Лабораторияда жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгi және алғашқы көмек көрсету


- тапсырма. Сапасын органолептикалық бағалау



бет7/8
Дата06.09.2023
өлшемі319 Kb.
#106241
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТКП 1 лабораториялық жұмысқа нұсқаулық (1)

1- тапсырма. Сапасын органолептикалық бағалау. Жеміс-көкөніс маринадтарының дәмі, иісі, консистенциясы және түсі анықталады. Олардың дәмі мен иісі берілген жеміс-көкөніс түріне тән жағымды қышқыл немесе қышқылтым-тәтті дәмі бар, қосылған татымдықтардың хош иісі бар, бөгде дәмсіз, иіссіз болуы керек. Консистенциясы – көкөністер тығыз, езілмеген, жұмсағы қытырлақ, ортасы бос қуыссыз, дамымаған тұқымы бар болуы керек; жемістер тығыз, езілмеген дұрыс формалы болуы керек. Түсі табиғи түсіне жақын, берілген шикізат түріне сай болуы керек.
Маринад құймасы мөлдір, аздап лайлану рұқсат етіледі. Бос құйма биіктігі(жемістерсіз) банканың түріне байланысты 10 – 30 мм аралығында болуы керек.
1 кесте




Өнімнің аталуы

Дәмі

Иісі

Түсі

Консистенциясы

Бос құйма биіктігі























2 – тапсырма. Өнiмнiң құрам бөлiктерiнiң қатынасын анықтау. Өнiмнiң құрам бөлiктерiнiң тұздық (немесе құйма) пен көкөнiстердiң, жемiстердiң немесе жидектердiң қатынасын анықтау тұздалған көкөнiс, жеміс-көкөніс маринады, тұздалған жемiстердегi қышқылдылық әрбiр өнiм түрiне сәйкес техникалық талаптарда көрсетiлген мөлшерге жеткен кезде жүргiзiледi. Алдымен анализ үшiн алынған әрбiр ыдыстағы өнiмнiң брутто салмағы анықталады. Содан соң ыдысты ашып торлы ожау арқылы өнiмдi алады, ашытылған қырыққабаттан басқасын, яғни жемiс-көкөнiстердi дәмдеуiштерiнен бөлiп алып, тұздығы толық ағып кеткенше сүзедi. Алынған өнiмдi бос ыдысқа салып, салмағын өлшейдi. Жемiс- көкөнiстiң мөлшерiн өнiмi бар ыдыс салмағымен бос ыдыстың салмағы арасындағы айырмашылыққа қарай есептеп шығарады.
Тұздық немесе құйма салмағын өнімі бар ыдыстың брутто салмағы және жемiстiң, дәмдеуiштердiң және ыдыстың таза салмағы (нетто салмағы) арасындағы айырмашылық арқылы анықтайды.
2 кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет