Лабораторияда жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгi және алғашқы көмек көрсету



бет4/8
Дата06.09.2023
өлшемі319 Kb.
#106241
1   2   3   4   5   6   7   8
Шикізаттың аталуы

Салмағы, кг

Балғын шикізат

Жарамсыз шикізат

Сипаттамасы (ауру түрі)

кг

%

кг

%



























Көкөністер мен жемістердің физиологиялық аурулары





шикізаттар

Ауру түрлері

1

Сәбіз, қызылша

Өзекті шірік. Тамыржемістердің өзектері қарайып,шіри бастайды. Ауру сау тамыржемістерге беріледі.
Сұр шірік сәбізді, қызылшаны сақтау кезінде пайда болады. Алдымен тамыржеміс бетінде күл түсті қабат пайда болады, содан соң зақымданған жерлер шырыштанады.
Бактериалды шірік сәбіз бен қызылшаны зақымдайды. Тамыржеміс бетінде сары-қоңыр түсті жұмсақ бөліктер пайда болады да, ткань жағымсыз иісті шырышты массаға айналады.

2

қырыққабат

Сұр және ақ шірік саңырауқұлақ әсерінен туындайды, нәтижесінде жапырақтар шырыштанып, бетінде сұр немесе ақ мамық пайда болады.
Тамырлы бактериоз кезінде жапырақтарда қара дақ пайда болады, ауру асқынған сайын дақтар ұлғаяды, ал жапырақтар сарғайып кебе бастайды.
Нүктелі некроз кезінде жапырақ бетінде сұр немесе қара майда дақтар пайда болады.

3

Пияз, сарымсақ

Мойын шірігі өте қауіпті саңырауқұлақты ауру болып табылады. Ауру ең алдымен мойын аумағында пайда болады да, содан кейін пияздың ішіне енеді. Пияздың беті әр жерінде сұрланады.
Ақ шірікпен зақымданған пияз бен сарымсақты ақ түсті зең басады да, шіри бастайды.
Түбірлі шірік фузариум саңырауқұлағынан туындайды. Пизды көкөністің ең алдымен түбірі зақымданады, нәтижесінде қарайып жұмсарады және шіри бастайды.

4

Томатты көкөністер

Ақ шірік- қызанақты зақымдайды. Саңырауқұлақтардың әсерінен қызанақ бетінде ақ мамық түзіледі де, шіри бастайды.
Фузариоз - томатты көкөністерді үлкен шығынға әкеледі. Жемістерде алдымен қою қоңыр дақтар пайда болады да, олар ұлғаяды. Көкөністердің жұмсағы кеуіп, қоңыр түске боялады.
Басты шірік- томатты көкөністердің басын зақымдайды,
қоңыр дақтар пайда болады.

5

қияр

Антракноз- қиярда қою сары дақтар пайда болады, оның астындағы ткань ыдырайды. Зақымданған қиярдың тауарлық қасиеті жоғалады.
Ақ шірік- саңырауқұлақтардың дамуынан қиярдың бетінде ақ мамық түзіледі де, шіри бастайды.
Ұнды шық- қауіпті саңырауқұлақ ауруы. Қияр бұл аурумен өте жиі зақымданады. Жапырақтарында ең алдымен ақ дақтар пайда болады, содан кейін ақ дақтың үстінде кара нүктелер түзіледі. Бұл ауру әсіресе жоғары ауа ылғалдылығында, күндізгі және түнгі температура күрт өзгергенде түзіледі.

6

Тұқымды жемістер

Тотық (күйік, қабығының қоңыраюы,SeaId) — жемістерді сақтау кезінде анағүрлым кең тараған физиологиялық аурудын түрі. Ауру жемісті бірнеше ай сақтағаннан кейін оның қабығының қоңыр тартуынан көрінеді, оның нәтижесінде жемістер тауарлық түрін жоғалтады.
Ашқылтым ойық (Віttеr рit). Жемістің. бұзылған тканінің дәмі ащы болады, аурудың аты осыдан шыққан және ол аурудың сыртқы белгілеріне де сай келеді. Бұл аурудың басқа атаулары да бар («құрғақ шірік», «қоңыр ойық», Болдвин дағы, жеміс дағы, тері астының дағы).
Жемістердін, ескіруден бұзылып, ісінуі (Senescent breakdown).Бұл ауруға шалдыққанда жемістердің іші өзінің әдеттегі ылғалдылығынан айрылып құрғап кетеді, ұнтақталып үгілгіш келеді. Зақымданған жемістер едәуір жеңіл және босаң келеді. Жемістің іші дәмсіз, хош иісі жоқ, құрғақ болады. Жемістер көбінесе ортасынан немесе айнала тілініп, жарылып кетеді.

7

Сүйекті жемістер

Қоңыр шірікті Sclerotinia laxa тудырады. Жемістің бетінде сарғыш-сұр немесе сарғыш-қоңыр түсті, сопақша формалы мицелия түзіледі. Ал зақымданған жеміс ткані жұмсара бастайды. Алғашында ашық біртіндеп күңгірт-қоңыр түсті шірік пайда болады. Жемістің қабығы қатайып, жемістің бүкіл көлемі зақымданады. Ауру бір жемістен екіншісіне беріліп, шіріген жеміс ошағына айналады.

8

Жидектер

Сұр шірікті Botritis cinerea және оның туыстық түрлері жылдың ылғалды және жылы кезеңінде тудырады. Ауру қоздырғыш құлпынайдың алдымен жеміс сабағын зақымдап, ол жоғары қарай биіктігі 1-2 мм болатын сұр түсті, тармақталған көптеген мицелия түрінде таралады. Оның ұшында сұр немесе сұрғылт-қоңыр конидийлер отырады. Зақымданған жемістер қоңыр түске ие болып, кеуіп кетеді.

2 зертханалық жұмыс. Натурал көкөніс консервілерін өндіру







Шикізаттың аталуы

Шығын мөлшері

1

Қияр

1кг

2

Помидор

1кг

3

Дөңгелек қара бұрыш

10г

4

Лавр жапырағы

10г

5

Тұз

30г

6

қант

30г

7

Шыны банка

3дана





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет