  болды:  37,6%  респонденттер 
«эко номиканы ақылды тұлғалар, интел-
лектуалдар  басқару»  керек  десе,  23,9% 
мұғалім-эксперттер  білім  беру  мекемелері 
сауатты экономистерді дайындау  керек деп 
есептейді. Ал, 9,8% педагогтар «экономика 
ақша  таба  алатын  адамдардың  қолында 
болу керек» деп ойлайды. Сонымен мұғалім 
кадрлардың жартысынан көбі білім берудің  
стратегиялық  міндеттері  туралы  оңды 
пікір де,  елімізді  жаңартуда  білім  беру  мен 
мектеп  рөлінің  маңызын  түсінеді.  Педа-
гогтар  жауаптарындағы  алшақтықты  мұ-
ғалім қауымының білімділік, мəдени, интел-
лектуалдық  деңгейлерінің  жаңа  рефор маға 
бейімделуімен байланысты туындаған қиын-
дықтарымен түсіндіруге болады.
Мектепті жанбасылық   
қаржыландыру
«Мемлекеттік  бағдарламаның»  жаңа-
лығы  шағын  жинақталған  мектептерден 
басқа  жалпы    орта  білім  беру  ұйымдарына 
жанбасылық  қаржыландыру  механизмін  
енгізу болып табылады. Бүгінде социологтар 
қара жатты  бөлуде  өзекті  əлеуметтік  мəсе-
лелер, атап айтқанда, экология мен ден саулық 
сақтау  салалары  білім  беруді  əлдеқайда 
төменгі  орынға  ысырады  деп  есептейді. 
Жоғары білім беру біздің елімізде мемлекет 
тарапынан  жəне  жеке  қаражат  көздерінен 
қаржыландырылады.  Сондықтан,  көптеген 
елдерде  білім  беру  шығынын  анықтағанда 
мектепке  дейінгі,  бастауыш  жəне  орта  бі-
лім  беру  жүйесіне  кететін  шығынды  ерек-
ше  бөліп  қарастырады.  Экономикалық  
Ын  ты  мақтастық  жəне  Даму  ұйымында 
(ЭЫҰД) елдерінде бір оқушыға жұмсалатын 
шы   ғынды  жанбасылық  қаржыландыру 
бойын ша  есептеу  бірнеше  онжылдықтар 
бойына  енгізіліп  келеді.  Шығынды  анық-
тау да  демографиялық  жағдай,
 
білім  алу-
шылар санының өсу қарқыны, мектеп мұға-
лімдерінің айлығы, жалпы ішкі өнім көлемі, 
мектеп құрылысы мен қызмет көрсету  құны 
сияқ ты  индикаторлар  есепке  алынады.  Ал, 
жан басына шаққан қаржыландырудан біздің 
мұғалімдер не күтеді?
Эксперттерге  жоғарыдағы аталған мек-
тептің қаржылық жағдайына өзгеріс əкелетін 
бес  позицияның  əрқайсысына  келісетінін 
немесе  келіспейтінін  анықтау  ұсынылды. 
Мəселенің  күрделілігіне,  бұған  дейін  мұға-
лімдер  алдына  мұндай  сұрақты  ешкім 
қой  ма  ғанына  қарамастан  педагогикалық 
қауым  жанбасылық  қаржыландыруды  өзде-
рінше  бағалауға  тырысты.  Нəтижесінде 
рес пон денттердің  мынадай  пікірлері 
анық  талды:  педагогтардың  көпшілігі, 
62,9%-ы, тек мектептер ғана көп оқушы тар-
ту ға  талаптанып  қана  қоймай,  ата-аналар 
да  бұрынғыдан  гөрі  мектепті  таңдайтын 
болады, бұл мұғалім еңбегін де ынталандыра 
түседі деп есептейді. 43,6%-ы енді мектептер 
өздерін-өздері  басқару  шаруашылығына 
ауысады деп есептесе, 39,6%-ы оқушыларды 
көп  тарту  үшін  мектептер  арасында 
бəсекелестік күшейеді деп есептейді.
Пікір  алмасу  барысында  мұғалімдер 
жанбасылық  қаржыландыру  бойынша 
бюджеттік  шығынның  азаюынан  мұ ға-
лім дердің  материалдық  жағдайы  тө мен-
деп,  жемқорлықтың  өсуіне  жол  ашы-
ла тын дығынан  қауіптенетіндіктерін  де  
білдірді.  Бұл  қауіптенудің  қанша лықты 
негізді    екенін  таяу  арадағы  ал дын  ала 
жүргізілген мектептердің тəжі рибесі жан-
басылық  қаржыландыру  меха низмі нің  
жұмыс жасауы көрсетпек.
Мұғалімдердің біліктілігін  арттыру
Қазақстанда жəне дүниежүзінің  басқа да 
елдерінде белсенді ендіріліп жатқан үздіксіз 
білім беру тұжырымдамасы кəсіби біліктілікті 
немесе  кəсіби  қайта  дайындауды,  соның 
ішінде  мұғалімдердің  де  дайындығының 
сапасын көтеруді талап етеді. «Мемлекеттік 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет