Лабораторияда жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгi және алғашқы көмек көрсету


Жеміс, жидек, көкөніс шикізатының сапасын бағалау



бет2/8
Дата06.09.2023
өлшемі319 Kb.
#106241
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТКП 1 лабораториялық жұмысқа нұсқаулық (1)

Жеміс, жидек, көкөніс шикізатының сапасын бағалау.
Механикалық жарақаттануы және физиологиялық ауруға шалдыққанын зерттеу


1- тапсырма. Сапасын органолептикалық бағалау. Жеміс-көкөніс шикізаттарының тағамдық құндылығы және сапасы олардың жекелеген түрлеріне қойылатын техникалық шарт және мемлекеттік стандарт талаптарына сай болуы керек. Барлық мемлекеттік стандарт талаптарына жауап беретін жеміс-көкөністерді стандартты өнімдер деп атайды. Сондай-ақ стандартты өнімге стандартта шектеулі мөлшерде рұқсат етілетін ауытқулары мен ақаулары бар өнімдер де жатады. Егер жеміс- көкөністердегі ауытқулар стандартта көрсетілген мөлшерден жоғары болса, онда мұндай шикізатты стандартты емес өнімдер деп атайды. Стандарт бойынша жарамайтын, ақаулары көп жеміс-көкөністер қалдық деп аталады.
Жеміс-көкөніс шикізатының сапасын бағалауда олардың формасы, өлшемдері, түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, балғын күйі, ішкі құрылысы, механикалық жарақаттану және әртүрлі ауруға шалдығу дәрежесі, т.б. көрсеткіштері анықталады.
Шикізаттарда берілген табиғи сортқа тән өзіндік форма болуы керек. Формасының дұрыс болмауы олардың сортын төмендетеді. Жеміс-көкөністердің өлшемдерін анықтау үшін бөгде қоспалардан және топырақтан тазартылып, жуылған шикізаттың ең үлкен көлденең диаметрі ±1 мм қателікпен өлшейді. Балғын жеміс-көкөністердің түсі, дәмі және иісі берілген табиғи сортқа тән бөгде иіссіз, дәмсіз болуы керек.
Түсінің дұрыс болмауы олардың толық пісіп-жетілмегенін яғни қоректік заттарының жеткілікті болмауын көрсетеді. Ал қатты пісіп кеткен жеміс-көкөністерде түсінің қараюы байқалады, бұл олардың тұтыну қасиеттерін төмендетеді. Консистенциясын бағалау кезінде жемістің жұмсақтығын, еттілігін саусақпен басу арқылы, сүйектің оңай бөлінуін – жұмсағын жару арқылы анықтайды.
1 кесте







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет