Топырақтың механикалық жұту қабілетін анықтау. Ол үшін сұйық құйғышқа салынған топырақ арқылы кез-келген топырақты (2-3 гр) алдын-ала суда ерітіп, сұйық құйғыштағы топырақтың үстіне құйғанда сұйықтың құрамындағы топырақтың бөлшектері сұйық құйғыштағы топырақта сүзіліп, қалатындықтан сүзіндінің таза болатындығы байқалады. Бұдан біз ерітіндідегі топырақтың бөлшектерінің сұйық құйғыштағы топырақтың саңылауларында ұсталып (жұтылып) қалатынын көреміз.
27. Топырақтың физикалық жұту қабілетін анықтау. Қажетті құралдар мен заттар: Әр түрлі топырақ үлгісі, көлемі 250 және 500 мл колба, стақан, сұйық құйғыш, сүзгі, дәке, фарфор табақшалар, 5К2НРО4, қымыздық қышқыл алюминий, көк метилен ерітіндісі немесе көк сия, безбен
Жұмыс реті: Ол үшін сұйық құйғышқа салынған топырақ арқылы көк метилен ерітіндісімен бояған суды өткіземіз. Бояу молекулаларының топырақ каллоидтарының бетінде жұтылуына байланысты сүзіндінің таза болатынын байқаймыз.
Топырақтың физикалық-химиялық жұту (алмасу) арқылы жұту қабілетін анықтау. Сұйық құйғышқа салынған кәдімгі қара топырақты хлорлы калий ерітіндісімен суарады. Нәтижесінде топырақ каллоидтарының құрамындағы Са++ катиондары К+ катиондарымен ығыстырылады, сүзіндінің құрамына өтеді. Бұл химиялық қатынасты төмендегіше өрнектеуге болады:
(ТЖҚ) Са2++ КСl (ТЖҚ) 2К++СаСl2 сүзіндінің құрамында Са бар екендігіне сұйыққа бірнеше тамшы қымыздық қышқылы аммоний ерітіндісін қосқанда түзілетін ақ тұнба арқылы көз жеткізуге болады. Тәжірибе дәләлді болу үшін осы реакцияны сүзінді орнына тазаланған суды пайдаланып орындаңыздар.
Лабаротория №7-8 Топырақтың химиялық қасиеттері. Топырақты талдау барысында химиялық зерттеу жасаудың маңызы зор. Топырақтың химиялық ерекшеліктері, топырақтың өсімдіктің қоректенуіне қажетті элементтермен қамтамасыз етілуі , сол сияқты зиянды қосылыстардың бары немесе жоғы химиялық зерттеу жасау арқылы анықталады.
Топырақта әр түрлі геохимиялық және биохимиялық үрдістер жүреді. Бір жағынан қарағанда топырақ геологиялық дамудың нәтижесінде топырақ түзуші тау жыныстарындағы элементтерге мұрагерлік жасаса, екінші жағынан оны гипергенез факторларының ықпалымен жылдам ыдыратады.
Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының ыдырауы кезінде немесе органикалық заттардың минералдануымен бір мезетте топырақта күрделі органикалық заттар түзілу құбылысы - шірінді түзу жүреді. Шіріндінің химиялық құрамы, алғашқы шірінді түзілетін органикалық заттардың құрамынан күрделірек болады. Шіріндінің құрамында гумин және ульмин, фульво және амин қышқылдары т.б. кездеседі. Шірінді ыдыраған кезде көміртегі, нитраттар, фосфаттар т.б. бөлінеді. Шіріндінің құрамына 5%-ке дейін азот кіреді. Әр түрлі топырақтардағы шіріндінің мөлшері әр қилы болады. Мысалы, қара топырақта 8-12-15 % дейін, сұрғылт тоғай топырағында 3-5%, сұрғылт топырақтарда 1-3 %, құм топырақтарда 0,5% болады.
Топырақтың басты химиялық қасиеттерінің бірі - оның қышқылдығы. Топырақ қышқылының артуы өсімдіктің өсіп-өнуімен топырақтағы пайдалы бактериялардың өмір сүруін қиындатумен бірге ондағы пайдасыз(өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын) саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің дамуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі топырақтың физикалық және химиялық құрамының нашарлауына әкеп соғады. Топырақтың қышқылдығының экологиялық әсерін әр бір өсімдіктің белгілі бір рН мөлшерінде ғана жақсы дамитындығынан білеміз. Қышқылдық межесіне (рН) қарай топырақ төменгі топтарға бөлінеді.
1. Өте қышқыл топырақ - 4,5
2. Орташа қышқыл топырақ - 4,6-5,0
3. Сәл қышқыл топырақ - 5,1-5,5
4. Қышқылтым топырақ - 5,6-6,0
5. Бейтарап топырақ - 6,1-7,0
6. Сілтілі топырақ - 7,1-8,0
7. Өте сілтілі топырақ - 8,1
Топырақ қышқылдығы екі түрге ажыратылады: айқын және көмескі (потенциалды) қышқылдылық. Айқын қышқылдылық деп топырақ ерітіндісіндегі сутегі иондарының межесін айтады. Ол топырақтағы органикалық және минералдық қышқылдардың деңгейімен айқындалады. Ал көмескі қышқылдылық - топырақ бөлшектерінің тұздармен әсері кезінде пайда болатын қосылымдардың ерітіндіге қышқылдық қасиет беруімен ерекшеленеді. Топырақ қышқылдылығын, ондағы минералдық элементтердің мөлшерін аналитикалық химия тәсілдерін пайдалана отырып, топырақтың судағы ерітіндісін зерттеу арқылы анықтауға болады.